А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата24.03.2020
өлшемі2,39 Mb.
#60674
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva


Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары: 
 
1.Әдеби жанр ұғымын қалыптастырудың дидактикалық  мақсат, міндеттерін 
саралаңыз. 
2.Әдебиеттану  ғылымында  белгілі  әдебиеттің  тектері  мен  түрлерінің 
жіктемесін түзіңіз.  
3.Жалпы білім беретін мектептердегі әдеби-теориялық білім мазмұнын 
сипаттап жызыңыз. 
4.Әдеби-теориялық білімнің сыныптар бойынша жіктелісі қандай? 
5.Әр сынып бойынша берілетін әдеби-теориялық білім беру жолдарын 
түсіндіріңіз.  
6.Жыр жанрының ӛзіндік ерекшелігін сипаттаңыз, оны оқытудағы негізгі 
әдіс-тәсілдерді саралаңыз.  
 
Әдебиеттер тізімі:  
1.Мырзағалиев. Қ. Әдебиет сабағында әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту.А.,  
Мектеп, 1973. -115 б. 
2.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985. 
3.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасының очерктері. Алматы, 1962. 
4.Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. V  – 
IX,  X – XI  сыныптар, - А., 2013. 
5.Ақшолақов  Т.  Шығарманың  кӛркем  айшықтарын  таныту  /әдістемелік 
нұсқаудық/ А., Рауан, 1998.   
 
Қосымша: 
1.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі А., Рауан,1997. 
2.Беленький Г.И. Приобщение к искусству слова. Москва:Прос.,1990. –192. 
3.Алпысбаев  Қ.  Кӛркем  шығарманы  жанрлық  жағынан  талдау  //  Қазақ  тілі 
мен әдебиеті, 1991. - № 1. 
 
 

156 
 
ІІІ. 2.ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
1.Жалпы  білім  беретін  мектептерде  лирикалық  шығарманы  оқытудың 
дидактикалық мақсат, міндеттері. 
2.Лирикалық  шығармалардың  ӛзіндік  ерекшелігі,  оны  талдауда 
оқушының таным белсенділігін аттыру жолдары.  
3.Мектепте оқылатын шығармалардың тақырыптық қырлары.  
4.Лирикалық шығармадағы пейзаж жанры. 
5.Лирикалық шығармаларды оқытуда кіріспе  жұмыстардың маңызы.  
Жалпы  білім  беретін  мектептерде  лирикалық  шығарманы 
оқытудың дидактикалық мақсат, міндеттері. Жалпы білім беретін  қазақ 
мектептерінің  бастауыш сыныптарынан  бастап  жоғарғы  сыныптарына  дейін 
қазақ  әдебиетінен  берілетін  білім  мазмұнының  тӛрттен  бірін  лирикалық 
шығармалар құрайды. Яғни, мектепте әліппеден  әдебиеттің тарихи  курсына 
дейін  жалғасатын  әдеби    білім  беру  сатысында  лирикалық  шығармалар 
кеңінен  оқытылады.  Дегенмен  осы  тектес  шығармаларды  оқытудың  мақсат, 
мүддесі,  әдіс-тәсілдері  әр  сыныпта  әртүрлі.  Бастауыш  сыныпта  оқытылатын 
ӛлең  шумақтары  оқушыларға    кӛркем  сӛзбен  жасалатын  ӛмір  кӛріністерін 
түсінуге, сол арқылы қоршаған орта ерекшеліктерін жете тануға кӛмектеседі. 
Жылдың  тӛрт  мезгілі,  олардың  ӛзіндік  ерекшеліктері,  табиғат  сырлары 
түсіндіріледі.  Ӛлеңді  түсініп  оқуға,  жүргізіп  оқуға,    жаттауға  бейімделеді. 
Сондықтан  бастауыш  сыныптардағы  берілетін  лирикалық  шығармалардың 
дені жаттауға лайықталады да баланың есте сақтау қабілетін шыңдап, зейіні 
мен есінің ұзақтығын, беріктігін қалыптастыруға да ӛзіндік үлесін қосады. 
Орта  буын  сыныптарда  ӛлеңнің,  ӛнердің  сиқырлы  күшін,  кӛркемдік 
ерекшелігін,  кең  дүниетанымын    байқатуға  бағытталады.  Сол  арқылы 
оқушыларға  эмоциялық  ықпал  етуге,  сезім-күйін  тәрбиелеуге,  шығармашы-
лыққа  жол  ашуға    күш  салынады.  Айтушының  сезім-күйіне  оранған  ӛлең 
үлгілері  арқылы    қарасӛзбен  жазылған  шығарма  мен    ӛлең  туралы  алғашқы 
ұғымдары  қалыптасады.    Ӛлең  мазмұнындағы  сыртқы  әлем,  қоршаған  орта 
сырларын түсіне бастайды.   
Жоғарғы сыныпта лирикалық шығармалар белгілі бір   тұлғаның  әдеби 
мұрасына  қатысты  оқытылады.  Аталған  сыныпта  оқушылар  ӛлең  мағынасы 
мен мәнін, тақырыбы мен идеясын, лирикалық қаһарманның сезім толқынын 
ұғынуға,  ӛзінше  ой  толғап,    пікір  пайымдауға,    салыстырулар  мен  сыни 
кӛзқарастарға    кӛбірек  назар  салады.  Лирикалық  жанрдың  ерекшелігіне 
қатысты  нақты  тұжырымдар  кӛп.    В.  Г.  Белинский:  «Лирика  –  поэзияның 
жаны»,– деп түйеді. «Лирика қандай болса идеяны, ішкі сезімді қамти алады. 
Лирика  мылқау  түйсікке  тіл  бітіріп,  образ  береді,  оларды  ыстық  кеуденің 
қысымынан кӛркем ӛмірдің тың ауасына шығарып, ӛзгеше ӛмір сүргізеді»
1
 – 
деп, лирикалық шығарма табиғатын айқындай түседі. 
                                                           
1
 Белинский В.Г. Избранное. Эстетика и литературная критика М., 1950, 473 с. 

157 
 
Әдіскер-ғалым Ә.Қоңыратбаев: «Лирикалық ӛлең- жырлардың тағы бір 
ерекшелігі  –  кӛлемі  шағын  келіп,  ой  тұжырымдалып  айтылатындықтан, 
сӛздің мәндік және мағыналық қасиеті, салмағы арта түседі»,-  дейді
1
.   
Лирика  кӛне  жанр  ретінде  әдебиеттану  ғылымында  кӛп  зерттелгені 
мәлім.  Ал  мектепте  лирикалық  шығармаларды  оқыту  мәселесін  зерттеген 
әдістемелік  еңбектерден  айтар  болсақ,  негізінде  әдебиетті  оқыту 
әдістемесінен  жазылған  зерттеу  еңбектерінде  лирикалық  жанр  сырт  қалған 
емес.  Аталған  жанрды  оқыту  мәселесін    қарастырған  арнайы  зерттеулер  де 
бар.  М.А.Рыбникова,
2
  В.В.Голубков,
3
  Н.И.Кудрящев,
4
  В.А.Никольский,
5
 
З.Я.Рез
6
 т.б. еңбектерінде лирикалық шығармаларды оқыту  мәселелерін жан-
жақты қарастырады. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі аясында да әдістемелік 
еңбектер,  зерттеу  еңбектері  жарық  кӛрді.  Атап  айтсақ:  Ж.Нұрмаханов, 
Ә.Дайыровалардың  «Орта  мектепте  лириканы  оқыту»
7
  атты  оқу  құралы 
жарияланған.  Оқу  құралында  лирикалық  шығармаларды  оқытудың  кейбір 
әдіс-амалдары  кӛрсетіліп,  лирикалық  шығармаларды  оқытуға  байланысты 
сабақ  үлгілері  берілген.  Бұдан  ӛзге  Д.С.Аңсабаевтың  «Орта  мектептің  5-9 
сыныптарында  лирикалық    шығармаларды  оқыту» 
8
атты  ғылыми-зерттеу 
еңбегі 
жарияланды. 
Әдістемелік 
зерттеу 
еңбегінде 
лирикалық 
шығармалардың  ерекшелігі  сипатталып,  оны  оқытудың  әдіс-амалдары 
қарастырылған. Еңбекте кӛбіне дәстүрлі оқыту жүйесі негізге алынады.   
Әдебиетті  оқыту  әдістемесі  ғылымында  жеке  қаламгер  шығарма-
шылығын  оқыту  әдістемесінен  жарық  кӛрген  ғылыми  зерттеу  еңбектерінің 
бір  қатарында  лирикалық  шығармаларды  оқыту  әдіс-тәсілдері  сӛз  етіледі. 
Атап  айтар  болсақ:    Ә.Дайырова.  «Орта  мектепте  I.  Жансүгіровтің  твор-
чествосын оқыту»; (1969)
9
 Б.Д. Жұмақаева «Абай  Құнанбаев шығармаларын 
қазақ  мектептерінің  5-8  сыныптарында  оқыту  әдістемесі»  (2003);
10
 
Н.Дӛкенова  «М.Жұмабаев  шығармашылығын  оқыту  әдістемесі»  (2006)
11
 
сияқты  ғылыми-зерттеу  еңбектерінде  зерттеу  нысанына  алынған  қаламгер 
                                                           
1
 Қоңыратбаев Ә. 4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы. А.,  Мектеп, 1987. 4-5 б. 
2
 Рыбникова М.Н. Очерки по методике литературного чтения М., 1971 -72 б. 
3
 Голубков В.В. Методика преподавание литературы. М., 1962. 81-82 с. 
4
 Кудрящев Н.И. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы. М.,1977 -39 с. 
5
 Никольский В.А. Методика преподавания литературы в средней школе. М., 1971 -
48-49 с. 
6
 Рез З,Я. Изучения лирики в школе ІҮ-ҮІІ классы. М.,  1968. -21-23 с.
  
7
 Нұрмаханов Ж., Дайырова Ә. Орта мектепте лириканы оқыту. А., Рауан. 1991.  
8
 Аңсабаев Д.С. Орта мектептің 5-9 сыныптарында  лирикалық шығармаларды оқыту. 
пед. ғыл. кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. А., 2003. 
9
 Дайырова Ә. Орта мектепте I. Жансүгіровтің творчествосын оқыту. –А.,1969.  
10
 Жұмақаева Б.Д. Абай Құнанбаев шығармаларын қазақ мектептерінің 5-8 сыныпта-
рында оқыту әдістемесі. Пед. ғыл. кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындал-
ған диссертация. А., 2003. 
11
 Дӛкенова Н. М. Жұмабаев  шығармалшылығын оқыту әдістемесі. Пед. ғыл. 
кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.– А., 2006; 

158 
 
шығармашылығын  оқыту  әдіс-тәсілдері ұсынылып,  оқытудың  дидактикалық 
мақсат, міндеттері, ғылыми негізі сараланған.  
Мектеп  практикасында  әдеби  мәтіндердің  ішінде  лирикалық  шығар-
маларды  талдау  мен  тану  күрделі.  V-ІХ  сыныптарда  жүз  қырықтан  аса 
лирикалық  шығарма  оқытылады.  Олай  болса,  мектепте  қалыптастырылатын 
әдеби  білім  мазмұны  лирикалық  шығармаларға  да  тиесілі.  Лирикалық    шы-
ғармалар    жанры  мен  тақырыптары  жағынан  алуан  түрлі.  Әйтсе  де  лирика-
лық  шығармаларды  талдап  танудың,  оқытудың    жалпыға  ортақ  заңды-
лықтары мен белгілі бір әдістемелік жүйесі болуы керек.  
«Лириканы  оқытуда  әлі  де  мазмұнын  жалаң  хабарлау,  ӛнер  тілін 
түсініктілік  тіліне  айналдыру  сияқты  бір  жақтылық  басым.  Информациялық 
материал ӛнер ӛрнегімен қабыстыра берілмейді, демек ӛнердегі мазмұны мен 
форма  бірлігі,  ой  мен  сұлулық  тұтастығы  сақталмайды.  Шығарманың 
кӛкемдігі  мазмұн  мен  форманың  бірлігінен  тұратыны  мәлім»
1
  деп  түйеді 
зерттеу еңбегінде Д.Аңсабаев.  
Лирикалық  шығарма  табиғаты  эпикалық,  драмалық  шығармалардан 
ӛзгеше.  Лирикалық  шығармалардың  жанрлық  ерекшелігін    сипаттайтын  
еңбектер кӛп (М.Бахтин, Л.Тимофеев, Д.С.Лихачев, Г.Поспелов, Н.А.Гуляеев, 
З.Қабдолов,  З.Ахметов  т.б.).  Лирикалық  шығарма  кӛлемі  жағынан  шағын 
болып  келеді  де  эмоцияға,  сезім  күйге  құрылады.  Лирикалық  шығармада 
ақынның  дүниетанымы, сыртқы ортаны, ӛмір құбылыстарын  елестетуі мен 
сезінуі,  ӛзіндік ой жүйесі образды сӛздің қуатымен ӛрнектеледі.  
Лирикалық  шығармалардың  ӛзіне  тән  ерекшеліктері  мен  олардың 
жанрлары  туралы  ұғым-түсінікті  оқушыларға  мектеп  қабырғасында 
қалыптастыру  кӛзделеді.  Аталған  ерекшеліктеріне  байланысты  лирикалық 
шығармаларды оқыту әдіс-тәсілдері де түрліше болмақ.  
Лириканың  жанрлық  ерекшелігіне  байланысты  оқытудағы  кездесетін 
қиындықтар  мен  кемшіліктер  туралы  әдіскер-ғалым  Г.Құрманбаева  «Сырлы 
да  нұрлы  жыр  әлемі»  мақаласында:  «Мектепте  ӛлеңді  ӛту  оңай  сияқты. 
Прозалық, не драмалық шығарма емес, оқуға жеңіл» – деп ойлаймыз. Ал шын 
мәнінде  поэзияны,  яғни  ӛлеңді  оқыту  қиынның-қиыны,  оның  себебі: 
біріншіден,  кей  мұғалім  ӛлеңді  ӛзі  сүймейді,  оқушыны  ӛлең  ӛмірге  ендіре 
алмайды, екіншіден ӛлеңдер бір сарында ӛтіледі, үшіншіден, ӛлеңді сауатты 
талдай  алмаймыз,  міне,  осыдан  ӛлең  оқылмайды.  Бала  ӛлеңге  қызықпайды, 
әдебиетші мұғалімге поэзиялық шығармаларды оқыту едәуір қиынға соғады. 
Тұтас  45  минут  бойы,  ӛлеңнің  әр  тармағындағы,  шумағындағы  ойды 
жеткізуде, талдауда ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыны ой 
тереңіне бойлата білу керек»
2
 – дейді. 
                                                           
1
 Аңсабаев Д.С. Орта мектептің 5-9 сыныптарында  лирикалық шығармаларды оқыту. 
Пед. ғыл. кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.– А., 
2003. - 33 б.
 
2
 Құрманбаева Г.  Сырлы да нұрлы жыр әлемі // Жасымда ғылым бар деп ескермедім. 
А., 1995,  -114-115 б. 

159 
 
Лирикаллық  шығармалардың  өзіндік  ерекшелігі,  оны  талдауда 
оқушының таным белсенділігін арттыру жолдары. Лирикалық шығармаға 
поэтикалық тіл қызмет етеді. Поэтикалық тіл ақынның жан тебіренісін, биік 
сезімін  жарыққа  шығарады.  Образды  ой  мен  поэтикалық  тілдің  тереңіне 
үңіліп,  лирикалық  қаһарман  арқылы  жарыққа  шығатын  авторлық 
толғанысты,  дүниетанымды,  ақындық  мақсат,  мүддені,  сезім-күйді  тану, 
оқушыларға  ғана  емес,  ересектер  үшін  де    біршама  күрделі.  Авторды  жете 
түсіну  үшін    дүниетанымдық,  тілдік  әлеуеттің  де  жоғары  болуы  қажет.  Ал, 
оқушыларда бұл әлі қалыптасу үстіндегі  үдеріс.  
Кӛркем  шығарманың  тууы  мен  оқырман  санасында  сәулеленуінде 
үштік одақтың бірлігі болуы керектігі кейінгі зерттеулерде жиі айтылып жүр. 
Сонда таным,  дискурс автор →  кӛркем шығарма → оқушы арасында қалып-
тасады.  Автор  ӛмір  сүрген  уақыт,  орта,  кезең,  таным-түсінік,  құндылықтың 
кӛркем  шығармадағы  бейнесін  оқушының  қабылдауы,  түсінуі,    зерделеуі, 
бағалауы  кӛптеген  факторларға    қатысты.  Мәселен,  жыраулық  поэзияның 
дүниеге  келген  тұсы  мен  бүгінгі  уақытты  немесе  ХVІІІ  –ХІХ  ғасыр 
туындыларын, тіпті кешегі кеңес кезеңіндегі  шығармалардағы уақыт, кезең, 
құндылық  бүгінгі ұрпақ санасында  қалай жаңғырады?    Белгілі  бір дәрежеде 
түсіну  болғанымен,  түйсіну  қаншалықты  жүзеге  асады?  Бүгінгі  уақыт  пен 
құндылық қандай, оның арақатысы қаншалықты деген мәселелер туындайды. 
Поэтикалық  мәтінді  зерттеген  кӛптеген  ғалымдар  поэтикалық  тілдің  
табиғатын  жан-жақты  қарастырады.  Кӛркем  мәтінге    филологиялық  талдау 
жасаған  Ю.В.Казарин.  Поэтикалық    мәтінде  ой  ӛрнегі  бірнеше  формада 
кӛрініс табатынынын айтады.  
-  Ӛлеңдегі  графикалық  форма  (тармақ,  шумақ,  шрифт,  тіпті  мәтіннің 
жазылу қалпы мен түсі де енеді); 
-  Ӛлеңнің  дискурстық  формасы  (екпін,  қарқын,  ырғақ,  әуенділік 
белгілері); 
-  Ӛлеңнің  фонетикалық  (фондық)  формасы  (мәтіннің    мағыналық 
фонының құрылымы); 
-  Ӛлеңнің  тілдік  формасы  (поэтикалық  мәтіндегі  тіл  бірліктері  ӛрне-
гінің жиынтық жоспары). 
Кӛркем  шығарманы  талдаудағы    басты  ұстаным  мазмұн  мен  пішінді 
(форманы)  бірлікте  қарастыру  екендігі  белгілі.  Кӛркем  мәтінмен  алғашқы 
ұшырасуда  кӛзге  кӛрінетіні  оның  формасы.    В.Г.Белинскийдің  айтқанындай 
«Сӛз  -  ойдың  кӛрінісі»,  яғни  ойдың  киімі  -  сӛз.  Автор    толғанысы  мен  ой 
түйінін  қандай  сӛзге  орады,  қандай  сӛзді  таңдап,  талғап  алды?  Ойды  қалай 
ӛреді? Бұл ӛлеңнің алғашқы қалпында кӛзге ұшырасады. Ӛлеңнің графикалық 
формасы  кӛркем  шығарманың  бейтарап  қалпы  сияқтанғанымен,    мәтінді 
визуалды қабылдауда, белгілі бір дәрежеде, алғашқы әсерді қалыптастырады. 
Сондықтан  кӛркем  шығарманы  талдаудағы  кӛрнекі  құралдың  бірі  кӛркем 
мәтіннің ӛзі болуы заңды.  
Ӛлеңнің  дискурстық  формасы  оқушының  кӛркем  шығарманы  кӛркем 
қабылдауын  ұйымдастыру  міндетіне  қызмет  етеді.  Әдіскер-ғалым                          
Ә.Қоңыратбаев: ... «Я. А. Коменский әсерді, адамның қабылдауын сезімінен 

160 
 
бастайды.  Бала  қай  затты  болса  да  әуелі  бес  сезім  арқылы  (кӛру,  есту,  қол, 
тіл,  сипау)  танып  біледі.  Балаға  керегі  сӛз,  ереже  емес,  кӛркем  сӛздің  ӛзін 
тӛтелеп  оқып,  содан  білім,  әсер,  қоғамдық  таным  алу.  Соның  кӛбін  бала 
мәтіннің  ӛзінен  ғана  алады.  Алғашқы  жинақтау  –  кіріспе  сӛз  емес,  тексті 
оқудан  ӛткізіп,  соның  нақты  мазмұнын  игеру.  Оқудан  соң  шығарманың 
тақырыбын тапқызсақ – бұл тексті оқудан туатын алғашқы жинақтау болмақ. 
Екінші саты – сол шығарманың формасын таныту. Бұл – арқылы категория-
сына  құрылған  жұмыс,  танымның  ғылыми  сатысы.  Оның  шығарма  идеясын 
тапқызу арқылы жинақтаймыз. Соңғы жинақтау тұсында болса сол екі оқудан 
алған білімі мен әсерін ӛздігінше игеріп байытады. Бұл үш сатының үшеуі де 
жүйелі  түрде  жатығу  арқылы  іске  асады.  Ол  тез  саналы  оқуға  (қол),  есте 
қалдыруға негізделеді. Жүйелі түрде жүргізілген жаттығулар білімді дағдыға 
айналдырады.  Бізде  де  нақты  тексті  сабақтан  алшақтатып,  немесе  соның 
мазмұнын  кіріспе  сӛзбен  қабаттастырып  ӛзі  айтып  беріп,  жүрдек,  саналы 
оқуға,  шығарма  мазмұнын  игеруге  мән  берілмейтін  жайттар  бар.  Ондайда 
мұғалім  негізгі  обьект  болған  кӛркем  мәтінен  де,  оқушыдан  да  қол  үзеді. 
Сӛйтіп,  бос  сӛзге  әуес  мұғалімдер  текістің  ӛзін  оқудан  туатын  алғашқы 
сезімдік қабылдауды елемейді»
1
 – дейді.  
Ендеше  кӛркем  қабылдауды  ұйымдастыруда  ӛлеңді  мәнерлеп  оқуға 
басымдық  береміз.  Мәнерлеп  оқу  кӛркем  мәтінді  аудиалды  қабылдаудың 
тетігі.  Автордың  ой-пайымымен  кӛркем  шығарманы  сӛйлету  күрделі  
әрекеттің бірі.  Кӛркем мәтіннің болмысына терең бойлап, жете меңгермейін-
ше    оны  сӛйлету  қиын.  Ӛлеңдегі  әр  сӛз,  бунақ  белгілі  ой  ағымын  ұсынады. 
Оны  дәл  сол  мәнінде  тиісті  ырғағымен  оқу  үлкен  шеберлікті  талап  етеді.                
Т.Ф.Қурдюшева  орта  мектеп  іс-тәжірибесіндегі  кӛркем  шығармаларды 
қабылдаудың  тиімділік  әсерін  4  кезеңге  бӛліп  қарастырады.  1  кезең  – 
қабылдауға  дайындық;  2  кезең  –  мәтінді  оқытудан  кейін  қалыптасатын 
қабылдау, 3  кезең –  талдау кезіндегі тереңірек қабылдау, 4 кезеңі  –  қабыл-
даудағы жинақтау, қортынды
2

Әдебиетті  оқыту  әдістемесі  ғылымында  классикалық  әдістердің  бірі 
саналатын    шығармашылық  оқыту  әдісінің  бір  тәсілі  –  кӛркем  мәтінді 
мәнерлеп  оқу.    Әдіскер-ғалым  З.Я.Рез  шығармашылық  әдістің  бірнеше 
тәсілдерін ұсынады. Кӛркем мәтінді мәнерлеп оқу, сахна шеберлерінің оқуы 
т.б.  Кӛркем  мәтінді  мәнерлеп  оқуда  дауыс  ырғағы,  әуезі,  қарқыны,  екпіні  – 
барлығы  да  ӛлеңді  қабылдауда  жағымды  жағдай  туғызушы  компоненттер 
болып  есептеледі.  Ӛлеңдегі  ой  кідірістері,  психологиялық  кідірістердің  де 
ӛзіндік ықпалы  болады.  
Мәтіннің мағыналық фонының құрылымы - кӛркем мәтіннің пішінінен 
мазмұнына  қадам  жасауды  нұсқайтын  нысан.    Егер  әр  сӛзді  таңба  деп 
қарастыратын  болсақ,  әр  таңба  бір  ойдың  бейнесі.  Поэтикалық  ӛлең  мәтіні  
                                                           
1
 Қоңыратбаев Ә. 4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы. А.,  Мектеп, 1987. -33 б. 
2
 
Проблемы преподавания литературы в средней школе / Под ред. Т. Ф Курдюмовой. 
– М., 1985.  
 

161 
 
тарихи-мәдени,  рухани  болмыстың,  автордың  шығармашылық  әлемінің 
құрылымы мен жүйесін танытатын кӛптеген таңбалардың құрылымы болып 
есептеледі. 5-сыныпта оқылатын  М.Мақатаевтың «Мен таулықпын» ӛлеңінің 
мәтініне назар аударалық: 
Тау - алып жүрек Ана туған  
Мен – таулықпын! 
Таудан мен жаратылғам. 
Киіктің сүтін еміп ержеткенмін, 
Қуат алып қыранның қанатынан
 
Мен таулықпын! 
Таудан мен жаратылғам. 
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам. 
Күн алғашқы
 
сәулесін маған шашып, 
Маған келіп түнейді қара тұман
 
Тау ұлымын, 
Тау – менің дәу бесігім, 
Мен оның әуресімін, сәулесімін. 
Асқар шыңдар желпиді бесігімді, 
Бір орамын ағытып сәлдесінің. 
 
Мен – таулықпын! 
Таудан мен жаратылғам.  
Тау деген Ана туған, дара тұлғам, 
...Тауға барып, 
Кӛкке ұшып кетсем бе екен, 
Ұстап алып қыранның қанатынан...
1
 
Ӛлеңде тау заттық ұғымнан символдық белгіге айналған. Тау – ӛрліктің 
биіктіктің,  тазалықтың,  даралықтың  белгісі.  Ӛлеңдегі  мағыналық  фонды 
құрайтын заттық ұғымдарда «тау», «бұлт», «қыран», «жай оғы», «асқар шың» 
–  таудың  символдық  бейнесін  айқындайтын  бірліктер.  «Тау  –  дәу  бесік»  - 
қолданысы  ұлттық болмысқа қатысты концепт. Ал,  «Асқар шыңдар желпиді 
бесігімді,  Бір  орамын  ағытып  сәлдесінің»  -  деген  тармақтардан    таудың 
кӛркем  бейнесінің  ақын  қиялымен  астасып,    кӛркем  образды  қолданыс  тап-
қанын кӛреміз.  Бұл қолданыста  «тау» — «асқар шың»  –– «бұлт» образдары 
айқындалады. Сонда ақын қиялында «тау — бесігін» асқар шыңдар ағытқан 
«бұлт — сәлдесімен» желпиді.  Ӛлеңде мекеншақты танытатын «Күн алғаш-
қы
 
сәулесін  маған  шашып,  Маған  келіп  түнейді  қара  тұман»  сияқты    тар-
мақтар бар. Екі тармақта антитезалық қолданыстар арқылы  күн мен түн, ақ 
пен қара,  жарық сәуле мен қараңғы түнек  ұғымдарын  туындата отырып, уа-
қытты да, кеңістікті де қамтыған.  
                                                           
1
 Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық.  –А., 
Атамұра, 2013. 

162 
 
Ӛлеңде  тау  сияқты    басқа  да  табиғат  перзенттері:  «киік»  пен  «қыран» 
таңбаланады.  «Киіктің  сүтін  еміп  ер  жетуі»  ақынның  табиғаттың  киелі 
кәусарынан  сусындап,  арман-қиялының  асқақтығына  «қыранның  қанатынан 
қуат алуы»  жеткізгені ӛрнектеледі. Мұнда да жер мен кӛк мекеншақ ұғымын 
тудырады. Табиғат – биологиялық, рухани қуат кӛзі ретінде таңбаланады.  
Ақын  да  тау  кейіптес,  тау  мінездес,  «бұлт  бүркенеді»,  «жай  отын  ала 
туады». Ақынның «мені» мәтінде тау ұғымымен қабаттасады («Күн алғашқы 
саулесін маған шашып, Маған келіп түнейді қара тұман»). Ӛлеңде ақынның 
эмоциялық  күйін  танытатын    пофосты  сӛз  қолданыстары  –  «таудан  мен 
жаратылғам»,  «Тауға  барып,  Кӛкке  ұшып  кетсем  бе  екен,Ұстап  алып 
қыранның  қанатынан...»  ұшырасады.  Биіктен  биікке  ӛрлеу,  қиялдың    қанат 
қағып, ӛрге самғауы осы шумақтарда еркін танылады. Ӛлеңнің ассоциативті-
мағыналық  фоны  «Тау  деген  Ана  туған,  дара  тұлғам»  тармағында  бейне-
ленген.  Ана  → Тау→ дара → тұлға немесе   тау  - дара, тау - алып жүрек, 
тау- тұлға, тау дәу бесік.  Cонымен қатар табиғат – Ана  – тау–перзент ұғым-
дары  ӛріледі.  
Автордың  ассоциативті-психологиялық  күйі  ӛлең  мәтінінде  еркін 
танылады.  Мәселен, ақын таулық, тау мен ол бір-бірінің иелігінде. Ақын мен 
тау егіз ұғым ретінде  ұсынылады, яғни тау – мекен, тау – жаратылыс негізі. 
Ой қайталана отырып  ӛрбиді.  
Адам жаратылысында табиғатқа тәуелді. Барлық күш-қуатын, несібесін 
қоршаған ортадан алады. Адамның рухани күшінің қайнар кӛзі де табиғатта.  
Табиғат  тылсымын  жүрекпен  болжап,  бағамдайтын  ақынның  қай-қайсы  да  
мұны жырмен ӛрнектейді.  
Мұқағали шығармаларында символдық  қолданыстар кӛптеп кездеседі. 
Мәселен,  тау,  тау  ӛзені,  түн,  қыран,    дала,    жел  сияқты    ұғымдардың  адам 
жаратылысына  әсер-ықпалы,  одан  туындайтын  шабыт-күй  ақын  шығар-
маларында ӛзгеше  ӛрнек  құрайды.  Адам  да  табиғат  перзенті  ретінде  рухани 
қуат  пен  шабытты  туған  жер,  ӛскен  орта,  қоршаған  табиғи  дүниелерден 
алатынын  аңғартады.  Ақын  шығармашылығында  ӛскен  ӛлкеге  деген  шексіз 
сүйіспеншілігін,  ынтықтығын  сездіріп  отырады.  Аспан  таулар    аясында 
дүниеге келген Мұқағали бір шоғыр ӛлеңінде тауды жырлайды: «Хантәңірі», 
«Жігіттер,  демалайық  тауға  барып»,  «Біздің  таулар  кемедей  шұбатылған», 
«Таудай болғым келеді»,  «Тауда ӛстім»,  «Ілініп түн тұр тауларға»,  «Тау бір 
аңыз»,  «Түсіме  тау  кіреді»,  «Ығысыңдар,  ей  таулар,  ығысыңдар»,  «Мен 
таулықпын» т.б. Осындай кӛркем суретті, сыршыл ӛлеңі «Мен таулықпында» 
ақын  табиғаттың  әсемдігін  жырлай  отырып,  сол  табиғатқа  деген  ӛзінің 
ынтызар кӛңілі мен ой-толғамын білдіреді. Ӛлеңнің басты тақырыбы – ӛрлік, 
биіктік,  асқақтық.    Ақын  табиғат  перзенті  –  таудың  қасиетін  айта  отырып, 
адам  баласының  жан  дүниесіне  бойлайды.  Адам  табиғатындағы,  іс-әреке-
тіндегі  ӛрлік, биіктік, асқақтық, ірілікті дәріптейді. 
Ӛлеңнің тілдік формасын (поэтикалық мәтіндегі тіл бірліктері ӛрнегінің 
жиынтық жоспарын) зерделеу жекелеген  тіл бірліктерінің  жүйесін, ӛлеңнің 
композициялық құрылымын тануға жол ашады.  

163 
 
Ӛлеңдегі  тіл  бірліктерінің  семантикалық  мәнін  айқындағаннан  кейін 
олардың  ӛлеңдегі  құрылымы  мен  жүйесін  аңғаруға  болады.  Ӛлеңнің 
композициялық  құрылымы  қайталаулар  арқылы  шеңбер  түзеді.    Курсивпен 
берілген  сӛздер  әр  шумақтағы  мағыналық  фонды,  экспресивті-эмоциялық 
күйді танытады.  
Әрине,    5-сыныптың  оқушысына  ӛлең  мәтінін  дәл  осы  теориялық 
ұғымдар арқылы түсіндіру немесе сипаттату орынсыз. Тиімді әдіс-тәсілдерді, 
бағыттаушы сұрақ-тапсырмаларды пайдалана отырып сӛздің мәнін ашу,  кей 
сӛздердің  символдық  белгі  екендігін  таныту  қажет.  Ӛлең  мағынасының 
таянышы  болып  тұрған сӛздерді  белгілеу,  олардың  мәнін  әркімнің  ӛз  ұғым-
түсінігі  бойынша  пайымдату,  ӛлеңдегі  ерекше  мәнді  танытатын  сӛздерді 
саралау, жүйелеу, кластер түздіру, ӛлең құрылымын таныту оқушылардың 
ой  белсенділігін  арттыратын  тапсырмалар  болып  есептеледі.  Бұндай 
тапсырмалар  оқушылардың  танымдық  белсенділігімен  қатар,  шығармашы-
лық  мүмкіндігін  дамыта  түседі.  Сонда  ғана    оқушы  білімді  түсіну  арқылы 
талдау, қорыту,  ӛз білімін бағалау кезеңдеріне ӛте алады.  
Лирикалық  шығармалардың  әрқайсысы  жеке  құрылымдық  жүйе 
екендігін  белгілі.  Оларды  оқытуда  қолданатын  әдістерді  жинақтап  айту 
күрделі.  Солай  бола  тұра  біздің  тарапымыздан,  лирикалық  шығармаларды  
талдауда, оқытуда жүйеленген жұмыс түрін ұсынамыз: 
1. Шығарманың басты және қосалқы тақырыптарын табу;  
2. Шығармадағы күрделі сӛздер мен күрделі ұғымдарды анықтау, 
сӛздік жұмысын жүргізу;  
3. Ӛлеңнің құрылысын талдау; 
4. Ӛлеңдегі кӛркем сӛз айшықтарын (троп, фигураның түрлері)  табу, 
мәтіндегі қызметін айқындау;  
5. Шығарманың композициялық құрылымын анықтау, жоспар құру;  
6. Шығарманың синтаксистік құрылым жүйесіндегі ой ағынын, тірек 
ұғымдар арқылы айқындау;  
7. Шығарма идеясын тану;  
8. Авторлық ұстанымды аңғарту.  
Я.А.Коменский  оқу  үдерісіндегі  оқушыға  білім  мен  тәрбие  беру  жұмы-
сын мынадай тӛрт кезеңге бӛледі: 
       1. Сыртқы сезімді тәрбиелейтін жаттығулар. Бұл мақсаттағы жаттығулар 
арқылы  бала  ӛзін  қоршаған  ортаны,  ӛмірді  танып,  олармен  дұрыс  қарым-
қатынас жасауға үйренеді. 
       2.  Ішкі  сезімді  ой-қиял  арқылы  елестету  мен  есту,  қол  мен  тілді 
тәрбиелейтін жаттығулар. 
       3.  Нақты  зат  пен  нәрселердің  кӛлемі  мен  барлық  заттық  нәрселерді, 
құбылыстарды сезіну, осы сезіну арқылы жиналған материалдар негізінде ой-
пікір мен түйсікті дамыту. 
       4.  Ерікке  қатысты;  ұстамдылық,  еңбек  құмарлық,  қабілетті  дамытуға 
бағытталған  жұмыстар.  Осы  бағыттағы  жаттығулардың  барлығын  да  лири-
калық шығармаларды оқытқанда қолану маңызды.   

164 
 
«Мен таулықпын» ӛлең мәтініндегі ойды айқындау, жинақтау, жүйелеу, 
қорыту үшін тӛмендегідей тапсырмалар ұсындық: 
1.Ӛлеңдегі  тауды  сипаттайтын  сӛздерді  белгіле,  сол  сӛздерді  теріп 
жазып жүйеле. 
2.«Асқар шыңдар желпиді бесігімді,  
Бір орамын ағытып сәлдесінің» деген  тармақтарды қайталап оқы, кӛз 
алдарыңа қандай бейне елестейді?  «Сәлде» сӛзі қай заттық ұғымның орнына 
жұмсалып тұр? Асқар шыңның түсі қандай? Сӛз образын, кӛріністі, бейнені 
сипаттап айтып кӛр. 
3.«Күн алғашқы
 
сәулесін маған шашып, 
Маған келіп түнейді қара тұман» деу арқылы ақын нені меңзейді? Осы 
тармақтарда  уақытқа  қатысты  сӛз  қолданыстары  бар  ма?  Тауып  белгіле,  ӛз 
түсінігіңді айт. 
4.Мәтіндегі  Ана  сӛзінің  қолданысына  назар  аудар.  Ӛлеңде  ақын    Ана 
сӛзін қандай ұғымда қолданған деп ойлайсыңдар? 
5.Ӛлеңде табиғаттың тағы қандай перзенттері  аталады.  
6.Ӛлеңді  тұтас  қайталап  оқи  отырып,  тауға  деген  ақынның  қарым-
қатынасы мен сезімін түсінуге талпынып кӛр.  
7.Таудың қай қасиетін ақын ерекше қастарлейді? 
8.«Тау ұлы» тақырыбына ой толғау жаз. 
Мектеп  оқулығында    осы  ӛлең  мәтініне  қатысты  мынадай    тапсырма 
берілген  екен:  «Ӛлеңді  мәнерлеп  оқы,  жаттап  ал»    «Ақынның  ой-арманын 
әсірелеп,  ақын  қиялын  қалықтататын  бейнелі  сӛдерді  дәптерлеріңе  жазып 
алып,  есіңе  сақтауға  тырыс».  «Ӛлеңнен  тау  ұлында  болуға  тиіс  қандай 
қасиеттерді аңғаруға болады».
1
Бұл тапсырмалар дәстүрлі талдауларда мақсат 
етіліп  жүрген  мәтіннің  тақырыбы  мен  ӛзекті  ойын  танытуға  да  жеткіліксіз.  
Оның үстіне ақын тау ұлының қасиеттерін сипаттауды басты мақсат етпейді. 
Тау  ұлына  қатысты  сындық  ұғымдағы  сӛздер,  эпитеттер  мәтінде  жоқтың 
қасы.  Бұндай  дидактикалық жағынан кемшіл сұрақ-тапсырмалар оқушыны 
мейлінше тығырыққа тіреп, ой-қиялын шектейді. 
Мектеп  бағдарламасына  енген  М.Мақатаевтың  ӛлеңдерін  оқытуда 
белгілі  бір  дәрежеде  қиындықтар  бары  рас.  Оның  бір  себебі  мектеп  бағдар-
ламасына енген ақын шығармаларындағы  пафостың басымдығында. Оқушы-
ларға  ӛлең  мәтінінен  мағыналық  танымға  жетуден  гӛрі  сезімдік  танымға 
жету,  түйсіну  әлдеқайда  күрделі  болатыны  рас.  Ақынның  бұдан  ӛзге 
«Фантазия»,  «Барлығы  да  сендердікі»  ӛлеңдері  енген.  «Фантазия»  ӛлеңінде 
ақынның халықтың кешегісі мен болашағы туралы ой толғамдары  танылады. 
Адамзат  әлеміндегі  қиял  барша  ғылым-білімнің,  ғажайыптардың    түрткісі. 
Қазақта  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет