1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж. 2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж. Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Қайталанбайтын деректерге қандай деректер жатады?
Филологиялық сын неге бағытталған?
Синергетика дегеніміз не?
№4 дәріс Тақырыбы: Қазақ зиялылырының деректанушылық көзқарасы Дәрістің мазмұны:
ХХ ғасыр басында Шоқанның ғылыми ізденістерін, Абай ойын, Абай ісін үзбей жалғастырып алып кетушілердің бір және бірегейі – Ахмет Байтұрсынұлы. А. Байтұрсынұлы Абайдан соңғы дәуірде еліне, ұлтына еткен еңбектері, сіңірген туралы соңғы жылдары аз айтылған жоқ. Дегенмен уақыт өткен сайын оның қызметінің кей қырлары өзін аша түсуде, маңызын тереңірек ұғынуды қажет етеді.
Осындай Ахмет Байтұрсынұлының ерекше назар аударуды қажет ететін қырларының бірі – оның тарих ғылымына, тарихи деректануға қосқан үлесі.
Өз халқының келешегін ойлаған ойшыл ретінде ол тарихқа қатысты өзінің ойларын білдірді, пікірлерін жазды. Қазақ тілінің жұрт мойындаған маманының, қазақ сөзін зерттеушінің « Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих », - деп артында қанатты сөз қалдыруы, оның халық келешегінің халық жады – тарихпен тікелей байланысты екендігін терең түсінгендігінің белгісі.
А. Байтұрсынұлының тарх ғылымы туралы, тарихи деректану туралы негізгі ойлары оның 1926 жылы жазған « Әдебиет танытқыш » деп аталатын бөлімінде аталған.
Бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанның төл тарихыныңқалыптасу кезеңінде, өз бастауымызға көз салсақ, кезінде А. Байтұрсынұлының тарих туралы, әсіресе тарих ғылымының аса бір күрделі саласы, тарихи деректану ғылымы туралы айтқан ойлары, білдірген пікірлеоі өзінің дәлелділігімен, ғылыми құндылығымен ерекшелетіндігін байқауға болады. Мысалы, тарихтың атқарар қызметі, оның ғылым ретінде алдында тұрған мақсаттары мен міндеттері туралы « Тарихтың қызметі – бүтін адам болмысының, яки бүтін бір жұрттың я бір таптың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту; тарихтың мақсаты – бүтін адам баласының өмірі нендей табиғат заңымен өзгеретінін білу », - деп, тарих ғылымының белгілі бір табиғи заңдылықтарға негізделгені, оның жалпы адамзаттық құндылықтакры басшылыққа алған методологиялық бағдары туралы өте дұрыс, ғылыми негізделген пікір айтса, одан әрі тарихидеректану ғылымының негізгі принциптері қағидаларының бірі – кез келген деректің деректанулық талдауды қажет ететіндігі туралы: « тарихшылар халық басынан кешкен түрлі уақиғалардың мағлұматын сымға тартқандай, сынға салып мінсіз етіп, дұрыстап өткізеді», - деп , тарихшылардың өздеріне жеткен мағлұматтарды, яғни тарихи деректерді « сынға салып», демек деректанулық талдаудан өткізіп, « мінсіз етіп», яғни ғылыми құндылығын анықтап алатындығын айтады.
Ахмет Байтұрсынұлы тарихи деректердің табиғатта «таза» күйінде кездеспейтіндігі, олардың түрлері қоспарлардан тұратындығының себептері туралы: « Шежіре жазушылар естіген-білгенін сол қалпында, шикі түрінде тізеді.», десе , ғылымның жай шежіре жазудан айырмашылығы « Тарихшы лар құр естігенімен қанағаттанбай, рас өтірігін тексеріп, расын ғана алды», - деп көрсетіп берді.