10-бап
Осы Келісімнің ешқандай ережесі Уағдаласушы тараптардың қайсы бірінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен үйлесетін және туындаған жағдайға байланысты шектелетін, ол өзінің сыртқы және ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті деп есептейтін шараларды қабылдауына кедергі келтіретін ереже ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
11-бап
1. Әрбір мемлекет осы Келісімге қол қойған кезде немесе өзінің ратификациялық грамотасын немесе қосылу туралы құжатын сақтауға тапсырған кезде өзін осы Келісімнің 9-бабымен байланыстымын деп есептемейтінін мәлімдей алады. Басқа Уағдаласушы тараптар осындай мәлімдеме жасаған кез келген Уағдаласушы тарапқа қатысты 9-бап арқылы байланысты болып табылмайды.
2. Осы Келісімге осы баптың 1-тармағында көзделген ескертпеден өзге ескертулер оларды жазбаша нысанда табыс еткен жағдайда және егер олар ратификациялық грамотаны немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырғанға дейін жасалған болса, ратификациялық грамотада немесе қосылу туралы құжатта расталған жағдайда шешіледі.
3. Әрбір мемлекет ратификациялық грамотасын немесе осы Келісімге қосылу туралы құжатын сақтауға тапсырған кезде оның 1968 жылғы 8 қарашада Венада қол қою үшін ашылған Жол жүрісі туралы конвенцияға жасаған ескертпелері осы Келісімге қандай мөлшерде қатысты екендігі туралы Бас Хатшыны жазбаша түрде хабардар етуге тиіс. Ратификациялық грамотаны немесе осы Келісімге қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған кезде нотификация жасалмаған ескертулер осы Келісімге қолданылмайтын ескерту деп есептелетін болады.
4. Бас Хатшы осы бапты орындау үшін жасалған ескертпелер мен нотификациялар туралы осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген барлық мемлекеттерге хабарлайды.
5. Осы бапқа сәйкес мәлімдеме, ескертпе немесе нотификация жасаған әрбір мемлекет кез келген сәтте Бас Хатшыға жолданған нотификация арқылы оларды алып тастай алады.
6. Осы баптың 2-тармағына сәйкес жасалған немесе 3-тармағына сәйкес нотификацияланған кез келген ескертпе:
а) жоғарыда көрсетілген ескертпені жасаған немесе нотификациялаған кез келген Уағдаласушы тарап үшін Келісімнің осы ескертпе қатысты ережесін соның шеңберінде өзгертеді;
b) басқа Уағдаласушы тараптар үшін де ескертпені жасаған немесе нотификациялаған Уағдаласушы тараппен өзара қарым-қатынастарда осы ережелерді осындай шамада өзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: |