Бағалы қағаздар – бұл пайыз немесе дивиденд түрінде табыс көзін төлеуді қарастыратын сол құнды қағазды шығарушы мен оның иесі арасындағы қарым-қатынастармен анықталатын қарыз құралдарын иемденумен байланысты қаржылық құжат. Осындай құжаттардың төңірегінде тұлғалар арасында ақшалай және ақшалай емес құқықтармен алмасу мүмкіндіктері жүріп отырады.
Макроэкономикада бағалы қағаздар нарығы екіге бөлінеді: Бірінші реттік нарық –жаңа құнды қағаздардың эмиссиясы жасалатын нарық және құнды қағазды шығарушы-эмитенттің атаулы бағамен сол құнды қағаздарды нарықтағы инвесторларға сатуын сипаттайтын қатынастар.