17
қоршау жасау үшін кірпішер тігінен пайдаланылады. Не себептен? Балаларға
ойлануға мүмкіндік береді. Құрылыс материалдарын дұрыс пайдалануға
бағыт береді, көмектеседі, басшылық жасайды.
Құрылыс аяқталған соң балаларға: «лақтар – козлята, боталар –
верблюжата, қоршаулар – загородки» сөздерін айтқызып, түсіндіріп,
қайталап бекітеді.
Сергіту сәті.
Бала, бала, балақай,
Қол соғайық, алақай!
Бiр,екi,үш деп айтайық,
Саусақтарда санайық.
Жалқау бала болмайық,
Қолды қысып, ойнайық.
( Б.Бөрiбаев)
Балалар өздері таңдап алған төлдеріне қоршаулар жасайды, үлгіге
қарай отырып, кірпіштерді дұрыс орналастыруға әрекет етеді.
Лақтың қоршауы аласа, ботаның қоршауы биік екеніне көңіл бөледі.
Қоршаудың есігін ашып-жабатын етіп, жасап көреді. Төлдер қалай
дыбыстайтынын айтады.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балалардың жасаған қоршауларын
педагог қарай отырып, олардың құрылыс материалдарын қалай
пайдаланғанына мән береді.
Достарыңызбен бөлісу: