9-тақырып. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата26.03.2022
өлшемі0,95 Mb.
#136914
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-Лекция

Қобыланды батыр
- қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық 
дастандарының бірі. Жыр көп замандар бойы өмір сүріп, ірі- ірі эпос 
айтушыларының қолынан өткен. Қобыланды жырының 29 нұсқасы бар, 
«Қобыланды батыр» жырын Марабай жырау, Мергенбай, Біржан 
Жасымбаев, А.Айтабанов, К.Еламанов, Сыр бойындағы белгілі айтушысы 
Тұяқбайлар жырлаған. Айтушылардың осыншама көп болуы жыр 
сюжетінің халыққа кең тарағандығын көрсетеді.«Қобыланды батыр» 
жырының 29 нұсқасы бар. «Қобыланды батыр» жырынан үзінді: 
Кешегі өткен заманда, 
Дін -мұсылман аманда,
Қарақыпшақ Қобыланды,
Атасы мұның Тоқтарбай
Халықтан асқан болды бай.
Байлығында есеп жоқ,
Айдалып бағып жайылды,


Төрт түлік малдың бәрі сай....... 
Елуге жасы келгенде,
Көзімді ашпай дүниеден 
Өтемін бе дегенде, 
Сонда көрген арыстан. 
Бір ұл, бір қыз атадан,
Қыздың аты – Қарлығаш,
Қобыландыға қарындас.
Алты жасқа келгенде,
Арыстан туған Қобыланды – 
Қазынадан қамқа киеді, 
Өзімнің еншім болсын деп,
Тобылғы меңді торы атты 
Енші қылып мінеді.
Қобыландының тілегін 
Бүкіл Қыпшақ тіледі....деп батырдың өмірге келген күніне бастап, жасаған 
қайсар ерліктері мен асқан батырлық кезеңдері жырда өте көркем беріледі.
Сондай-ақ қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа 
қарсы 
Исатай Тайманов
бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастыру-
шылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Махамбет - халықты 
патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы 
қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, 
Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған 
көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген 
өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» 
өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты.Махамбет 
шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар 
қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік 
әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді.
Маханбет ақынның өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы 
Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. 
өлеңдерінде 
Исатайдың 
адамгершілігі, 
азаматтығы, 
батырлығы, 
қайсарлығы сипатталады. Маханбет «Исатай құр ғана әдеби қаһарман 
емес, тарихи адам», деген көзқарасты айта отырып: 
Халқымның көрген қорлығы, 
Хандардың еткен зорлығы.
Ақ жүректі тебірентіп, 
Ер көңілін желдентіп
Ақ сүйектің баласын 
Қара ұлына теңгеріп, 
Қоңыраулы найза өңгердім, - деп келетін жолдарынан халқының азаттығы 
үшін көтеріліс туын ұстап хан-сұлтандарға қарсы шыққан Исатайдың 
бейнесін көреміз. Маханбет батыр қазақтың қайсар ұлы Исатай батырды 


өте асқан шеберлікпен өз өлеңдерінде көрсете білді. Өлең жолдарынан 
Исатайдың сыртқы портретіне мінезі мен ақылы сай, басқалардан 
анағұрлым ілгері адам етіліп суреттелумен қатар, осы үзіндінің өзінде 
ақынның Исатайға жүрегін жарып шыққан жылылықтың лебі де бетке 
үргендей сезіледі.Махамбет Исатайдың шынайы бейнесін сөзбен, жырмен 
суреттеп шығып, тарихи тұлғаны халыққа өткір тілмен жеткізіп 
берген. Махамбет қай кезде, қандай жағдайда болсын, Исатай жөнінде өз 
пікірін үлкен ізетпен айтады. Ол әрдайым Исатайға зор құрмет көрсеткен 
адам. Махамбет өлеңдерінде өзі туралы сөйлегенде: «Исатай деген ағам 
бар, ақ кіреуке жағам бар», – деп өзін мейлінше кішіпейілді, көп қосынның 
бірі есебінде санайды. Яғни, көтерілісті басқаруда да Исатаймен бірдей 
бола тұра, Махамбет Исатайдың қасында өзін кіші санайды. Исатайды 
ардақтап, төбесіне көтереді, Исатайдың өліміне қайғырып, оны 
жоқтағанда, Махамбеттің аузындағы отты сөздері арқылы оның қатты 
қайғырғанын көреміз. Мысалы, жырда: 
Таудан мұнартып ұшқан тарланым,
Саған ұсынсым қолым жетер ме, Арызым айтсам өтер ме? 
Арыстаным көп болды-ау Саған да менің арманым! Кермиығым кербезім! 
Керіскідей шандозым. Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім! Қырмызыдай ажарлым! 
Хиуадай базарлым! Теңіздей терең ақылдым» Тебіренбес ауыр мінездім! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет