А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата24.03.2020
өлшемі2,39 Mb.
#60674
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva


 
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:  
1. Кӛркем шығарманы қабылдаудың негізгі ерекшеліктерін атаңыз? 
2. Кӛркем шығарманы қабылдау мен талдаудың арақатысы қандай? 
3. Кӛркем  мәтінде  қабылдауда  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескерудің 
маңызы қандай?  
4. Әдеби  мәтіннің  тектері  мен  түрлеріне,  жанрларына  қатысты  мәнерлеп 
оқытудың ӛзгешеліктерін сипаттаңыз. 
5. Бір  кӛркем  мәтінді  мәнерлеп  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  жүйелеңіз,  оның 
тиімділігін түсіндіріңіз.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Голубков В. В. Методика преподавания литературы. – М., 1962. – С. 69). 
2. Корст Н.О. Восприятие литературного произведения и его анализ в школе 
//Вопросы  анализа литературных произведений. –М,. 1969 
3. Маранцман В.Г. Анализ литературного произведения и читательское 
восприятие школьников. –Л.,1974 
4. Никифирова О.И. Психология восприятия художественной литературы. –
М., 1972. 
5. Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. –А., 1992.– 67 б. 
6. Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. - Алматы, Қазақ университеті. 1992. 
 
Қосымша: 
1.  Тілешова  С.    Әдебиет  сабағында  жүргізілетін  тіл  дамыту  жұмыстарының 
жүйесі  /5-6  кл./  пед.ғыл.канд.ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  дис-
сертация. –А., 1969. 
2.  Якобсон П.М. Психология художественного восприятия.–М., 1964.  

108 
 
ІІ. 4. КӚРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ТАЛДАУ — ОҚУШЫНЫҢ 
БЕЛСЕНДІ ӘРЕКЕТІ 
 
1.Талдауға жататын құрамды элементтер. 
2.Талдаудың әдіс-амалдары. 
3.Әдебиеттану саласындағы талдау түрлерін мектепте қолдану мүмкін-
діктері. 
4.Талдаудың интербелсенді әдістері.  
Кӛркем  шығарманы  талдау  күрделі  үдеріс.  Ӛзінің  күрделілігі  жағынан 
оқушының кӛркем шығарманы оқуы мен талдау әрекеті  суретшінің күрделі  
шығармашылық  үдерісімен  пара-пар.  Мұғалім  кӛркем  шығарманы  оқу  мен 
талдаудың  ғылыми  заңдылығымен  қатар  шығармашылық    қиялмен  әрекет 
еткенде  ғана  жақсы  нәтижеге  қол  жеткізе  алады.  Мұғалімнің  шығарманы 
оқытудағы  мақсаты  мен  міндеті    кӛркем  шығарманы  оқушының  ӛздігінен 
оқып тануға деген  талпынысы мен әрекетін  оятуға бағытталуы керек. Егер 
оқушы  шығарманы  ӛздігінен  оқып,  кӛркем  шығармадан  тікелей  әсер 
алмайынша, барлық  талдауға деген барлық іс-әрекет нәтиже бермейді.  
Кӛркем  шығарманы  талдау  әдебиеттік  оқу  сыныптары  мен    шығар-
малары монографиялы оқытылатын сыныптарда түрліше талаппен жүргізілуі 
тиіс. Ә.Қоңыратбаев: «VІІІ-Х кластарда оқушы тексті лекциядан бұрын үйде 
толық  не бӛлімі бойынша оқып келуге тиіс. Бұл сабақ міндетін жаңартады. 
Әдетте методиканың бұл шарты орындалмай жүр. Соның салдарынан  VІІІ-Х 
кластарда  да  текст  класта,  үйде  жеке  бӛлімдері  бойынша  оқылып,  мазмұн-
далып, V-VІІ кластардағыдай әдебиет сабақтарына ұқсап жүр. Бұған тағы бір 
себеп  —  оқушылардың  дайындығының  тӛмендігі.  Кейбір  мұғалімдер  үлкен 
романдарды  да  жеке  бӛлімдері  бойынша    талдауға,  дәлірек  айтқанда, 
мазмұндауға  бейімделген. Дұрысында, жоғары кластарда, тарихи  курс мето-
дикасында  қандай  үлкен  роман  болмасын  ол  әуелі  үйде  алдын-ала  оқылып, 
лекция  бағдарлаушы  әңгіме,  талдау  сол  негізде  жүргізілуі  тиіс.  Басқаша 
айтқанда  ҮІІІ-Х кластарда текске тұтас талдау жүргізіледі»
1
 деп жазады.  
Мектепте шығарманы талдап тану оқушы мен оқытушының ынтымақ-
тастығымен  жүзеге  асырылатын  шығармашылық  жұмыс  болып  есептеледі. 
Мектепте  әдеби  мәтінді  талдау  тікелей    әдеби  білім  мазмұнына  сәйкес 
жүргізілетіні белгілі. Мұғалім тарапынан  оқушылардың жас ерекшелігі мен 
сол  сыныпқа  сай  берілетін  білім  мазмұны,  қалыптастырылатын  әдеби-
теориялық ұғым  назарға алынады.   
Кӛркем  шығарма  табиғаты  күрделі.  Кӛркем  шығарманың    басты 
мақсаты — табиғат бейнесін, ӛмір құбылыстары мен заңдылықтарын кӛркем-
дік  заңымен  бейнелеу  арқылы  оны  қабылдаушының  танымы  мен  түйсігіне 
кӛркемдік  жолмен  ұсыну,  әсер  ету.  Бұл  мақсат  адамзат  мәдениетінің  әр 
кезеңінде  ӛз  уақытына  сай  әр  деңгейде  жүзеге  асырылып  келе  жатқандығы 
мәлім.  Біздің кӛңіл аударып отырғанымыз кӛркем дүние  мен оны қабылдау-
                                                           
1
Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. (9-10 сынып мұғалімдеріне арналған 
кӛмекші құрал). –А., Мектеп. –1966 ж. 

109 
 
шының  ара  қатынасы  туралы.    «Сӛз  түзелді,  тыңдаушы,  сен  де  түзел, 
сендерге де келейін енді аяңдап»  дегендей кӛркем  шығарманы  қабылдаушы 
оқырманға бүгінде кӛркем дүниені танудың, танытудың да ӛз ережелері мен 
заңдылықтары, қарапайым түрде айтқанда, «алтын сандықтың кілттері» бар.  
Мектепте әдебиеттен кӛркем шығарманы талдау  – аса маңызды үдеріс 
болып  саналады.  Кӛркем  шығарманың  кӛркем  әлемін  тану  оны  оқудан 
басталады. Кӛркем дүниенің бейнесін кӛзбен кӛріп, ой түйсігінен ӛткізу, адам 
миының терең «айнасында» оның кӛрінісін жасау маңызды үдеріс екендігіне 
дау  жоқ.  Кӛркем  шығарманы  оқуға  қатысты  туындап  отырған  кейбір 
қиындықтар  кӛптеген  шешімін  іздейтін  мәселелерді  туындатуда.  Кӛркем 
мәтінді оқуға деген ынтаның  жыл санап бәсеңдеуі қоғамдық-экономикалық 
ӛзгерістердің, ғылыми-техникалық жаңалықтардың адамзатқа тигізіп отырған 
әсерінің бір қыры деуге болады. Уақыт, заман ӛзгерісінің ғаламдық бейнесін 
аңғартады.  Құндылықтарымыздың  бірі  саналатын  кітаптың  техникалық 
дамудың  басқа  «перзенттерімен»  бәсекелестіктегі  салмағын  танытады.  Осы 
уақыт  сынында    кӛркем  шығарманың  басымдық  қырын  танытатын  кӛп 
жетістігі барына талас жоқ. Ол танымдық, тағылымдық, эстетикалық, тәрбие-
лік  құндылығымен  айқындалады.  Сондықтан  да  кӛркем  мәтінді  оқу,  қай 
заман болсын, ең маңызды мәселе болып қалары даусыз. 
Қаламгердің  дүниетанымы  мен  кӛзқарастары,  ұстанымдары  мен 
түйсігінен жинақталып шыққан  тұтас дүниені тану,  жекелеген із жолдарын 
саралау    тек  талдау  арқылы  жүзеге  асады.  Талдау  —    талдап  алу,  тарату, 
тарамдау  деген  ұғымға  саяды,  оның  терминдік  мағынасы  –  «зат  пен 
құбылысты танып, білу» екендігі белгілі. Кӛркем шығарманы талдау арқылы 
саралай  тану,  кейбір  ерекшеліктері  мен  қырларын  даралай  қарастыру, 
сараптау, қолданылу мақсаты мен міндеттерін айқындау кӛзделеді. Талдау да 
әр  тарапты  болуы  мүмкін.  Ол  шығарманы  танытудағы  мақсат,  мүддемен 
сабақтасып  жатады.  Талдаудың  кӛптеген  бағыттары  осы  мақсаттан 
туындайды.    Кӛркем  шығармаға  әдеби  талдау  жасау  қандай  бағыттарда 
жүзеге асуы мүмкін? 
Ӛткен  ғасырдың  60  жылдарында  әдіскер-ғалым  В.В.Голубков 
талдаудың  құрамды  элементтері  ретінде    бірнеше  мәселені  атап  кӛрсетеді. 
Олар:  шығарманың  тарихилық  жағы;    жазушының    ӛзіндік  кӛзқарасы  мен 
ұстанымдары;  шығарманың  тақырыбы    мен  идеялық  бағыты;    шығарманың 
басты  кейіпкерлері,  олардың  ӛмірдегі  типтік  бейне  ретіндегі  сипаты; 
шығармадағы  қосалқы  кейіпкерлер;  шығарма  сюжеті;  шығарманың  диалог, 
портрет, пейзаж, кіріспе эпизодтары, авторлық шегіністер, кейіпкердің ӛзіне 
тән  тілдік  ерекшеліктері;    жазушының  тілдік  ерекшелігі;    шығарма  жанры; 
жазушының  дәстүр  мен  жаңашылдыққа  қатысы;  жазушының  ӛмір  сүрген 
кезеңі мен кейінгі әдебиеттегі маңызы
1

Автордың  мәтін  талдауда  негізгі  нысан  болатын  мәселелерді  саралай 
отырып, талдау жұмыстарының бағыт-бағдарына, әдіс-тәсілдеріне тоқталады. 
                                                           
1
 Голубков В.В. Методика преподавание литературы М., Учпедгиз, 1962.-107 с. 

110 
 
Әдіскер  мәтін  талдау  бағытындағы  сұрақтарды  алдын-ала  даярлап,  үйге 
тапсыруды ұсынады. Сұрақтардың ӛзін  үш топқа жіктейді:  

жалпы бағдар түріндегі сұрақтар; 

аналитикалық сұрақтар; 

жинақтаушы, нақтылаушы немесе жалпылау сұрақтары.  
Әдіскердің  шығарма  талдауда  қолданатын  белсенді  әдістерінің  бірі  - 
әңгіме әдісі. Әдіскер әңгіме әдісін екі жұмыс бағытында жүргізуді ұсынады. 
Біріншісі  -  алғаш  шығарманы  үйде  оқып  сыныпта  дайындалған  сұрақтар 
бағытында талдау жүргізу. Екіншісі - еркін әңгіме әдісі. Еркін әңгіме әдісінде  
жалпы сыныпқа не сыныпты  топтарға бӛле отырып ӛзіндік тапсырма түрінде 
еркін  әңгіме  жүргізуді  ұсынады.  Сабақ  соңында  талдаудың  қорытындысын 
шығару  керектігін  айтады.  Алайда,  әдіскер  сынып  оқушыларын  еркін 
әңгімені  ұйымдастыру  амалдарын,  бағытын,  жұмыс  түрлерін  ашып 
кӛрсетпеген. Тек оқушылардың шағын тобында немесе оқушылардың сынып 
ішілік  тәртіпті жақсы сақтаған жағдайында  осы  әдіспен  ӛту  тиімді  екіндігін 
айтады. Әдіскер талдауға баяндама мен диспутты жатқызады.  
Ал әдіскер В.Г.Маранцман талдаудың екі түріне мән береді.
1
 Оның бірі 
-  автор  ізімен  талдау,  екіншісі  -  проблемалық  талдау.  Талдаудың  «Автор 
ізімен»  деген  түрін  ең  алғаш  М.А.Рыбникова  атап,  ӛз  тәжірибесінде 
қолданған болатын. Автор ізімен талдау түрі  әдебиеттік оқу сыныптарының 
алғашқы  кезеңіне  тиімділігімен  ерекшеленеді.  Мәтінді  оқи  отырып, 
жекелеген  бӛліктеріне  тоқталу,  авторлық  баяндау,  суреттеулерді  жүйесін 
сақтай  отырып  талдау,  шығармаға  бірте-бірте  бойлатуға  мүмкіндік  береді. 
Дегенмен, автор баяндауындағы оқиға ізімен ілесе талдау кейде түсіндірмелі 
оқуға ұласып, мотивтік белгілердің қалтарыста қалатын  немесе шығарманың 
идеялық  мәнін  танытатын  тұстардың  еленбей  қалатын  кездері  де  болады. 
Сондықтан  автор  ізімен  талдағанда  шығарманың  идеялық,  тақырыптық, 
танымдық,  тәрбиелік  бірлігін  сақтау  маңызды.  Автор  мұнан  ӛзге  мәтін 
талдаудың  үш  түрін  атайды.  Әдіскер  Қ.Бітібаева  В.Г.Маранцман  атаған 
әдістерді  «Жан-жақты,  толық  талдау,  сұрыптап  талдау,  шолу  бағытындағы 
талдау»  дей  отырып,  мынадай  түсінік  береді:  «Жан-жақты  толық  талдау 
кӛркем  туындыны  тұтастай  қарастырып  талдайды.    Жан-жақты    талдау 
уақытты кӛп алады, дегенмен, оның  тиімділігі кӛркем туындыны жанды бір 
организмдей    тұтас  қарастырады.  Шолу  бағытындағы  талдауда  мұғалім  
кӛркем  туындыны  жалпылама,  шолу  бағытында  қарастырады.  Кӛркем 
шығарма  сюжеті,  композициясы,  тілі    кӛтерген  тақырыбы  тұтастай 
қамтылады.  Сұрыптап  талдауда    талдау  кӛбіне    проблемалық  сұрақтар, 
проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылады»
2

Әрине, талдау түрлерін бұлай атауда шарттылық басым. Себебі талдау 
түрлері шығармамен жүргізілетін жұмыстың ауқымына немесе шығарманың 
қамтылу  аясына  қатысты  атау  талдаудың  негізгі  әдіс-тәсілдерін 
айқындамайды.  
                                                           
1
 Методика преподавания литературы. Под ред.З.Я.Рез. –М., Просвещение, 1985.-119 с. 
2
 Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –А., Рауан 1997.  –47 б. 

111 
 
Ә.Қоңыратбаев  талдауға жататын құрамды элементтер ретінде бірнеше 
шығарма бірліктерін атайды: 
-тақырыбы мен идеясы;  
-басты  образдары,  характер  композициясы,  олардың  типтілігі,  мүддесі 
арқылы кӛрінетін немесе шешілуге тиіс болған проблемалар;  
-шығармадағы  ұсақ  образдар  табиғаты,  олардың  бас  кейіпкерлермен 
қарым-қатынасы;  
-ұнамсыз образдар, солар арқылы  кӛрінетін қайшылықтар;  
-композициялыық  құрылыс,  олардың  формалары,  қызметі(пролог, 
эпилог, баяндау, шегініс, пейзаж, портрет, диолог, монолог т.б.);  
-шығарманың сюжеті;  
-шығарма  тілі  (баяндау,  афоризм,  мақал-мәтелдер);  ондағы  кейіпкер 
тілі (диалог, монолог);   
-шығарманың  жанрлары,  олардың  табиғаты  мен  анықтамалары,  эпос,  
поэзия, драма бӛлімдері, бұл жанрлардың тарихи процесте кӛрінетін орны;  
-жазушының ӛзіндік стилі, әдісі, кӛзқарасы;  
-дәстүр мен новаторлық тұрғысынан автордың ашқан жаңалығы. 
 А.Кӛшімбаев  талдауға  жататын  құрамды  элементтерді  (тақырыбы, 
идеялық  мазмұны,  кейіпкерлері,  сюжеті  мен  композициясы,  тіл  ерекше-
ліктері, табиғат, зат, жағдай, тұрмыс-салт бейнелері т.б.) саралай келіп, 
меңгерту жолдарын әдіс-тәсілдерін кӛрсетеді.
1
 Әдебиетті оқыту әдістемесінде 
қалыптасқан  әңгіме  әдісінің  жүргізу  тәсілдеріне  тоқталған  әдіскер 
шығарманы  оқи  отырып  талдау  жасауды  ұсынады.  Кӛлемі  жағынан  шағын 
шығармаларды мұғалімнің ӛзі түсіндіріп, тиісті жерінде мәтіннен мысал оқи 
отырып  талдайтынын  айтады.  Әрине,  ӛткен  уақыт  үдесіне  жараған  бұл 
әдістер  бүгінгі  талап  деңгейінде  оқушыны  дамыту  ӛрісінің  шектеулі, 
оқушының белсенді ойлауына ықпал етпейтінін байқатады.  
Шығарманың  идеялық  бағыты  мен  образдарын  талдауда  А.Кӛшімбаев 
дара,  салыстырмалы  және  кейіпкерлерді  топтау  түрінде  мінездеме  беру 
тәсілінің тиімділігін айтады. Әдіскер образдық талдауда бірнеше элементтің 
маңыздылығына тоқтала отырып, ӛзіндік белгілерін саралайды: 
Бірінші  белгісі  -  кейіпкердің  әлеуметтік  тегі,  қоғамдық  ортасындағы 
орны. 
Екінші белгісі - қоғамдық, үй-ішілік тұрмысы, дүниеге кӛзқарасы, әдет-
ғұрпы. 
Үшінші қосымша белгісі ретінде - кейіпкердің келбеті,  тұлға-тұрпаты,  
мүсіні,    сӛз  сӛйлесі,    іс-әрекетіне  байланысты  берілген  табиғат  суреттері, 
тілшілік жағдайлары. 
Тӛртінші  белгісі  -    кейіпкердің  ӛмір  шындығынан  жинақтап,  түйіндеп 
кӛрсеткен бейнесі, жазушының идеялық кӛзқарасы. 
Бесіншіден, мінездеме мен сипаттаулардың ӛзара байланыстылығы деп 
кӛрсетіледі.  М.Әуезовтің  «Бүркітші»  әңгімесіндегі  Бекболға  берілген 
мінездемеде  әдіскер  кейіпкердің  бірнеше  ерекшелігін    санамалап  кӛрсетеді. 
                                                           
1
 Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., Мектеп, 1969. -96 б.
 

112 
 
Олар:  пішіні,  киімі,  тұлғасы,  кәсібі,  қырағылығы,  мінезі,  зеректігі,  сақтығы, 
байқағыштығы,  тапқырлығы,  жүректілігі,  айлакерлігі,  сабырлылығы,  ұстам-
дылығы,  қайсарлығы,  тұрмыс  қалпы,  патриоттығы,  сауаттылығы,    саяси 
білімі.   
Әдіскердің  талдау  бағытында  жазушы  қолданған  образ  сомдаудың 
кӛркемдік  тәсілдері  араласып  кеткен.  Әдіскер  атап  отырған  кейіпкердің 
тұлғалық  қасиеттерінің  дені  (қырағылығы,  мінезі,  зеректігі,  сақтығы,  
байқағыштығы,  тапқырлығы,    жүректілігі,  айлакерлігі,  сабырлылығы, 
ұстамдылығы,  қайсарлығы,  патриоттығы,  сауаттылығы,  саяси  білімі) 
жазушының  мінездеу  тәсілі  арқылы  беріледі.  Кейіпкердің  іс-әрекеті  мен 
портреті  арқылы  анықталатын  белгілері  де  бар.  Талдау  бағытындағы 
жазушының  образ  сомдаудағы  әдіс-тәсілдерін  бағдарға  алмау,  оқушыны 
жалпылама баяндауға, мәтін оқиғасын түсіндіріп айтып шығуға соқтыратыны 
тәжірибеден  байқалып  жүр.  Әрі  бұл  жалпылама  сипаттау  бағыты  мәтін 
талдауда жүйесіздікке алып келеді.  
Әдіскер 
шығармадағы 
пейзаждың 
қызметінің 
әралуандығын, 
шығарманың сюжеттік, композициялық  талдауларының маңыздылығын айта 
отырып,  композициялық  талдаудың  үлгі  жоспарын  ұсынады.  Әдіскер 
мектепте  шығарманың  композициялық  тұтастығын  таныту,  жекелеген 
бірліктерін таныту мектеп практикасына еркін енгізілмей келе жатқандығын 
орынды  ескертеді.  Шығарманың  сюжеттік,  композициялық  талдаулары 
жоспар  құру  арқылы  шығарма  жеке  бӛліктерге  бӛлумен  шектеліп  келе 
жатқандығы  рас.  Бұл  бағытта  әдіскердің  шығарма  композициясын  талдауға 
ұсынған  үлгі  жоспары  қуаттарлық.  Шығарманың  тілдік  ерекшеліктерін 
танытуда  әдіскер  шығарма  тілінің  образ  жасаушылық  және  түйіндеп 
кӛрсетушілік, кейіп  жасаушылық,  идеялық,  эмоциялық қуатын  ерекшелейді. 
Әдіскер  шығарма  тілін  талдау  бағытында  сӛздерге  түсініктеме  беру, 
мазмұндау,  мәнерлеп  оқу    жұмыстарын  атайды.  Бұл  аталған  жұмыс  түрлері 
мәтіннің тілдік ерекшеліктерін еркін аша алмайтыны белгілі. 
Әдебиеттік  оқудағы  талдау  жұмысы  жеке  шығарманың  мазмұнын 
тануға  бағытталады.  Ал    тарихи  курста  автор  мен  жанр,  тарихи  жеті  т.б 
мәселелерге қатысты жүргізіледі.    Негізінен талдауға нысан болатын шығар-
маның ішкі-сыртқы етекшеліктері: 
1.Тақырыбы мен идеясы. 
2. Басты образдары, характер, тип, оларды  сомдаудағы композициялық 
құрылым. 
3. Шығармадағы  ұқсас  образдар  табиғаты,  олардың  бас  кейіпкермен 
қарым-қатынасы. 
4.Образдар  жүйесі  арқылы  шығармадағы  тартыстың  кӛрінуі,  айқын-
далуы. 
5. Шығарманың  композициялық  құрылымы,  олардың  формалары, 
қызметі (пролог, эпилог, баяндау, шегініс, пейзаж, портрет,  диалог, монолог 
т.б.). 
6. Шығарманың сюжеті. 
7. Шығарма тілі (баяндау, афоризм, мақал-мәтелдер). 

113 
 
8. Шығармадағы кейіпкер тілі (диолог, монолог, полилог). 
9. Шығарма жанрлары.  
10. Жазушының стилі, кӛзқарасы. 
11. Дәстүр мен жаңашыл кӛзқарастары мен идеялар. 
Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесі  саласында  әдіскер-ғалымдардың 
кӛркем  шығарманы  мектепте  талдай  отырып  оқыту  мәселелерін  арнайы  сӛз 
еткен  Т.Ақшолақовтың  «Кӛркем  шығармаға    талдау  жасау»  (1983), 
«Шығарманың  кӛркем  айшықтарын  таныту»  (1998),  Қ.Бітібаеваның  
«Әдебиеттегі  оқытудың  тиімді  жолдары»  (1990),  Қ.Алпысбаевтың  «Кӛркем 
шығарманы  талдау»  (1995)  атты  т.б.  оқу-әдістемелік  құралдары,  
Б.Смановтың «Мектепте кӛркем шығарманы  талдаудың ғылыми-әдістемелік 
негіздері»  (2010)  атты  ғылыми-әдістемелік  еңбегі  жарияланған.  Дегенмен, 
шығарманы  мектепте  сыныптар  бойынша  талдау  жұмысын  жетілдіре  түсу 
қажеттігі танылуда.  
Әдебиетті оқыту әдістемесі тәжірибесінде кӛркем шығарманы талдауға 
нысан болып жүрген бірліктерді жинақтап айтайық. Кеңес мектебі тәжірибесі 
мен отандық әдіскерлердің әдістемелік оқулықтарын шолу барысында кӛркем 
шығарманың әр тарапты талданып жүргенін байқауға болады. Олар: образдар 
жүйесіне  қарай  талдау,  сюжеті  мен  композициялық  құрылымына  қарай 
талдау, кӛтерген басты проблемасына қарай, қамтыған жанама мәселелеріне 
қарай  талдау,  шығармадағы  кӛтерілген  басты  тақырыпты,  шығармадағы 
кӛтерілген  ӛзекті  ойды  айқындау,  сол  ойды  ашудағы  қаламгер  тәсілдерін 
саралау,  кӛркемдік ерекшеліктеріне қарай, шығармадағы кӛркем компонент-
терге қарай талдау, тіл ерекшеліктеріне қарай талдау т.т.  
Кӛркем  мәтінді  қай  тұрғыда  талдау  керектігі  кӛбіне  мұғалімнің 
кӛздеген  мақсатынан  туындап  жатады.  Тек  ескеретін  бір  мәселе  талдаудың 
бағыты  мен  бағдары  шығарманың    ӛзіндік  ерекшелігінен  туындайтын-
дығында.  Кез  келген  шығарманы  композициялық  құрылымына  қарай 
талдауға  болғанымен,  сюжеттік  талдау  тек  эпикалық    шығармаларға  ғана 
жүргізіледі.  Ал  тақырыптарына  қарай  талдау  кӛлемді  шығармалармен  ғана 
жүзеге асады. 
Ал  әдебиеттану  саласында  талдаудың  мұнан  ӛзге  түрлері  де  еркін 
қолданылып жүр. Олар: 
– әлеуметтік талдау; 
– проблемалық талдау;  
– теориялық талдау; 
– герменевтикалық талдау; 
– кӛркем деталь арқылы талдап тану; 
– символ арқылы талдап тану; 
– дискурстық талдау; 
– поэтикалық талдау; 
– стильдік талдау  т.б.  
Әдебиеттану  саласында  қолданылып  жүрген  бұл  талдау  түрлерінің 
кейбірін  әдебиетті  оқытуда  қолданудың  да  мүмкіндігі  мен  тиімділігі  мол. 
Солардың бірер түріне тоқталайық. 

114 
 
Мектепте  әдебиет  теориясынан  талдау  жұмыстары  арнайы  жүргізіл-
мейді.  Кӛбіне  мектеп  бағдарламасында  ұсынылған  ұғымдар  ғана  әдеби 
шығарманың  ығында  қоса  меңгерілуі  міндеттеледі.  Алайда  әдебиет 
теориясымен  қаруланбайынша,  кӛркем  әдебиетті  жете  түсіну  қиын  әрі 
мәтінді  сауатты  талдау  да  мүмкін  емес.  Мектеп  тәжірибесінен байқалатыны 
оқушыларымыз  мәтін  талдауда  теориялық  білімнің  тӛмендігінен  шығарма-
ның  кӛркем  компоненттерін  тауып,  жүйелеуге,  кӛркемдік  тәсілдерді 
саралауға  шорқақ.  Кӛбіне  мәтінді  баяндауға  бейім  келеді.  Шығарманың 
кӛркем  компоненттерін  талдау  бағытында  әдістемелік  еңбек  жазған  әдіскер 
Т.Ақшолақов  та мәтіндегі кӛркем компоненттерді терең тану үшін сыныптық 
сағаттардың  жетімсіздігін  орынды  ескертеді.
1
  Сабақ  барысында  әдеби-
ториялық  ұғымдардың  анықтамасын  айтқанымен,  сол  айтылған  кӛркемдік 
тәсілдерді  мәтіннен  табу,  сол  кӛркемдік  құралдың  қызметін  тану  машығы 
қалыптаспай  келеді.  Сондықтан  әдеби  жанрлардың  ерекшелігін,  образ, 
образдылық т.б теориялық ұғымдарды тануда, әдеби мәтінді талдауға қажетті 
әдебиет-теориялық  құралдар  туралы  арнаулы  сағаттарда  теориялық  талдау 
сабақтарын  ұйымдастыру  қажеттігі  байқалады.  Белгілі  бір  шығармалар 
шоғырын немесе монографиялы оқылатын шығармашылық тұлғаларымызды 
оқытқаннан  кейін  теориялық  талдау  сабақтарын  қоюға  болады.  Теориялық 
талдау  сабақтарын  сыныптан  тыс  ұйымдастыруға,  оқушының  ӛздік 
жұмыстары  мен  әдеби  жобаларына  нысан  ету  де  оқушының  әдебиеттану 
ғылымына ынтасын кӛтеретін амал деп танимыз.  
Ал  стильдік  талдауды  әдебиет  сабағында  жүргізудің  мүмкіндігі  мол. 
Стильдік  талдау  әдебиет  пәні  мен  қазақ  тілі  пәніне  ортақ  нысан  болып 
есептеледі.  Стильдің  пәнаралық  байланыстылығы  бұл  бағыттағы  жұмысты 
жан-жақты  жүргізуге  жағдай  туғызады.    Қазақ  тілі  сабағында  стильдік 
түрлерін  жақсы  таныған  оқушы  әдеби  стиль  ерекшеліктерін  саралауда 
қиналмаса  керек.  Қаламгердің  стилін  таныту  монографиялы  оқуда  оңтайлы. 
Бұл  бағыттағы  сыныптық,  сыныптан  тыс  немесе  оқушының  жеке  бағы-
тындағы  талдау  жұмыстары  олардың   ізденімпаздық  әлеуетін,  тілдік  қорын, 
сӛйлеу мәдениетін кӛтеруге септігін тигізеді.   
Кӛркем  деталь  арқылы  талдау    қаламгердің  ӛзекті  ойын  айқындау, 
ұстанымын  тану  әр  текті  шығармалармен  жүзеге  асырылады.  Кӛркем 
шығарманы  талдауда  детальдің  маңыздылығына  ерекше  тоқталған  әдіскер 
Е.Н.Ильин.  «Достоевскийдің раскольникові болса кемпірді ӛлтіргеннен кейін 
түк қалдырмай: балтаны да,  қолының да, пальтоның да қанын жуды... Әйтсе 
де оның бойында қан қалып қойды. Суреткер кемеңгерлігі қайда қалдыруды 
біледі – қан етіктің тесігінен шығып тұрған кір шұлыққа тамды... Құдай-ау! 
Соншама  «түкке  тұрмайтын  нәрсемен»    қаншама  жайт  айтылып  тұр»
2
.  Осы 
аталған  заттық  ұғымдар  –  деталь.  Бірақ  ол  сол  шығарманың  барлық 
әлеуметтік,  психологиялық,  философиялық,  адамгершілік  мәселелерін 
                                                           
1
 
Ақшолақов  Т.  Шығарманың  кӛркем  айшықтарын  таныту  /әдістемелік  нұсқаулық/ 
А., Рауан, 1998.
   
 
2
 Педагогикалық ізденіс. –Алматы, Рауан, 1990. Б. 215-290. 

115 
 
кӛтеруге таптырмайтын түрткі. Е.Н.Ильин. «Бәлкім «деталь» дегеніміз жалын 
лаулайтын  ұшқын  шығар.  Ірі,  ұлы  атаулының  қайнарлары  кіші  нәрселерден 
басталатындығына  ӛнер  талай  рет  дәлел  болды.  Дүние  кішкентай 
түйіршіктерден  тұрады.  Бір  ғажабы,  шынайы  ӛнер    ӛз  табиғатында  мылқау 
келеді.    Міне  осы  сӛзге  сараң  «мылқау»  құралдарды  ол  әдебиет  сабағына 
детальға зер салу арқылы тарту етеді. Текстің титтей торынан тұтас қалпына 
дейін талдаудың ӛзіндік әдісіне  итермелейді.  Сонда деталь текстің үлкенді-
кішілі  құрылымдарын  талдаудың    конструкциялық  элементтеріне,  кітапқа 
қарай тартымды  бір қадамға айналады» деп жазады
1
.  
М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясындағы  Құнанбайға  берілетін 
портретке зер салып кӛрейік: «Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының 
құлақтан жоғарғы жері қаз жұмыртқасындай кӛрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен 
бетіне,  ұп-ұзын  боп  дӛңгелей  біткен  сақалы  қосылғанда,  басы  мен  беті  бір 
ӛңірдей.  Сонда,  Құнанбайдың  жалғыз  сау  кӛзі,  оның  кӛтеріңкі  жал-
тұмсығының  сол  иығына  шығып  алып,  қалғымай    сақшыдай  бағып,    осы 
ӛңірді  қалт  етпей  күзетіп  тұрған  сияқтанады.  Қоя  беріп,  салғырттығы  жоқ 
сергек қатал күзетші»
2
. Осы портреттік тәсілде  ерекшеленетін детальдар: бір 
ӛңірдей бас, сол бастағы жалғыз кӛз. Кейіпкердің образын беруде портреттің 
ӛзіндік қызметі бары белгілі. Дегенмен, бұл деталь бір ғана образды беруден 
ӛзге  кӛп  жайлардан  хабар  білдіреді.  Біріншіден,  Құнанбайдың  жеке  бас 
ерекшелігі ретінде тануға болады, кейіпкердің болмыс, бітіміндегі ерекшелік; 
екіншіден  кейіпкердің  ішкі  болмысынан  хабар  береді,  үшіншіден,  сол 
қоғамдағы  қызметін,  феодалдық  топтың  «сергек  қатал  күзетшісі»  ретіндегі 
рӛлін байқатады. Осылайша бір ғана деталь романның тақырыптық, идеялық 
мәнін  талдауға  ықпал  ете  алады.  Әрине  шығармадағы  детальдың  барлығы 
терең талдауға апара бермесе де,  шығарманың ауқымды алаңына шығаратын 
«титтей торын» дӛп басып таба білу, ойды ӛрбіте білу детальдық талдаудың 
ең  басты  шарты.  Детальдық  талдауға  оқушылардың  шығарманы    жете 
меңгеруі,  ӛз  ойын  дәйектей  алу  қабілеттері,  шығарманы  тұтас  және  жан-
жақты сараптай алу қабілеттері де үлкен рӛл атқарады.   
Символ  арқылы  талдау    кӛбіне  лирикалық,  эпикалық    шығармаларға 
ыңғайлы. Кӛркем шығармада символдың  ӛзіндік рӛлі бар. Символ – суреткер 
сомдаған  кермек  туындының  түп  негізін  танытатын  аса  мәнді  бірлігінен, 
ұқсастығынан  туындайтын  деректі  бейне.  Символдың  табиғаты  мағынасын 
ашып,  түсінуді қажет  етеді.  Символ  астарлы  мағынаға  бай  болғандықтан әр 
оқушы  ӛзінің  ұғым-түсінігінің  дәрежесіне  сай  тереңдеп  түсініп,  ӛз 
мүмкіндігіне лайық қажетті мәнді табуға талаптанады. Әуелде символ әлемді 
бейнелеп,  тану  үшін  қолданылған.  Кӛркем  шығармада  символдың  мәні 
ерекше.  Мәселен.  С.Сейфуллиннің  «Сыр  сандығы»,  Абайдың  «Жартасы», 
Мағжанның  «Толқыны»  т.б.  символдық  талдау  барысында  ғана  терең 
астарымен танылып, мағыналық мәнін кеңейте, айқындала түседі. 
 
 
                                                           
1
 Педагогикалық ізденіс. –Алматы, Рауан, 1990. Б 219-220. 
2
 Әуезов М. Абай жолы. Шығармаларының толық жинағы 3 том.–Алматы,: Жазушы, 
1986  –15 б. 

116 
 
Шығарма  табиғатын  еркін  ашып,  терең  үңілуге  мүмкіндік  беретін 
талдаудың  бір  түрі  —  герменевтикалық  талдау.  Кӛркем  шығармаға 
герменевтикалық  талдау  оқырманды    таным  түсінік  жағынан  байытатын 
талдау  түрі  десе  болады.  «Герменевтика  —  (от  греч.  hermeneutikos  — 
разъясняющий, растолковывающий) — направление в философии, основной 
проблемой  которого  является  проблема  понимания.    В  педагогике 
герменевтика начинает использоваться как принцип научного исследования,  
требующий  более  осмысленного  и  глубокого  понимания  сущности 
воспитательного  взаимодействия  и  разработки  технологий  обучения.  В 
образовании  одним  из  основных  способов  постижения  истины  является 
обучение пониманию»
1
 Бұл берілген анықтамадан кӛрінетіндей герменевтика 
педагогикалық  процесте  кеңінен  қолданылатын  бір  әдіс  деп  танысақ,  оны 
әдістемелік    мақсатта  да  еркін  қолдануға  мүмкіндік  мол  екен.  Герменев-
тикалық  талдауда  кӛркем  шығарманы  тудырған  дәуірді  терең  түсінуге, 
кӛркем  дүниені  тудырған  тұлғаның  болмысын  тануға,  шығармадағы   ойдың 
терең астарына бойлауға, тереңнен қазып әр құбылыстың ерекшелігін тануға, 
әр қолданыстағы сӛздің астарына үңілуге мүмкіндік туады. Герменевтикалық 
талдау  жүргізуге  ауыз  әдебиеті  үлгілерін,  ежелгі  дәуір  әдебиеті  ӛкілдерінің 
шығармаларын, хандық дәуір әдебиетінен жыраулар толғауларын, жекелеген 
ақын-жазушылардың шығармаларын нысан қылып алуға болады.  
Мысалы,  Қазтуған  жыраудың  «Мадақ  жырында»      метафоралық  
қолданыста келген күрделі ұғымдар кӛп.  
 «...Ұстаса қашағанның ұзын құрығы
Қалайылаған қасты орданың сырығы... 
Буыршынның бұта шайнар азуы, 
Бидайықтың  кӛл  жайқаған  жалғызы...».    «Қашағанның  ұзын  құрығы» 
деген  қолданысқа  қарағанда  қашаған  жылқыны  ұстайтын  құрықтың  ұзын 
болатыны  бір  аңғарылса,  сол  қашаған  құрыққа    балап  тұрған  тұлғаның  
«қашағанды», яғни, ел ішіндегі бас бұзарларды немесе жауды  тырп еткізбес 
бір  қыры  танылады.  «Қалайылаған  қасты  орданың  сырығы»  деген  ұғымнан 
орданың  қандай  екенін  танытатын  маңдайына  қағылған  белгі  сияқты  елдің 
бет-бейнесін танытарлық бір қыры, елге тіреу, таяныш болар тұлғалық сыны 
ашылады. «Батырын кӛріп, елін таны» деген ұғымға саяды.  
Буыршын — еркек түйенің жасы, жас бура. Оның  мұқалмаған тісі бұта 
шайнауға қаншалықты жарамды болса, сипатталып отырған тұлғаның да неге 
салсаң тартынбайтын дер шағынан кӛрініс береді.  
Бидайық —  торғай, үйрек сияқты кӛл құстарына түсетін жыртқыш құс. 
Толғауда  «бидайықтың  кӛл  жайқаған  жалғызы»    деп  беріледі.  Жыртқыш 
құстардың  екі  балапанының  ең  мықтысы  ғана    аман  қалатыны,  ӛз  ұяласын  
әлдісі  жойып,    ата-анасы  тасыған  жемді  үлессіз  жеп  жетілетіні  болады.  
Ендеше, «жалғызы» қолданысы да белгілі бір семантикада берілген. Ал «кӛл 
                                                           
1
 
Коджаспирова  М.Г.,  Коджаспирова  А.Ю.  Педагогический  словарь  М.,  Академа, 
2005.  
 

117 
 
жайқаған»  тіркесі,  кӛбіне,  «шайқаған»,    яғни,    қозғаған  мағынасымен 
алмастырылып      та  ұғынылуы  мүмкін.    Бұл  екі  сӛз  екі  мағынада  қолданы-
лады.  «Кӛл  жайқау»  кӛлді  аласапыран,  астан-кестен  ету,    бұл  әрекет    құс 
қимылын,  әрекеті  мен  мінезін  білдіреді,  сол  арқылы  сипатталып  отырған 
тұлға Қазтуғанның бір қырын танытады. 
Доспамбет жыраудың «Алғаным Әли ағаның қызы еді» деп басталатын 
толғауында   «маңдайы күнге тимеген»,  «желге шашын ӛрмеген», «серпіліп 
адам  бетін  кӛрмеген»    «Қосақай,  Қосай,  Ер  Досай»  сынды  балаларының 
ардақты  анасы,  сүйген  жарының    «қалай  белін  шешкені»  де    түсіндіруді 
қажет  етеді.    «Ер  Тӛстік»  ертегісінде  Кенжекейдің    сүйген  жарын  алыс  та 
қауіпті  сапарға  шығарып  салып  тұрып,  белін  таңатыны,  ол  белдікті  «Ер 
Тӛстік не ӛлгенде шешіл, не аман-есен келгенде шешіл» деп серт қылатыны 
бар.  Яғни,  жарын  соғысқа  аттандырған  сүйген  жар  «жанын  шүберекке 
түюге»,  тілек  тілеп,  амандыққа  бел  бууға  серт  қылғандығын  айқындайды.  
Бұл да адалдық пен амандықтың тілекшісі сипатты бір дәстүр болуы мүмкін. 
Біздің  заманымызға  жетпеген  бұл  дәстүрдің    бір  белгісі  тілімізде  кӛрініс 
береді.  Ӛзі  қан  майданда  жүрген  жауынгер  жырау  Доспамбет  «жағдайсыз 
жаман  қалып  бара  жатқандағы»  жағдайын  айта  отырып,    үйдегі  жарының 
мұңын сезінеді, «қалай да белін шешті екен!..» деп уайым жейді. Жыраулар 
поэзиясы үшін мұндай нәзік кӛрініс пен сезімдерді жеткізу — сирек құбылыс.  
Осы  күнгі  тілімізде  қолданылып  жүрген    бір  іске  бет  бұру,    орындауға, 
атқаруға  шешім  қабылдау  ұғымдарында  қолданылып  жүрген  «бел  буу» 
тұрақты тіркесі біз түсіндіріп отырған  дәстүр мен салттан туындауы да әбден 
мүмкін.  
Шалкиіз «Би Темірге  бірінші толғауында»: 
Аспанды бұлт құрсайды — 
Күн жауарға ұқсайды,  
Кӛлдегі қулар шулайды — 
Кӛкшіліден ол айуан 
Соққы  жегенге ұқсайды, 
Кӛп ішінде бір жалғыз 
Кӛп мұңайып жылайды —  
Күйбеңдескен кӛп жаман 
Сӛзі  тигенге  ұқсайды...,  -  деп  толғайды.  Паралеллизм  тәсілімен 
беріліп отырған жалғыздық сарыны. Кӛп ішінде жалғыздыққа қамап отырған 
күйбеңдескен  кӛп  жаманның  сӛзі.  Толғаудағы  күйбең  сӛзінің  мағынасы  да 
әдеттегіден  ӛзгеше.  Күйбеңдеу,  күйбең  тірлік  ұсақтықты  білдіреді.  
«Күйбеңдескен кӛп жаманның» әрекеті де сондай ұсақ.  
Туырлықсыз қара үйге 
Ту байламақ не керек! 
Туғаны жоқ жалғызға 
Кӛп ішінде суырылып, 
Жауға шаппақ не керек! 
Бұл толғауда да «туырлықсыз қара үй» тіркесі  ӛзекті ойға қызмет етіп 
тұр.  Керегенің  сыртынан  жабылатын  киіз,  туырлық  болмаса  үйдің  жылу 

118 
 
сақтамас,  аңғал-саңғал    болғаны.  Оның  үстіне  қара  үй  болса,  тіпті  де 
кішкентай,  жұпыны  болғаны.    Қазақта  үйдің  кереге-қанатына  байланысты 
шаруашылыққа  тігілетін  кӛлемі  шағын  қара  үйден  бастап,  он  екі,  он  сегіз 
қанат  ақ  ордаға  дейінгі  атаулары  кездеседі.  Қара  үй  тіркесі  осы 
ерекшеліктерге  қатысты  қолданыс  тапқан.  Ту  байлау  тіркесі  де  мағыналық 
жағынан  кең  түсіндіруді  керек  етеді.  Осы  айтылғандар  сияқты  сӛздің 
мағынасын тану арқылы автордың ойын айқындау, толғаудың философиялық 
мәнін  ашу  қажеттігі  туындайды.  Сӛздер  мен  сӛз  тіркестерінің  әлеуметтік 
астары,  терең  мағыналары,  философиялық  қабаттары  бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет