7-бап
Әрбір Уағдаласушы тарап Бас Хатшыға жіберілген жазбаша нотификация арқылы осы Келісімді бұзуына болады. Бұзу Бас Хатшы осы нотификацияны алған күннен бастап бір жыл өткен соң күшіне енеді. 1968 жылғы 8 қарашада Венада қол қою үшін ашылған Жол жүрісі туралы конвенцияның Тараптары болуы тоқтатылған әрбір Уағдаласушы тарап сол күннен бастап осы Келісімнің Тарабы болуын тоқтатады.
8-бап
Егер он екі ай мерзімнің қандай да бір кезеңі ішінде Уағдаласушы тараптар саны бестен кем болса, сондай-ақ 1968 жылғы 8 қарашада Венада қол қою үшін ашылған Жол жүрісі туралы конвенция күшін жойған кезден бастап осы Келісім күшін жояды.
Достарыңызбен бөлісу: |