Альцгеймер ауруы
Альцгеймер ауруы –ересек адамдарда жиі кездесетін нейродегенеративтік ауру. Ол көбінесе деменцияның дамуына (есте сақтаудың жойылуы) алып келеді. Альцгеймер ауруының негізгі клиникалық симптомдары – есте сақтау қабілетінің күрт төмендеуі, сөйлеу, жазу, кеңістікте бағдарлау қабілеттерінің бұзылуы, үделеп дамушы жарыместік, эпилептикалық ұстамалар. Аурудың екі формасы бар: ерте басталатын (40-58 жас), кеш басталатын (58-80 жас). Аурудың үш моногендік нұсқаларының дамуына алып келетін 3 ген мутациялары да анықталды. Олардың біреуі АРР 21 хромосомада 21q 21 аймағында орналасқан және ол ми заттарында амилоидтық өсінділердің қалыптасуына қатыгнасатын B-амилоид ақуыздарының бастамасын кодтайды. Қалған екі ген – 14 хромосомада 14 q24, 3 және 1 хромосоманың 1q 31-42 локустарында орналасқан, тек нейрондарда экспрессияланатын және кейбір мембраналық ақуыздар – пресенилиндерді кодтайды.
3.Мультифакторлық аурулар. Топтары және нозологиялық формалары. Туа біткен ақаулары. Психикалық және нерв жүйесі аурулары. Орташа жасының сомалық аурулары.
Достарыңызбен бөлісу: |