9-тақырып. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата26.03.2022
өлшемі0,95 Mb.
#136914
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-Лекция

Қазақтың қос батырларына Атырау және Орал қалаларында арналып 
жасалған ескерткіштер.
Махамбет өлеңдері - тарихта болған оқиғалардың көркем кестесі, ер 
намысы, ел рухы! Сондықтан да Махамбеттің керемет дарыны мен 
ереуілді ерлігін айырып айту қиын. Қалам мен найза – ақын Махамбет пен 
батыр Махамбеттің қос қаруы. Осыған байланысты да ақын өлеңдерінің 
ерлік сипаты күшті болып отыр. 
Махамбет Өтемісұлының құдіретті дарын иесі екендігі оның сыршыл да 
шыншыл, өткір өлеңдері мен дауылпаз күйлерінен көрініс тапқан. Бұл 
шығармалардың көркемдік мәні өте бай, сондықтан да тәрбиелік қуаты 
шексіз.ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің абыройын биіктетіп, өзіндік үлкен 


үлесін қосқан Махамбет Өтемісұлының шығармашылығында Исатай 
есімінің, Исатай ерлігінің алатын орны ерекше. 
9.2.
XV-XVIII ғғ. қазақ мәдениеті яғни ақын-жырау, би-шешендер 
шығармалары.
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді: 
1. Жыраулар кезеңі (XV-XVIII ғасырдың бірінші жартысы. 
2. Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы -XIXғас. бірінші 
жартысы). 
3. Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы –ХХ ғас. басы). 
Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері – Қазтуған, Асан қайғы (XV 
ғасыр), Доспамбет 
жырау (XV 
ғасыр), Шалкиіз 
жырау (1465-
1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XV ғасыр), Ақтамберді 
жырау (1675-1768 жж), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр) Үмбетей жырау (1706-
1778 жж), Бұқар жырау (1693-1787 жж), Шал ақын (1748-1778жж) Жанақ 
ақын (1770-1856 жж) т.б. жатады.
Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі
жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің 
іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік 
табиғатымен тікелей байланысты. 
Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі 
Қазтуған жырау
артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери 
тұрмысқа 
қатысты 
сан 
алуан 
жырдан 
құралған 
мол 
мұра 
қалдырды. Қазтуған Сүйінішұлының поэзиясы номадтық жауынгерлердің 
санасын, танымын көрсетеді, оның болмыс, тіршілік, өзін қоршаған, 
шырышы 
бұзылмаған 
табиғат 
туралы 
түсінігінен 
елес 
береді. Жырау киялының ұшқырлығы, кендігі, суреттеу тәсілдерінің 
байлығы мен өсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары 
дәрежеде әрі езіндік сипатқа толы болғанын танытады.Ұлттық бояуы 
ашық, ершіл романтикаға суарылған толғаныстары көркем тіркестерге өте 
бай Қазтуған Сүйінішұлы жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ 
ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Қазтуған Сүйінішұлының Мадақ 
жыры, Туған жермен қоштасу тәрізді шығармалары қазақтың көне 
поэзиясының таңдаулы нұсқаларының қатарына жатады. 
Сыпыра жырау
- XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі 
тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының 
негізін салушылардың бірі. 
Сыпыра жырау ел қамын жеген дана қария кейпінде қазақтың ескі 
батырлар жырының бірталайында бой көрсетті. Мысалы, Ер Тарғында 
Сыпыра жырау туралы: Бұл өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды 
түзеткен кісі еді делінеді. "Телағыс" жырында Сыпыра жырау ноғайлы 
ішінде шыққан өзара қырқысты өршітпей, жеке басының беделімен, 
жырының күшімен жауласушы жақтарды бітістіреді. Ал Едіге жырында 
ол жүз сексенге келген жұрт қамқоры, халықтың ақылшысы.Көптеген 


эпостық жырларда Сыпыра жырау айтыпты деген әр түрлі мазмұндағы 
толғаулар ұшырасады.
Шалкиіз 
жырау
қазақ 
жыраулық поэзиясының атасы 
саналады. 
Шалкиіздің Темір биге арналған Жапырағы жасыл жаутерек, Ер Шобан, 
т.б. толғау-жырлары бар. 
Айырдан туған жампоз бар,- 
Жүгін нарға салғысыз. 
Арғымақтан туған будан бар,- 
Күнінде көрінім жерді алғысыз. 
Жаманнан туған жақсы бар,- 
Адам айтса нанғысыз. 
Жақсыдан туған жаман бар,- 
Күндердің күні болғанда 
Бір аяқ асқа алғысыз.... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет