мұнда, Вжж – i- реттеу фазасындағы жаяу жүргіншілермен қиылысатын жүріс бөлігінің ені, м.
Vж – жаяу жүргіншілер қозғалысының жылдамдығы (көбінесе 1,3 м/с қолданылады).
Аралық такт ретінде tараi және tара(жаяу)i мәндерінің көбін таңдайды. Айта кету керек, аралық такт ұзақтығын анықтау кезінде оңға бұрылатын қозғалысты есептеуге қабылдамайды. Әдетте аралық тактісін бұрын қозғалыс жасалған, бағыттағы сары сигналмен белгіленеді (негізгі такт кезінде). Қозғалыс қауіпсіздігі үшін аралық такт ұзақтығы 3 с кіші болмауы керек.
Осымен бірге, әр түрлі жағдайлар кездеседі, егер рұқсат етілген сигнал қосылған уақытта тоқтау сызығынан өтіп кеткен көлік құралдарына, қиылыс аймағын босату үшін 3 с қажет етеді (жүріс бөлігі кең, көлік құралдарының төменгі жылдамдықтарымен салыстырғанда). Осындай жағдайларда, негізгі тактілерден кейін, тәртіп бойынша 2 аралық тактісі қосылады: 3 с өткенде сары сигнал қарастырылған бағытта қызылға ауысады. Көлденең бағытта қызыл сигнал әрекеті созыла береді, яғни жасыл сигналдың қосылуының алдында қызыл сарымен бірге тікелей ауысады (1...2 с ішінде).
Реттеу циклін есептеу әрбір фазалық айырылу сұлбасының нұсқасы үшін орындалуы қажет.
Жол қозғалыс қауіпсіздік түсінігі бойынша цикл ұзақтығы 120 с артса жіберілмейді деп есептелінеді, өйткені жүргізушілер рұқсат етілген сигналды ұзақ тосудан бағдаршамды жарамсыз деп, тиым салу сигналына қозғалыс бастайды. Егер есептеу мәні 120 с артса, онда екі және одан көп фаза ішінде қарқынды ағындарды өткізуді уйымдастыру, реттеу фазасының санын азайту, жеке маневрлерге тиім салу, жол қиылысына келудегі жүріс жолақтар санын көбейту арқылы реттеу циклінің ұзақтығын төмендетуге жету керек. Цикл ұзақтығын 25 с деп алуға болмайды. Сондықтан, реттеу циклінің ұзақтығын мынадай аралықта алу 25 с120 с ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |