9-тақырып. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата26.03.2022
өлшемі0,95 Mb.
#136914
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-Лекция

Доспамбет жырау
көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі,
жорық жыршысы. Кеңес өкіметі тұсында Алдаспан антологиясында 
(1971 жылы) оның табылған шығармалары толық жарияланды ("Қалаға 
қабылан жаулар тигей ме", "Қоғалы көлдер, құм, сулар", "Айнала бұлақ 
басы тең..." т.б.). Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, 
көркемдеу әдістерінің көнелігіне қарамастан, көңілге әсер етерлік терең, 
тілі мағыналы болып келеді. 
Бұқар жырау Қалқаманұлы
(1684-1781) қазақтың ұлы жырауы, XVIIIғас. 
жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі 
ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.Бұқар Жырау қазақ 
халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде 
тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз 
жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға 
дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, 
бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум. мәнді жыр-
толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта 
ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін 
сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Бұқар жырау 
Абылай ханды “әділдігі Наушаруандай, жомарттығы Хатымдайдай” деп 
бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де жоғары 
бағалай келіп, оның байлық-салтанатын “қырық мың атан тарта алмас” деп 
сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен тығыз 
байланыста алып қарастырады: 
“Қырық жасқа келгенде, 
Алтынды тонның жеңі едің.
Қырық беске келгенде,
Жақсы-жаман демедің. 
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының, атының басын бір кезеңге тіредің!”. 


Бұқар Жырау шығармаларында замандар бойы мысқалдап жиналып, ақыл-
ой таразысынан өткізілген өмір тәжірибесінің, ұлттық тарихи санасының 
даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспетті нақыл-
ғибрат сөздер мол. Әсіресе, белгілі бір құбылыстарды, заттар мен 
нәрселерді тізбелеп, салыстырып айтатын “Қара құлаш жүйрік деп”, 
“Ежелгі дос жау болмас”, “Бағаналы орда, басты орда”, “Жар басына 
қонбаңыз”, “Көкте бұлт сөгілсе”, “Алыстан қызыл көрінсе”,“Биік тауға 
жарасар” секілді термелерінде неше алуан мақал-мәтелдер мен нақыл 
сөздерді келтіруге болады.Бұқар Жырау Абылай ханның “бәйгелі жерде 
бақ болған” әйгілі батырларын “өзіңе тұғыр болған төрт тірек” деп 
лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-
арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды.
 
Бұқар жырау өмірінің ең жауапты кезі Абылай ханның бас кеңесшісі 
болған кез. Бұл бір киын, «Ақтабан шұбырынды», ел басына күн туған, 
елдің елдігі сыналатын кезең еді. Осынау ел тағдыры шешілер ауыр 
кезеңде жырау ханға дұрыс бағыт беріп, даналықтың, үлкен сұңғыла-
сәуегейліктің үлгісін көрсеткен.Бұкар жырау шындықты бетке айтатын 
батылдығымен де дараланады. Бірде Абылай көршілес орыс еліне қарсы 
жорық ашпақ болғанда, Бұқар жырау оның немен тынатынын болжап, 
халық үшін қатерлі жаугершілік жолынан сақтап қалады. 
Абылайдың асып-тасқанын, жөнсіздігін көргенде, оның хан болып туа 
қалмағанын есіне салатын: 
Ей, Абылай, Абылай! 
Сені мен көргенде, 
Тұрымтайдай үл едің, 
Түркістанда жүр едің. 
Әбілмәмбет патшаға 
Қызметші болып тұр едің — 
Қалтақтап жүріп күнелтіп, 
Үйсін, Төле билердің 
Түйесін баққан құл едін... 
Бұқар жырау орыс отаршылдарының қазақтың шұрайлы қоныс, шүйгінді 
жерлерін біртіндеп басып алып, сол жерлерге бекіністер сала бастағанын 
көргенде, олардың бұзық пиғылдарын жұрттан бұрын сезіп, содан 
сақтануға шақырған.Бұқар жыраудың Абылай ханға арналған толғауында 
Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т.б. батырлардың есімдері аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет