Нəруыздардың қасиеттері.
Денатурация – нәруыз молекуласының табиғи құрылымының өзгеруі.
Денатурация факторлары: сусыздану, рН ортаның өзгеруі,температура, сәулелену, атмосфералық қысымның өзгеруі, ауыр металл тұздарының әсері, органикалық еріткіштердің әсері.
Ренатурация – нәруыз құрылымының қалпына келуі, бұл молекуланың бірінші реттік құрылымы бұзылмаған кезде және ортаның қалыпты жағдайы қалпына келген кезде жүзеге асады.
Лигандалар – нәруыз құрылымына әсер етеді: үшіншілік құрылымды өзгертеді және тұрақтандырады. Глобулаларды қосады, нәруыз суббірліктерінің қозғалғыштығын қамтмасыз етеді.
Шаперондар – жаңадан түзілген нәруыздардың дұрыс фолдингін қамтамасыз етеді, рефолдингті бақылап отырады, нәруыздардың жасушаішілік тасымалдануына қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |