9 тақырып. Оқушы білім-білігі, дағдысын тексерудің жолдары. Дәрістің мақсаты


Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау механизмі



бет5/5
Дата27.10.2023
өлшемі27,84 Kb.
#188630
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекция-1663265446958

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау механизмі

  1. Әрбір пән бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда оқу іс-әрекетінің белгілі бір деңгейіне сәйкес белгіленген ауқымда баға қойылады.

  2. Нақты оқу пәнін оқыту ерекшелегіне сәйкес білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесін бағалау үшін бақылаудың ауызша, жазбаша дәстүрлі түрлері мен формалары, сондай-ақ тестілер және тағы басқа бақылаудың интерактивті түрлері қолданылуы мүмкін.

Әрбір білім саласы бойынша немесе жеке пән бойынша оқыту нәтижелерінің нақты көрсеткіштері (критерийлері) жасалады.

  1. Сабақ сайын білім алушыларды оқыту нәтижелерін бағалау оқу іс-әрекетінің деңгейіне сәйкес белгіленген баға ауқымы аясында бір сабақ аумағында жинақталған балдардың орташа арифметикалық мәнін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Орташа арифметикалық мәнді анықтау үшін оқу іс-әрекеті деңгейлеріне (репродуктивті, продуктивті) сәйкес әртүрлі тапсырмаларды орындағанда оқушының алған балдары пайдаланылады.

  2. Кезендік бағалау қандайда бір бөлімді оқып үйренгеннен кейін, сондай-ақ жартыжылдықтың және оқу жылының соңында бақылау жұмыстарын өткізу арқылы жүзеге асады.

  3. Білім алушылардың оқу жетістіктерін тақырыптық, жалпы, қорытынды бақылауда бағалау үшін мұғалім олардың оқу іс-әрекеттерінің барлық деңгейлерін (репродуктивті, продуктивті, шығармашылық) ескереді.

  4. Тоқсандық баға тақырыптық бақылау («қиықтар», бақылаулар немесе сарамандық жұмыстар) балдарының және оқушының тоқсан ішінде ағымдағы әр сабақта бағалауда жинаған барлық балдарының орташа арифметикалық мәндерінің қосындысы ретінде есептеледі.

  5. Оқу жылы үшін пән бойынша балмен қойылған баға дәл жоғарыда көрсетілгендей: білім алушылардың әр тоқсандағы оқыту нәтижелері бойынша алған орташа балдарының және әрбір шығармашылық тапсырмаларды (жобалау жұмыстары немесе шығармашылық сипаттағы есептер) орындағаны үшін алған балдарының қосу арқылы анықталады.

  6. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мониторингі білім беруден күтілетін нәтижелерге қатысты әрбір екіжылдық оқыту циклдары (2, 4, 6, 8, 10, 12 сыныптардан соң) соңында өткізіледі.

  7. Білім алушылардың жеке білім жетістіктері құжаттық тұрғыда рөсімделіп, портфолиода жинақталады.

  8. Негізгі орта білім беру жөніндегі куәлікте және жалпы орта білім туралы аттестатта оқу пәні бойынша баға сәйкес бағалау талқыламасымен бал түрінде қойылады.

11 Жалпы орта білім туралы аттестатта нақты пән бойынша бағалардың арифметикалық ортасы болып табылатын қорытынды баға сәйкес талқыламасымен қойылады.
Қорыта келе, жоғары оқу орындарына түсуге абитуриенттерді іріктеу байқауын өткізу кезінде ҰБТ қорытынды нәтижелерінен басқа, жалпы орта білім туралы аттестаттағы барлық пәндерден алған бал түріндегі межелік бағалар, сондай-ақ, портфолиода жинақталған нәтижелер ескеріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет