2-бап
1. Осы Келісім 1968 жылғы 8 қарашада Венада қол қою үшін ашылған Жол жүрісі туралы конвенцияға қол қойған немесе оған қосылған және Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық Экономикалық Комиссиясының мүшелері болып табылатын не осы Комиссияның билік аясы туралы ереженің 8-тармағына сәйкес Комиссия жұмысына консультациялық мәртебемен қатысуға жіберілген мемлекеттер үшін 1972 жылғы 31 желтоқсанға* дейін ашық.
2. Осы Келісім мемлекет 1968 жылғы 8 қарашада Венада қол қою үшін ашылған Жол жүрісі туралы конвенцияны ратификациялағаннан кейін немесе оған қосылғаннан кейін ратификациялауға жатады. Ратификациялық грамоталар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға беріледі.
3. Осы Келісім осы баптың 1-тармағында көрсетілген, 1968 жылғы 8 қарашада Венада қол қою үшін ашылған Жол жүрісі туралы конвенцияның Тараптары болып табылатын кез келген мемлекеттің оған қосылуы үшін ашық болып қалады. Қосылу туралы құжаттар Бас Хатшыға сақтауға беріледі.
___________________________________________
* Ішкі көлік жөніндегі комитет өзінің отыз бірінші сессиясында қабылдаған шешімге сәйкес, Келісім қол қою үшін ашылған болатын мерзім 1972 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.
Достарыңызбен бөлісу: |