13-бап
1972 жылғы 31 желтоқсаннан* кейін ағылшын, орыс және француз тілдерінде бір данада жасалған, әрі үш мәтін де бірдей тең түпнұсқалы болып табылатын осы Келісімнің түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға тапсырылады, ол тиісті түрде расталған көшірмелерді осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген мемлекеттерге жібереді.
_________________________________
* Ішкі көлік жөніндегі комитет өзінің отыз бірінші сессиясында қабылдаған шешімге сәйкес, Келісім қол қою үшін ашық болатын мерзім 1972 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН, өз үкіметтері тиісінше уәкілеттік берген, төменде қол қойған өкілдер осы Келісімге қол қойды.
Женевада бір мың тоғыз жүз жетпіс бірінші жылғы бірінші мамырда ЖАСАЛДЫ.
Достарыңызбен бөлісу: |