9-тақырып ақШАҒа сұраныс. АҚша нарығы мақсаты



бет19/20
Дата07.02.2022
өлшемі228,25 Kb.
#85008
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
107398412606 9 дәріс Ақша нарығы

Қорытынды



  1. Ақша – бұл абсолютті өтімділікке ие айырбас құралы. Ақшалар инфляциялық үрдістерді, циклдік толқуларды, экономиканың тепе-теңдікке жету механизмін, тауар және ақша нарықтарының тиімді жұмыс істеуін талдайтын аса маңызды макроэкономикалық категория ретінде саналады.

  2. Ақша мынадай қызметтерді атқарады: 1) құн өлшеу құралы ретінде – тауарлардың бағалар түріндегі құндарын өлшеу және салыстыру үшін қызмет атқарады; 2) айналым құралы немесе жалпылама айырбастау құралы ретінде – айырбас кезінде делдалдық қызмет атқарады; 3) жинақтау (құнды сақтау) құралы ретінде – болашақта сатып алушылық қабілетті қамтамасыз ету қызметін атқарады; 4) төлем құралы ретінде – несиелік төлемдерді қайтару үшін қызмет атқарады; 5) әлемдік ақшалар ретінде - әлемдік нарыққа қызмет көрсету үшін қолданылады.

  3. Ақшаның бағасы нарығында ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысының нәтижесінде қалыптасады. Ақшаға деген сұраныс (Мd) – тұрғындар мен фирмалардың берілген уақыт мезетінде белгілі бір төлем операцияларын жүргізу үшін нақты қаражаттар көлемін өз қолдарында ұстағысы келетінін білдіретін қалаулары; нарықтың ақша қаражаттарына деген жалпы қажеттіліктері.

  4. Ақша ұсынысы (MS) – бұл банктен тыс айналымдағы ақша көлемі. Ол қолма-қол ақшалар (С) мен экономикалық агенттердің талап еткенге дейінгі депозиттерінен (D) құралады немесе ақша ұсынысын М1 ақша агрегаты деп қарасыруға болады.

  5. Ақша нарығындағы тепе-теңдік – бұл ұсынылатын ақша көлемі және жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер қолдарында ұстағысы келетін ақша көлемінің теңесуі. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті Ұлттық банк реттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет