2-тапсырма. ҚР Конституциясының адам құқығы жайлы 26-бабынан алынған үзіндіні абзацтар мен бөліктерге бөліп, мәліметті жүйелеңдер. Оқылым мәтініндегі ойға логикалық түзетулер енгізіп, редакциялап жинақы мәтін құрап жазыңдар. 26-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
3-тапсырма. Сөйлемге сатылай кешенді талдау жасаңыз. ЭКСПО көрмесі ең алғаш 1851 жылы Лондон қаласында өтті әрі ең алғашқы телескоптар, ең жаңа тігін, тоқу станоктары, баспа машинкалары жаңалық ретінде осы көрмеде таныстырылды.
Айтылу сазы мен мазмұнына қарай: