Қолданылатын көрнекі құралдар:
құрылыс материалдары және үлгі
көрнекіліктер, үй жануарларының ұсақ ойыншықтары.
Сөздік жұмыс:
лақ, бота, қозы, құлын, бұзау, қоршау.
Билингвальді компонент:
лақтар – козлята, боталар – верблюжата,
қоршаулар – загородки.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог үй жануарларының ұсақ ойыншықтарымен «Төлін таны»
дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Қозы, лақ, құлыншақ, бота, бұзау
туралы балалар ажыратып айтып берулерін сұрайды. Үнтаспадан олардың
дауыстарын тыңдайды. Осылайша ойын жалғасып, ойын соңында лақ пен
ботаны екі шетіне шығарып қояды, енді біз лаққа бөлек, ботаға бөлек
тұратын қоршаулар жасап берейік деп өтініш білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |