Сабақтың мақсаты: Футболдағы жаттығудың жүйелілігі Сабақтың міндеті: Сауықтыру. Тәрбиелеу. Білім беру



бет1/4
Дата27.02.2022
өлшемі32,73 Kb.
#133568
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 3,4


3-ші және 4-ші ДӘРІС
Тақырыбы: Таңдап алған спорт түрі бойынша жаттықтыруды жоспарлау (футбол).
Сабақтың мақсаты: Футболдағы жаттығудың жүйелілігі
Сабақтың міндеті:
1. Сауықтыру.
2. Тәрбиелеу.
3. Білім беру
Жоспар:
1.Жаттығу жоспары
2.Жаттығудың жүйелілігі.
3.Жаттығудың жүктемесі.


1. Жаттығу жоспары
Жаттықтырушы әр жаттығу сабағының оның қалай жылжитынына, өзінің шәкірттеріне қандай жаттығу ұсынатынына дайындалуы керек. Сабақты жоспарлай отырып, жаттықтырушы әр жаттығуды неге қол жеткізгісі келетінінен, қандай қателіктерді жою жұмыстарын жүргізуден, команда өзінің шеберліктерін шыңдау үшін қандай өткелден өту керек екендігінен бастауы керек. Әр ойыншы мен команданың мәселесі (проблемасы) негізінен кезекті ойындарда шығады, сонымен бірге жаттықтырушыға келесі жаттығу сабағының сипатын сездіреді.
Ауа райы, алаңның жағдайы, команданың физикалық дайындығы ойынның маусым бойы жаттығу орыны – осы факторлардың барлығын жаттықтырушы өз жоспарында ескеруі қажет. Мысалы үшін суық күнде ол жаттығу кезінде ұзақ территориялық түсіндірмеуі керек, өйткені қызып тұрған ойыншылар салқындап қалады, “қиын”, лай алаңда баспен ұру сияқты арнайы жаттығуды тоқтатуы керек, ыстық күнде жаттықтырушы футболшыларды әлсіретіп шамасын келтірмей қоятын жаттығуды орындауды талап етпеу керек.
Егер жаттықтырушы әр жаттығу сабағына дайындалмаса, оның жұмысы жүйесіз сипат алады. Бұндай жағдайда ол жеке ойыншының немесе команданың толық шеберлігін көтеруді ойламауы қажет; оның бар ынтасы жәй әшейін команданың арасында келгені болып есептеледі, ол әлбетте сәтсіздікке әкеліп соғады және оның футболшылар арасында әбүйірін түсіреді.
Ары таза, алдына мақсат қойған жаттықтырушы тек алдындағы жаттығу сабағына дайындалумен шектелмеуі керек. Ол өзінің жоспарын ұзақ уақытта құрады немесе одан да көп, барлық жаттығу жетістіктерін мақсат етіп қойып, өзіне-өзі алдына тапсырма қояды. Осы жоспарларды басшылыққа ала отырып, ол салмақты методикалық әдіспен ұлғайтады, жәй салмақтан қиынына қарай өткізеді. Ойыншылардың техникалық және тактикалық дайындықтарындағы жетіспеушіліктерін жоя отырып, сонымен бірге команданың ойын деңгейін көтеру негізінде жаттықтыру сабағын құруы қажет.
Мысал келтіреміз, команда ойын кезінде қапталда жаман ойнайды. Қапталдағы шабуылшыларға қапталдан соққы беруді үйренуге үш сабақ арнаңыз. Алғашында допты жәй алып жүруі, сосын тез қарқында, сосын допты қабылдап оны алып жүру, сосын допты қабылдап тез қайтып беріп алаң шетімен қатты жүгіру, ең соңында допты бір жанасумен беру және ауалатып беру.
Қақпаға соққы беру үшін қапталдағы шабуылшыларды орталық шабуылшы және оң немесе сол жартылай қорғаушылар күтеді. Тиісінше оң немесе сол жартылайқорғаушылар соққыға қапталдағы шабуылшыларды шығарады. Қапталдағы шабуылшылар сенімді болған кезде, салмақтың бәрі орта шептегі ойыншыларға түседі, олар қапталдағылармен бір ойында сосын қимылмен ойынды түрлендіреді, соңғы элемент допты ентелей жүгіруімен қапталдағы шабуылшыға беру. Одан бұл комбинацияға бір, сосын екі қарсыластың қорғаушылары кіріседі, бұны шабуылдаушы жағы алдап өтіп қапталдағы комбинацияны бітіруі керек.
Жаттықтырушы методикалық әдіспен жаттығуды қиындатады: шабуылшы қорғаныс шебінің ойыншыларымен нақты мақсатпен жекпе-жекке шығады – кем дегенде әр үшінші ойналған доп қапталдағы шабуылшыға тиуі керек; немесе мысалыға, доп ұзақ көлденең тебілуімен қарсы қапталға жетуі керек; немесе қақпаның алынуы қапталдағылардың алға тартылуымен орныдалуы керек т.с.с.
Осылай қапталдағы шабуылшыларды қосып үйретілген комбинациялар жайлап ойыншылардың тактикалық ой-өрісін жетілдіреді, жарыс езінде қапталды ылғи пайдалануды әдетке айналдырады.
Әрине, осындай методикалық мысалдардың түрлерін нақты пайдаланудың жаттығулары жаттықтырушылардан терең ойлануды талап етеді. Өзінің бір айлық жоспарынан бастап, жаттықтырушы өзінің алға қойған мақсаты, ойында қапталдағы шабуылшыларды нәтижелі пайдалану мүмкіндігіне ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет