9 тақырып. Оқушы білім-білігі, дағдысын тексерудің жолдары. Дәрістің мақсаты


Оқушының оқу жетістіктерін бағалау сипаттамасы



бет2/5
Дата27.10.2023
өлшемі27,84 Kb.
#188630
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекция-1663265446958

Оқушының оқу жетістіктерін бағалау сипаттамасы
1 Нәтижеге бағдарланған білім беруді енгізу жағдайында білім беру үдерісі оған қатысушылар арасындағы субъект-субъект негізіндегі қатынас негізінде жүзеге асады. Білім алушы оқу-тәрбие үдерісіндегі субъект ретінде оқуда белгілі бір табыстарға жету үшін өз іс-әрекеттерін мақсатты ұйымдастырады. Білім алушы жетістіктері МЖМББС-да белгіленген күтілетін нәтижелер жүйесі түріндегі оқу іс-әрекеттері түрлерін игеру сапасын бағалау жолымен анықталады.
2 Күтілетін нәтижелер орындалуы пәндік білім, білік және дағдыларды пәндік, түйінді және базалық құзырлықтардың құрамды компоненттерін белгілі бір контексте интгерациялауды көздейтін оқу іс-әрекеттерінің әр түрлерінің сипаттамасы болып табылады.
3 Бағалауға білім алушылардың пәндік білім, білік және дағдыларын және адамгершілік нормалары, бағдарлары, жалпы адами және ұлттық құндылықтар тұрғысындағы іс-әрекет тәсілдерін (құзырылықтар) меңгеру бойынша олардың жетістіктерін көрсететін нақты нәтижелер бағалана алады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерінің нақты көрінісі:
- оқу-танымдық іс-әрекеттерді жалғастыруға және микроәлеуметтің (отбасылар, мектептер, жастар қауымдастығы) тіршілік қарекетіне ұтымды түрде араласуға әрбір оқушының өзінің даярлық дәрежесін сезінуіне;

    • әр мұғалімге кемішіліктердің себептерін анықтау үшін және кейінгі жұмыстарды жоспарлау үшін білім алушылардың нақты нәтижелерін жоспарланған күтілетін нәтижелермен салыстыруға мүмкіндік жасайды.

4 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы балдық және рейтингілік тұрғыда бағалауға негізделген бағалаудың балдық-жинақтау жүйесі болып табылады.
5 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-жинақтау жүйесі:

    • білім алушылардың нақты нәтижелерін сүзгіден өткізу үшін білім, білік, дағдыларды (ББД) және олардың оқу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру деңгейлерін саралауды;

    • бағалаудың критерийлік-бағдарланған шкаласын жасауды;

- бағалаудың объективтілігін қамтамсыз етуді;
- өз жетістіктерін өздері бағалаулары үшін білім алушыларға мүмкіндік жасауды;
- оқуда табысқа жетуге ынталандыра түсудің негізі ретінде балдар жинақтаудағы ашықтылықты қамтамасыз етуді;
6 Нақты оқу үдерісінде оқыту нәтижелерін саралау оқу іс-әрекетінің:

- 3-деңгей – шығармашылық деп аталатын үш деңгейі аясындағы оқу материалын меңгерудің 4 деңгейіне (білу, түсіну, қолдану, білік) сәйкес жүзеге е асырылады.
7 Критерийлік-бағдарланған шкала нақты оқу үдерісі аясында білім, білік және құзырлықтарды берілген деңгейіне қаншалықты қол жеткізгендігін анықтауға мүмкіндік беретін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы болып табылады. Сонымен бірге бал арқылы ұсынылған баға түрінде сандық сипаттама беру арқылы МЖМББС анықталған күтілетін нәтижелерге жетудегі білім алушылардың қадамдары кезеңдері ретінде, олар қол жеткізген аралық нәтижелерінің сапасы туралы қорытынды жасалады.
8 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігіне білім берудің белгілі бір деңгейіндегі білім беру стандарты аясындағы әрбір пәнді оқытуда орындалатын олардың оқу іс-әректінің барлық түрінен алған ұпайларын жинау арқылы қол жеткізіледі.
Бағаның объективтілігі білім алушылардың білімін және олардың іс-әрекеттерінің процессуалдық жақтарын сипаттайтын сәйкес критерийлердің тағайындалуымен, сондай-ақ бағалаудың бірыңғай ережелерінің сақталуымен қамтамасыз етіледі.
9 Бағалаудың міндетті шарты - алда тұрған жұмыстарды прогностикалық өзіндік бағалауды орындалған жұмыстарды рефлексивтік өзіндік бағалауды салыстыру, өзін-өзі тексеру мен бақылау, өзінің іс-әрекеттерін сыни тұрғыда бағалау, қателерді айқындау және оларды жоюдың жолдарын табу, сондай-ақ бағалау критерийлерін анықтай алу болып табылатын білім алушылардың өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін алдын-ала өзіндік бағалауы.
10 Балл жинау оқу жетістіктерін бағалауды даралауды жүзеге асыруға, белгілі бір уақыт аралығында жинақталған балдардың қосындысында көрініс табатын және оқушының оқу портфолиосы формасы түрінде жүзеге асырылатын білім, білік және дағдыларын мүмкіндіктеріне, қалауларына және қабілеттеріне қарай тереңдетуге және кеңейтуге және оның өзінің дамуының жеке траекториясын өз бетінше таңдауына мүмкіндік жасайды.
Нәтижесінде білім алушылардың өздері, олардың ата-аналары және мұғалімдер әрбір оқушының белгілі бір уақыт аралығындағы (тоқсандық, жылдық және т.б.) жетістігін салыстара отырып, оның жеке даму динамикасын тұрақты қадағалауға мүмкіндік алады.
11. Бағалаудың жариялығы білім алушылар және ата-аналар арасындағы, білім алушылар және мұғалімдер арасындағы, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы психологиялық сипаттағы көптеген проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
12 Бастауыш мектептің 1-сыныптарында білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелерінің сандық формасы ретіндегі баға болмайтын бағасыз оқыту жүзеге асырылады. Бағасыз оқыту барысында бақылау және бағалау білім алушының пәндер бойынша білім, білік және дағдыларды меңгерудеңгейі мен оның даму деңгейімен анықталатын оқыту үдерісінің сапалық нәтижесін бейнелейтін мазмұндық-бағалық негізде құрылады.
13 Жалпы білім беретін мектептің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады:
0 бал – қанағаттанарлықсыз
1–2 бал – қанағаттанарлықтан төмен
3 бал – қанағаттанарлық
4 бал – қанағаттанарлықтан жоғары
5 бал – жеткілікті жақсы
6 бал – жақсы
7 ұпай – өте жақсы
8 ұпай – үздікке жақын
9 ұпай – үздік
10 бал – өте үздік
14 Білім алушының іс-әрекетінің барлық түрін бағалау оқушының алған балдарын қосу әдісімен жүргізіледі.
15 Әрбір оқу пәні бойынша жоғары бал білім алушының белгілі бір оқу кезеңінде іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындағанда, сонда й-ақ білім алушылардың іс-әренкеттерін бақылаудың ағымдық, аралық, қорытынды формаларында алған балдарын қосу арқылы анықталады.
16 Оқытудың әр кезеңінің сонында оқушының өзі (өзіндік бақылау) не мұғалімнің өзі жиналған балдың санына қорытынды есеп жүргізеді. Өзіндік бақылауда іс-әрекеттің барлық түрлерінің нәтижелерін әр оқушы белгілейді, мысалы, оқыту күнделігі және т.б. болуы мүмкін.
17 Мұғалім оқушының өзіндік бақылау дағдыларының дамуына мүмкіндік жасайды. Оқушы өз оқу іс-әрекетін объективті бағалауы әрбір оқу пәні аясында балдарды бағалаушылық талдаудың мазмұнын түсінгенде ғана жүзеге асады.
18 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі оларды оқыту және тәрбиелеуде нақты алған нәтижелерді қадағалауды және оларды ары қарай жетілдіруді жоспарлауды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет