9-тақырып ақШАҒа сұраныс. АҚша нарығы мақсаты



бет12/20
Дата07.02.2022
өлшемі228,25 Kb.
#85008
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
107398412606 9 дәріс Ақша нарығы

N* = √iY/2F,

Мұнда, N* банкке барудың оңтайлы саны; Y – қажетті ақша сомасы; i – пайыз мөлшерлемесі; F – банкке барудың шығындарын ақшалай бағалау.


Олай болса, N саны кезіндегі қолға қажетті ақшаның орташа сомасы мынаған тең болады:


Y/2N*= √YF/2i.

Банкке барудың оңтайлы санын анықтау кезінде ақшаны өтімділік тұрғысынан сақтаудың жиынтық шығындарын ескеру қажет. Бұл шығындар баламалылықты сипаттайтын екі түрде көрініс табады:


а) алынбай қалған пайыз шамасы;
ә) банкке барудағы уақыттың шығынын ақшалай бағалау.
Банкке барумен байланысты жиынтық шығындар мына формуламен анықталады:


iY/(2N) + FN,

мұнда, iY/(2N) – алынбай қалған пайыз; N – банкке бару саны; F- банкке бару шығындары.


Экономикалық жағынан ұтымды субъект өзі үшін жиынтық шығындары минималды болып табылатын банкке барудың санын анықтайды.
ХХ ғасырдың 50-жылдары жасалған Баумоль-Тобин үлгісі ақшаға трансакциондық сұраныстың ерекше бір түрі болып табылады және ақшаға сұраныс теориясының аса дамыған үлгісі ретінде қарастыралады. Мысалы, егер индивид өзінің активтерін тек ақшалай нысанда ғана емес, сондай-ақ ақшалай емес (акция, облигация түріндегі) нысанда да сақтай алса, онда бұл үлгінің тәжірибелік қолданылу аясы кеңейе түседі.
Баумоль-Тобин үлгісі ақшаның айналым құралы ретіндегі қызметін ғана мойындайды. Осы үлгіге сәйкес ақшаға сұраныс табысқа тура тәуелділікте, ал пайыздық қойылымға кері тәуелділікте болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет