91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма



бет72/120
Дата14.05.2022
өлшемі218,5 Kb.
#143356
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   120
Байланысты:
91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм

Митохондриялық аурулар – митохондрия мен ядродағы орналасқан гендер мутациясы әсерінен митохондрияның құрылысы мен қызметі бұзылатын тұқым қуалайтын аурулардың үлкен тобын құрайды. Сонымен, мультифакторлы аурулар генетикалық және сыртқы факторлардың бірлескен әсері жағдайында пайда болады. Мультифакторлы аурулар генетикалық гетерогендігімен сипатталады. 
Митохондриялық ДНҚ геномы: 13 полипептидті кодтайтын, митохондриальды тыныстық тізбегінің 5 кешеніне кіретін гендерден, тасымалдаушы РНҚ 22 гені, рибосомдық РНҚ 2 генінен тұрады.
OXPHOS (Oxidativephosphorylation) тобына жататын аурулардың 200-ден аса нозологиялық түрлері саналады, науқастардымүгедектіктің жоғары көрсеткіштеріне әкеліпсоқтыратын негізінен шартты ауыр туындайтынағыммен өтетін аурулармен сипатталады. Бүгінгі таңдабелгілі OXPHOS синдромдары мутациялардыңтөмендегі типтерімен белгілі: 1) полипептидті тізбектікодтаушы гендердегі нуклеотидтердің ауысуы (миссенсмутациия); 2) тРНҚ-ны кодтаушы гендердегінуклеотидтердің ауысуы; 3) мтДНҚ-ғы делецияларжәне қосымшалар; 4) мтДНҚ көшірмелерінің санынөзгертетін мутациялар. 
1865 жылы Мендель белгілердің тұқым қуалауын қарапайым математикалық пропорция арқылы сипаттауға болатынын көрсетті. Мендель заңы бойынша мұндай белгілер тұқым қуалайды, адамда мұндай белгілер менделдеуші деп аталады.
Моногибридті будандастыру. Тұқымы сары түсті дараларды тұқымы жасыл түсті даралармен будандастырғанда алынған будандардың бірінші ұрпағында тұқымы сары түсті өсімдік қана алынды. Ал олар өзара будандастырғанда сары жəне жасыл тұқымнан тұратын ұрпақтарды берді. Сары түсті тұқымның жасылға қатынасы 3:1. Тəжірибелерді қорытындылау нəтижесінде Менделдіңнегізгі заңдылықтары қалыптасты. 
Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік ережесі. Бір-бірінен бір белгі бойынша ерекшеленетін дараларды будандастырғанда алынған будандардың бірінші ұрпағында ата-анасының біреуіне ғана ұқсайтын біркелкі ұрпақтар алынады. Будандардың бірінші ұрпағында көрінген белгі доминантты деп, ал көрінбеген белгі – рецессивті деп аталады. 
Ажырау заңы будандардың екінші ұрпағында доминантты жəне рецессивті белгілері бар даралардың қатынасы 3:1 екенін көрсетті. Моногенді тұқым қуалау негізінде моногибридті будандастырудың қағидалары жатыр. Гаметалар тазалығының заңдылығы: гетерозиготалылардагаметаның түзілуі кезінде аллелді гендер араласпайды, ал доминантты жəне рецессивті аллелдер гаметаның тең санын түзіп, гаметалар таза күйінде ажырайды. 
Талдаушы будандастыру. Толық доминанттылық кезінде АА жəне Аа генотиптері бірдей фенотип береді. Генотипті анықтау үшін сыналатын дараны рецессивті гомозиготалымен (аа) будандастыру керек. Ұрпақ бойынша генотипті (гомозиготалы жəне гетерозиготалы) анықтайды.
Дигибридті жəне полигибридті будандастыру.Дигибридті будандастыру – екі жұп қарама-қарсы белгілері бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастыру, тригибридті – үш жұп бойынша, полигибридті – бірнеше жұп бойынша будандастыру. Дигибридті жəне полигибридті будандастыру нəтижесібойынша Мендель белгілерді тəуелсіз тұқым қуалау заңын құрастырды – Менделдің ІІ заңы. Оның маңызы екі немесе одан да көп жұп қарама-қарсы белгілер бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастырғанда екінші ұрпақта əр жұп белгілер тəуелсіз тұқым қуалайды. Бұл кезде əр жұп бойынша ажырау қатынасы 3:1.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет