Деректану теориясы бойынша зерттеудің негізгі нысаны не ?
Кеңес дәуірінде деректерді сыныптау неше кезеңмен жүргізілді?
Типтік сыныпталу мен түрлік сыныпталудың айырмашылығы неде?
№6 дәріс Тақырыбы: Деректану методы. Дәрістің мазмұны:
Тарихи деректерді талдау методының дамуына ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ірі ғылыми жаңалықтардың ашылуы да үлкен әсер етті. Олар көптеген тарихи деректерді зерттеуге және оларды сыни талдаудың методын жетілдіріге ықпалын тигізді. Сонымен, «Деректану» тарихи деректерді іздеп тауып жинау, зерттеу және жүйеге келтіріп, жариялау нәтижесінде пайда болып, қалыптаса бастады.
Дегенмен, Батыс Еуропада деректану ғылымының дамуы неміс тарихшысы Э. Бернгейм (1850-1942) мен француз ғалымдары Ш.В. Ланглуа (1863-1920) және Ш. Сеньобостың (1854-1942) аттарымен тікелей байланысты. 1889 жылы Грейсвиль университетінің профессоры Э. Бернгейм «Тарих ғылымына кіріспе» 1898 жылы француз ғалымдары Ш. Ланглуа және Ш. Сеньобос «Тарихи зерттеуге кіріспе» атты оқулық жариялады. Оқулық ретінде дайындалған екі еңбек те бірнеше рет қайта басылып шықты және екеуіде орыс тіліне аударылды. Бір қызығы екеуі де пайда болған күндерінен бастап үздіксіз сынға ұшырап келеді. Дегенмен, содан бері бұл еңбектерге сілтеме жасалмай бір де бір деректанушылық еңбек жазылған жоқ деп айтуға болады. Олар тарихтың позитивтік методологиясының, әсіресе тарихи фактілер мен оларды ғылыми еңбектерде пайдаланудың өзіндік эталонына айналды деуге болады. Көптеген жағдайда бұл еңбектер әлі де өз маңызын жойған жоқ.
Аталған еңбектердегі тарихқа және тарихи деректерге қатысты тұжырымдрды буржуазиялық ғалымдардың көзқарасы ретінде жоққа шағармақ болған кеңестік тарихнама өзі уақыт соңына шыдай алмай сахнадан кетуге мәжбүр болды. Ал жоғарыда атлған ғалымдардың еңбектері күні бүгінге дейін пайдаланылып келеді.
Өз еңбегінде Бернгейм тарих ғылымына түсінік береді, оның басқа да қоғамдық ғылымдармен байланыстылығын көрсетеді. Ол тарих ғылымының методология, методика, түсініктер және баяндау сияқты зерттеу процесі барысында көрінетін бір-бірімен тығыз байланысты төрт аспектісіне тоқталады.
Автор методологияны ғылым методы мен оның міндеттері туралы түсініктер мен білімді баяндау ретінде анықтайды. Методика құрамына Бернгейм деректер туралы материалдар жинайтын, деректерді сыннан өткізетін, материалдарды сұрыптап, олардың іс жүзіндегі ғылыми құндылығын анықтайтын деректануды кіргізеді. Деректермен жұмыс істеу методикасынан тарихшы оны түсінуге, ой елегін өткізуге және өз зерттеу жұмысының қорытындысын баяндауға көшеді. Одан ары методика мәселесі көптеген тарихнамалық және библиографиялық көрсеткіштер арқылы жан-жақты ашып көрсетілген. Еңбектің деректануға арналған бөлімінде тарихшы деректерге жіктеу жасаған, оларды жинау және сақтау мәселері туралы айтқан. Деректерді сынау сыртқы сын және ішкі сынға бөлінген. Сонымен қатар еңбекте деректерді талдау туралы да айтылған. Бернгейм еңбегінде деректанулық концепция мен деректерді сынау идеясы өзінің логикалық жалғасын тауып одан ары дамытылды. Сыныптау, демек көптеген объектілерді айқын логикалық сыныптарға бөлу, ғылым үшін зерттеудегі объекті белгілі бір тәртіпке келтіру үшін ғана қажет емес, сонымен қатаролардың ерекше белгілерін және қасиеттерін де айқындауға мүмкіндік беретін таным құралы ретінде де қарастырылған.