9-зертханалық жұмыс. Тізімдер Ақиқат па, әлде жалған ба


Халық сандары туралы мәліметтер



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата04.11.2023
өлшемі238,7 Kb.
#189299
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9-зертханалық жұмыс. Тізімдер

Халық сандары туралы мәліметтер
. 7-тараудың бастапқы кодтарының ішкі "Прог-
раммалау есептерін шығару" data бумасынан USPopulation.txt файлын тауып алыңыз. Бұл 
файлда 1950 жылдан 1990 жылға дейінгі АҚШ халқының орташа жылдық санының 
мыңдық өлшеммен берілген деректері бар. Файлдағы бірінші жол 1950 жылғы халық 
санын, екінші жол 1951 жылғы халық санын, т.с.с. мәліметтерді қамтиды. Программа 
төменде көрсетілген деректерді анықтауы тиіс:
• көрсетілген уақыт кезеңдері ішіндегі халық санының орташа жылдық өзгерісі; 
• көрсетілген уақыт кезеңдері ішінде халық санының барынша көп өскен жылы; 
• көрсетілген уақыт кезеңдері ішінде халық санының ең аз өскен жылы.
10. 
Әлемдік серия чемпиондары
. 7-тараудың бастапқы кодтарының ішкі "Программалау 
есептерін шығару" data бумасынан WorldSeriesWinners.txt файлын тауып алыңыз. Бұл 
файлда 1903-2009 жылдар аралығында бейсбол бойынша әлемдік сериядағы жеңімпаз 
командалардың хронологиялық тізімі бар. (Файлдағы бірінші жол 1903 жылы жеңіске 
жеткен команданың аты, ал соңғы жол 2009 жылы жеңіске жеткен команданың аты 
болып табылады. Әлемдік серия 1904 және 1994 жылдары өткізілмегеніне назар 
салыңыздар). 
Пайдаланушыға команда атын енгізуге мүмкіндік беретін программа жазыңыз да, содан 
кейін сол команданың көрсетілген 1903-2009 жылдар аралығындағы уақыт кезеңі ішінде 
әлемдік серияда жеңіске жеткен жылдар санын шығарады.
Кеңес:
WorldSeriesWinners.txt файлындағы мәліметтерді тізімге оқыңыз. Пайдаланушы 
команда атын енгізген соң, программа тізімді бастан аяқ қарастырып, таңдалған команда 
неше рет бірінші орын алғанын есептеп шығуы керек.
11. 
Ло Шудың сиқырлы
шаршысы
. Ло Шудың сиқырлы шаршысы (квадраты) 3 жолдан 
және 3 бағанадан (7.18 сурет) тұратын кесте екені белгілі. Оның мынадай қасиеттері бар:
• кестеде тек 1 мен 9 арасындағы сандар болады;
• әрбір жолдың, әрбір бағананың және әрбір диагоналдың қосындылары бір санға ғана 
тең болады (7.19 сурет). Сиқырлы шаршыны программада екі өлшемді тізімнің көме-
гімен бейнелеуге болады. Екі өлшемді тізімді аргумент ретінде қабылдайтын және бұл 
тізімнің Ло Шу сиқырлы шаршысы болып табылмайтынын анықтайтын функция жазы-
ңыз. Программадағы функцияны тест арқылы тексеріп шығыңыз.
7.18 сурет. Ло Шудың сиқырлы шаршысы 7.19 сурет. Жолдар, бағаналар және диагоналдар
қосындысы
12. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет