Ms = cr + 1 / cr + rr × MB, Ms = m × MB.
Осыған байланысты, ақша ұсынысына мультипликативті түрде әсер ете алу қасиетіне ие ақша базасын тиімділігі жоғары ақшалар деп атайды.
Сонымен, елдегі ақша көлемі мына жағдайларда өседі, егер:
Ақша нарығындағы тепе-теңдік – бұл ұсынылатын ақша келетін ақша көлемінің теңесуі. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті Ұлттық банк реттейді.
Ақша ұсынысының қисығы (Мs) тік сызық түрінде болады. Бұл жерде Ұлттықбанк ақша ұсынысын бақылау мақсатында пайыздың өзгерісіне қарамастан, оның көлемін тұрақты деңгейде сақтауға тырысады (6.5-сурет).
Ақша нарығындағы тепе-теңдік А нүктесінде R0M0 деңгейінде орнайды. Пайыз төмендегенде облигациялардың құны төмендейді, ал ақшаға сұраныс өседі. Бұл жағдайда экономикалық агенттер құнды қағаздарын сата бастайды, нәтижесінде облигацияларға сұраныс төмендейді. Ол өз кезегінде пайыз мөлшерлемесінің өсуіне әкеледі. Сөйтіп, қайтадан тепе-теңдік орнайды.
6.5-сурет. Ақша нарығындағы тепе-теңдік
Табыс өскенде ақшаға сұраныс өседі және ақшаға сұраныс қисығы оңға-жоғарыға жылжиды (6.6 -сурет).
6.6-сурет. Ақшаға сұраныс қисығының жылжуы
Ұлттық банк ұсынысын қысқартқан жағдайда ақша ұсынысының қисығы солға жылжиды, пайыз мөлшерлемесі өседі (6.7-сурет)
6.7-сурет. Ақшаға ұсынысы қисығының жылжуы
Ақша нарығындағы тепе-теңдіктің ұзақ уақыт сақталуы бағалы қағаздар нарығы жақсы дамыған жағдайда ғана мүмкін болады.
Енді бағалы қағаздар нарығына тіршама тоқталып өтсек. Макроэкономикада бағалы қағаздар нарығын әдетте, облигациялар нарығы деп атайды. Бағалы қағаздар нарығы – бұл құнды қағаздар (облигациялар) айналымы арқылы қаржы ресурстарына деген ұзақ мерзімдік қажеттіліктерді қанағаттандыратын және жинақ ақшаларды инвестицияларға айналдыратын қаржы нарығының құрамдас бір бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |