1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж. 2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,
Ә.Бөкейханов еңбектерін неше салаға бөліп қарастыруға болады?
«Әдебиет танытқыш» деген еңбекте кімнің деректанушылық ойлары келтірілген?
Е.Бекмахановтың деректанулық көзқарастары оның қандай ірі еңбегінде қамтылады?
№13 дәріс
Тақырыбы: Жылнамалар және жылнаматану. Дәрістің мазмұны:
Қазақстанның солтүстік бөлігінің тарихы жөніндегі маңызды деректер Сібір жылнамалары: Строганов жылнамасы (ХҮІІ ғ, ортасы шені шамасында), С. Есиповтың «Сібір жылнамалары» (1687 ж.) және «Ремезов жылнамасы» (ХҮІІғ. аяғы – ХҮІІІ ғ. басы) болып табылады. Оларда бұл аумақтағы және сібірдегі тайпалардың, соның ішінде керейіттердің (керейлердің) орналасуы туралы, бұл жерде, Сібір жұртында керейден шыққан Тайбұғы әулетінің, содан соң Сібір хандығындағы Шайбани әулетінің билік етуі туралы мәліметтер бар. Ресейдің Орталық (ЦГАДА, АВПР), сондай-ақ жергілікті мұрағаттарда сақтаулы материалдар мен құжаттарда Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Жоңғария, Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы хандықтар жөніндегі Ресей саясаты ғана көрсетіліп қоймайды, сонымен қатар бұл мемлекеттердің ішкі өмірі, олардың қарым-қатынасы туралы да мол ақпарат келтіріледі. Жарияланған және жарияланбаған бұл материалдар арасында хандар мен патшалардың грамоталары мен жолдаулары, дипломатиялық миссиялар басшыларының есептері, жазбалар, күнделіктер, «ертегілер», «сұралып алынған сөздер», қолтаңбалар және т.б. бар.
ХҮІ ғасырдағы белгілі тарихшы және әдебиетші Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың «Тарихи Рашиди» деген шығармасы ХІҮ-ХҮІ ғасырлардың басында Қазақстан аумағы мен көрші аумақтарда өмір сүрген ірі мемлекеттердің бірі Моғолстан тарихына арнайы арналған. Бұл еңбек – Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса маңызды бастапқы деректеме. Онда тоқсан жыл ішіндегі қазақ хандарының тарихы тым қысқа болғанымен, дәйекті түрде баяндалған.
Шонжарлардың жоғарғы топтарына жататын Мырза Мұхаммед Хайдар ибн Мұхаммед Хұсайын Дуғлат (1499-1551 жж.) Моғолстанның аса ірі тайпаларының бірінен шыққан. Мырза Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары – дуғлат тайпасының әмірлері мен бектері – Моғолстан мемлекетіне кірген Оңтүстік Шығыс Қазақстанның, Қырғызстанның, Шығыс Түркістанның саяси тарихында зор рөл атқарған; олар аса маңызды мемлекеттік қызметтер атқарып, ұлысбектер болған.
Мырза Мұхамед Хайдар хижра бойынша 905 жылы (1499/1500 жж.) сол кезде моғол хандарының билігінде болған Ташкентте туған. Оның анасы Моғолстан ханы Сұлтан Жүністің кіші қызы болған, ал Сұлтан Жүніс белгілі мемлекет қайраткері, тарихшы және ақын Захир ад-дин Бабыр мен Моғолстан ханы Сұлтан Сайидтің немере туысы еді. Мырза Мұхаммед Хайдар 1512 жылы 1533 жылға дейін Сұлтан Сайид ханның сарайында болып, билеушінің мұрагері Абд ар-Рашид сұлтанды тәрбиеледі. 1533 жылы Абд ар-Рашид хан дуғлаттардың жоғарылауынан қауіптеніп, оларға жазалау шараларын үйіп төкті. Мұхаммед Хайдар Кашмирге қашып барып, Үндістан, Ұлы Моғолдар билеушілері атынан 1551 жылдағы шайқастардың бірінде өлтірілгенге дейін билік етті.
Мырза Мұхаммед Хайдар жақсы білім алған, өз дәуірінің саяси оқиғалары мен қайраткерлерінен хабардар болды. Ол түркі тілінде әдеби шығармалар жазғанымен де, мұсылман тарихнамасына тарихи «Тарих-и Рашиди» еңбегінің авторы ретінде енді. Шығарма 1542-1546 жылдары Кашмирде ортаазиялық парсы тілінде жазған. Екі бөлімнен – дафтардан тұрады.
І дафтар Моғолстанның Шағатай ұрпақтарынан шыққан хандардың тарихынан тұрады.
ІІ дафтар автор 1541 жылға дейін жеткізген мемуарлар болып табылады.