1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж. 2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,
Е.Бекмахановтың деректанулық көзқарастары оның қандай ірі еңбегінде қамтылады?
О.Сүлейменовтың «АЗиЯ» еңбегі қандай жырды талдауға арналады?
«Жыр» нешінші ғасырдың жазба ескерткіші болып табылады?
№12 дәріс
Тақырыбы: Орхон-Енесей жазбаларының түрлік және тілдік ерекшеліктері мен деректік маңызы. Дәрістің мазмұны:
Терхин құлпытасы да (756 ж.) Елетміш-қағанға арналған және көп жағынан мазмұны Шине Усу жазбасынан асып түседі, кейде оған жолма-жол сәйкес келеді. Ескерткіште Алтай-Тарбағатай қарлұқтарының Жетісуға қоныстану уақытына қатысты мезгілі көрсетілген маңызды тарихи оқиға айтылады. Ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштерінде кейіннен Қарлұқ және Қарахан мемлекеттерінде елеулі рөл атқарған ягма тайпасының уақыты жағынан бірінші рет аталуы да құнды мәліметтердің бірі болып табылады.
ҮІІ–Х ғасырлар деп белгіленген Енисей аңғарының жазбалары мен Суджа құлпытастарынан тұратын Қырғыз мемлекетінің ескерткіштері белгілі бір ынта-ықылас туғызады. Енисейдің екі тексінен Қазақстанның алдыңғы ортағасырлық тарихына қатысты материалдар табылды. Бір эпитафияда қырғыздар жерінде өлген түргеш бегі туралы айтылады. Басқа бір жазбада түргештердің Қара ханына елші болып кетіп, қайтып оралмаған атақты қырғызды жоқтау тексінің үзінділері бар. Бұл оқиғалар 744 және 756 жылдарға жатады.
Батыс-түрік қағанатының Жетісудан (Талас өңірінен) табылған ескерткіштері елеулі мәдени-тарихи қазына болып табылады, оған қабірлерге қойылған құлпытастарға, теңгелерге, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқшаларға жазылған 12 жазба жатады. Бұл ескерткіштердің жоғары мерзімі едәуір айқын – ҮІІІ ғасыр, ал төменгі хронологиялық шегі, тегінде, ҮІ-ҮІІ ғасырлар шебі болуы ықтимал. Талас эпиграфиялары «қара рудан» шыққан түргеш қағандары – Сұлық Шабыт-шора мен оның ұлы билік еткен кезге (716-740 жж.) жатады.
Ежелгі түрік ескерткіштерінің алдыңғы ортағасырлық Қазақстанның тарихи географиясы мәселелерін талдап шешуге айқын жарық беретін деректеме ретіндегі маңызын бағалау қиын.