А. А. Ойшыбаева ҚҰрастыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет5/45
Дата13.12.2021
өлшемі0,62 Mb.
#125396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
құрастыру 3 [1]

Сөздік жұмыс: 

торсық. 


Билингвальді компонент:

 торсық – торсық (бурдюк)



ыдыс 


– 

посуда


қасық 


– 

ложка. 


 

ҰОҚ-нің барысы 

1. Ұйымдастыру кезеңі. 

Педагог  балалармен  сурет  бойынша  бірнеше  ыдыстарды  тақтаға 

қойып, «Орнында не жоқ?» дидактикалық ойынын ойнайды. Олардың ішінде 

балаларға таныс емес торсық бар.  

Педагог  торсықтың  суретін  көрсетіп,  оның  не  екенін  балалардан 

сұрайды, оның қымыз құятын ыдыс екенін түсіндіреді. 

Балалар суреттер бойынша ыдыстардың аттарын атайды: шәйнек, кесе, 

тәрелке, қасық, тостаған, торсық т.б.  



2. Негізгі кезең. 

Торсықтың  суретін  көрсетіп  әңгімелейді,  пішініне  назар  аударады. 

Торсықтың  ұзынша  бөлігі  –  мойны,  үлкен  бөлігі  –  «бүйірі»,  «түбі»  және 

қақпағы болады. 

«Енді  осы  торсықты  қағаздан  өзіміз  құрастырып  көрейік»,  –  деп 

балаларға торсықтардың қиылған суретін таратып береді. Педагог балаларға 

торсықтың  пішінін  дұрыс  құрастыруына  басшылық  жасайды,  бөліктері 

ауысып  кетпеу  керек,  егер  дұрыс  құрай  алмаса  бағыт  беріп,  түзетіп, 

көмектеседі. 

Балалар  торсықты  құрастырып  болған  соң  педагог:  «торсық  –  торсық 

(бурдюк)

ыдыс 


– 

посуда


қасық 


– 

ложка»  сөздерін  айтқызып  қайталайды, 

түсіндіреді.

 

Қағазбен  құрастыруда  балалардың  қол  қимыл-қозғалысына  және 

ойлауына, кеңістікті бағдарлай білуіне баса назар аударылады.  

Сергіту сәті. 

Секіреміз топ-топ, 

Шапалақтап көп-көп. 

Иiлемiз оңға қарай бiр, екi,үш, 

Иiлемiз солға қарай бiр, екi, үш. 

Әр  бала  өзінің  алдындағы  қиылған  торсық  суреттерін  құрастырады. 

Балалар  өздері  құрастырған  торсықпен  қуыршақтарға  қымыз  құйып  беріп, 

ойын ойнайды. Педагог жеке жұмыс жүргізеді. 



3. Рефлексия.  


16 

 

 



Педагог  қорытынды  жасайды,  барлық  балалардың  құрастырған 

торсықтарын қарап шығады, қалай орналастырғанына мән береді, ол не үшін 

қажет екенін сұрайды, балалардың жұмыстары мадақталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет