Байланысты: 91. Геккельді биогенетикалы за ы. ры жапыра шалары. Эктодерм
9.Вирустардың генетикалық аппаратыныңерекшелігі. ДНҚ және РНҚ-дан тұратынвирустар. Вирустардың жасушалардан ерекшелігі, оларда нуклеин қышқылының тек бір түрі ғана – ДНҚ немесе РНҚ кездеседі, ал жасушаларда ДНҚ мен РНҚ –ның екуі де болады. Құрамында ДНҚ кіретін вирустардың генетикалық материалы ретінде ұзынша немесе қос тізбекті ДНҚ атқарады. Вирустардың барлық ақуыздары жөніндегі ақпарат ДНҚ-да кодталған. Олардың ДНҚ-сы бір немесе қос тізбекті және жасуша иесі прокариот немесе эукариотты болуына байланысты болуы мүмін
Екі спиральді жіпті сызықшалы ДНҚ (герпес, аденовирустарда және т.б. болады).
Екі спиральды сақиналы ДНҚ бір жібі үзілмелі (гепатит В вируста).
Екі спиральды өзара шиеленіскен ДНҚ (паповавирустарда кездеседі).
Бір жіпті сызықшалы ДНҚ (парвовирустарда).
Бір жіпті сақиналы ДНҚ (фагтарда).
РНҚ вирус бөлшегінде қарапайым шиыршық түрінде соңғы ақуыздың макромалекуласы болып саналатын цилиндрге тасылған, ішінде қуыс канал бар. Бұл каналдың диаметрі 4нм. Ақуыздардың макромалекуласы ұсақ пентид тізбектернен (суббірліктен) тұрады, олар темекі вирусының әр бөлшегінде орта есеппен 2200 жуық. РНҚ спиралінің үстінен жабылатын «жамылғыш» тәрізденген осы тізбектер неғұрлым ірі диаметрі 17-18нм тең. Спираль 360 градусқа айналған сайын ақуыздың «жамылғышқа» 16 1/3 жаңа пентид тізбектері қосылып, оның ұзындығы 2,3 нм ұзарады. Орамдардың жалпы саны 130-ға жуық
РНҚ- ды вирустар адам және жануарлар дүниесі вирустар ішінде 80 пайызға дейін жетеді. Вирустар құрамындағы РНҚ әр түрлі болып келеді. Бір тізбекті РНҚ-лары бар вирустарды 2 типке: “плюс”- тізбекті және “минус”- тізбекті деп бөлінеді. Бірінші типтегі вирустардың РНҚ тізбегі жасуша иесіне тікелей м-РНҚ ретінде қызмет жасаса, екінші типтегі вирустардың “минус ” тізбегінде алдымен РНҚполимеразалардың көмегімен “плюс” тізбек түзілуі қажет. Жануарлар вирустары бірінші және екінші типте кездессе, өсімдіктердің көптеген вирустары “плюс” типке жатады.
РНҚ-ның жіптері:
1. Бір жіпті, үзілмелі РНҚ. РНҚ-ның үзілген фрагменттері әртүрлі ақпаратты сақтайды. Ортомиксо, ареновирустарда кездеседі.
2.Бір жіпті үзілмелі сақиналы РНҚ-ның түрі. Мұндай сақиналы молекулалар соныңдағы сутегі арқылы байланысып тұрады. Бұларға буньянвирустары жатады.
3. Екі жіпті үзілмелі РНҚ. Бұл РНҚ-ның ерекше түрі. Оған реовирустар жатады. Үзілімдер 10-12-ге жетеді.
4. Бір жіпті РНҚ 2 малекуладан тұрады өзара бірдей РНҚ-ның мұндай түрі ретровирустарда кездеседі.