9-тақырып ақШАҒа сұраныс. АҚша нарығы мақсаты



бет11/20
Дата07.02.2022
өлшемі228,25 Kb.
#85008
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
107398412606 9 дәріс Ақша нарығы

Бірінші жағдай. 6.2-суретте индивидтің банкке 1 рет баруындағы жағдайы көрсетілген. Ол жылдың басында өзінің ақшасын (Y теңге) жинақ шотынан бір-ақ рет шешеді және оны жыл бойы жұмсайды. Жылдың басында оның ақшасы – Y теңге, жылдың соңында – 0 теңгеге тең, онда жыл бойындағы ақшаның орташа сомасы мынадай: Y/2.
Екінші жағдай. 6.3-суретте индивидтің жылына банкке 2 рет баруындағы жағдайы көрсетілген. Ол жылдың басында Y/2-ге тең ақша сомасын шоттан шешеді және оны жылдың бірінші жартысында жұмсайды, содан кейін сондай соманы тағы бір рет барып шешіп алады да оны жылдың екінші жартысында жұмсайды. Мұндай жағдайда, жыл бойындағы индивидтің қолындағы ақша сомасының мөлшері Y/2-ден 0-ге дейін өзгереді, ал орташа сомасы Y/4-ке тең болады.
Үшінші жағдай. 6.4-суретте индивидтің банкке N рет баруындағы жағдайы көрсетілген. Ол жылдың әр уақытында Y/N-ге тең ақша сомасын шоттан шешеді және оны жыл бойы 1/N кезеңдерде тең бөліктерге бөліп жұмсайды. Мұндай жағдайда, жыл бойындағы индивидтің қолындағы ақша сомасының мөлшері Y/N-нен 0-ге дейін өзгереді, ал орташа сомасы Y/2N-ге тең болады.





6.2-сурет. Банкке 1 рет бару кезіндегі индивидтің қолындағы ақша сомасы



6.3-сурет. Банкке 2 рет бару кезіндегі индивидтің қолындағы ақша сомасы

6.4-сурет. Банкке N рет бару кезіндегі индивидтің қолындағы ақша сомасы
6.2-6.4-суреттерінен көріп отырғанымыздай, жыл бойындағы индивидтің қолындағы ақша сомасының орташа жылдық шамасы оның банкке бару санына тәуелді болады. Банкке барудың оңтайлы саны (N*) мына формуламен анықталады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет