9-бап
1. Екі немесе бірнеше Уағдаласушы тарап арасында осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты болған, дауласушы Тараптар келіссөздер немесе басқа да реттеу құралдары арқылы шеше алмаған кез келген дау араларында осы дау туындаған Уағдаласушы тараптардың бірінің өтініші бойынша төрелік сотқа беріледі; ол дауласушы Тараптардың өзара келісімі бойынша таңдалған бір немесе бірнеше төрешіге беріледі. Егер іс төрелік сотқа берілген күннен бастап үш ай ішінде дауласушы Тараптар төрешіні немесе төрешілерді таңдауға қатысты келісімге келмесе, осы Тараптардың кез келгені Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына дау шешуге берілетін ортақ төрешіні тағайындау туралы өтінішпен жүгіне алады.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тағайындалған төреші немесе төрешілер шешімінің дауласушы Уағдаласушы тараптар үшін міндетті күші болады.
Достарыңызбен бөлісу: |