А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата24.03.2020
өлшемі2,39 Mb.
#60674
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva


Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары: 
 
1.Жалпы  білім  беретін  мектептерде  лирикалық  шығарманы  оқытудың 
дидактикалық мақсат, міндеттері қандай? 
2.Лирикалық  шығармаларды  оқытуда  қабылдау  үдерісін  ұйымдастыру  жол-
дарын саралаңыз. 
3.Лирикалық  шығармаларды  жанрлық  ерекшелігіне  қарай  талдау  дегенді 
қалай түсінесіз?  
4.Лирикаллық  шығармалардың  ӛзіндік  ерекшелігіне  қарай  талдауда  оқушы-
ның таным белсенділігін  қалай аттыруға болады? 
5.Лирикалық шығармадағы пейзаж, оны оқыту жолдарын қалай түсінесіз? 
6.Лирикалық шығармаларды оқытуда кіріспе  жұмыстардың маңызын мысал-
мен түсіндіріңіз. 
 
Әдебиеттер тізімі:  
1.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985. 
2.Дайырова Ә.  І.Жансүгіров поэмаларының әлеуметтік тарихи негіздері мен 
кӛркемдік ерекшеліктері. Пед. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін 
дайындалған диссертация. – Алматы, 1964. – 324 б. 
3.Рез З. Изучение лирики в школе. /ІҮ-ҮІІ классы/ -Ленинград: Прос., 1968. – 
176 с.  
 
Қосымша: 
1.Ақшолақов  Т.  Шығарманың  кӛркем  айшықтарын  таныту  /әдістемелік 
құрал/ А., Рауан, 1994. 
2.Құрманбаева Г. Оқушыларды поэзия әлеміне қалай әкелуге болады? //Қазақ 
тілі мен әдебиеті. 1993. № 9. Б 24-27. 
3. Мадер Р. Д. Анализ поэтического текста на уроках литературы. – М., 1979.  
4.Поэтика  художественного  текста  на  уроках  литературы  /  Отв.  ред. 
Богданова О. Ю. – М., 1997.  
5.Проблемы  преподавания  литературы  в  средней  школе  /  Под  ред.                            
Т.Ф.Курдюмовой. – М., 1985.  
6.Жұмақаева  Б.  Абай  Құнанбаев  шығармаларын  қазақ  мектептерінің  5-8  сы-
ныптарында оқыту. А., 2003 ж. 
 
 

184 
 
ІІІ. 3. ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ 
 
1.Жалпы  білім  беретін  мектептердің  орта  буынында  оқылатын  эпи-
калық шығармалар, олардың тақырыптық, идеялық қырлары. 
2.Эпикалық шығармаларды талдап тану. 
3.Прозалық шығармаларда талданатын құрамды элементтер. 
Жалпы  білім  беретін  мектептердің  орта  буынында  оқылатын 
эпикалық  шығармалар,  олардың  тақырыптық,  идеялық  қырлары.  Жалпы 
білім  беретін  қазақ  мектептеріндегі  Әдебиет  пәнінің  ең  ауқымды  бӛлігін 
эпикалық  шығармалар  құрайды.  Эпикалық  шығармалардың  алғашқы  легі 
ертегі,  аңыздардардан  басталады.  Оқушы  жасына  лайықты  бұл  жанрдағы 
шығармалар  5-сыныптан  басталған.  Ертегі,  аңыздар  бастауышта  да  оқы-
латыны  белгілі.  Әдеби  білімнің  алғашқы  сатысында  (5-7  сыныптарда)  оқу 
міндеттері  бастауыш  сыныптардан  ӛзгеше.  Ертегі,  аңыз  ендігі  жерде  әдеби 
жанр ретінде оқылады  әрі оқушы шығармашылығына мол мүмкіндік туғыза-
ды. Аталған сыныпта ертегілерді оқытуға берілген сағат саны да айтарлықтай 
мол. Мәселен:  «Ер Тӛстік», «Керқұла атты Кендебай», «Қырық ӛтірік», «Аяз 
би»,  «Сырттандар»  ертегісін  оқуға  15  сағат  ұсынылған.  Бұл  аталған    тақы-
рыптардың  мазмұны,  құрылымдық  ерекшеліктері,  образдар  жүйесі,  тілдік 
ерекшеліктерін  меңгертуге,  ертегінің  жанрлық  сипатын,  ертегілерден  кӛрі-
нетін халықтың арман-тілегін танытуға үлкен жағдай туғызады.  
Сонымен  қатар  осы сыныпта  әдеби ертегілердің де  оқытылуы аталған 
жанрды кең кӛлемде тануға мол мүмкіндік береді. Әдеби ертегілердің халық 
ертегілерінен  айырмашылығын  таниды.  Осы  орайда    ӛз  бетінше  ертегі 
құрауға  да  бағыт-бағдар  алады.  5-сыныпта  берілетін  Әбділда  Тәжібаевтың 
«Толағай»  ертегісі  ерлік  туралы  аңыздан  туындайды.  Ертегіде  Толағайдың 
ерекше  сипаты,  ерен  іс-әрекеті  танылады.  Шығармадағы  кейіпкердің 
патриоттық іс-әрекеті ұлы істерге деген оқушылардың кӛзқарастарына  ықпал 
етеді.  «Толағай» – ерлік жайлы аңызға негізделген әдеби ертегі.  Ертегідегі 
романтикалық  образ  –    Толағай.  Толағайдың  дүниеге  келуі,  күн  санап  ӛсуі, 
алып  күш  иесіне  айналуы  қазақ  ертегілерінде  кездесетін  дәстүрлі  мотивпен 
ӛрбиді.  Шығарма  сюжеті  екі  бӛлімге  топтастырылған.  Алғашқысында 
Толағайдың  дүниеге келуі  мен қалыптан тыс ӛсуі сипатталса, екінші бӛлім-
де  ел  басына  түскен  қиыншылықтағы  Толағайдың  ерлік  ісі    баяндалады. 
Автор Айсұлу мен Толағайдың образдарын жасауда ертегіге тән элементтер 
мен  жазба  әдебиет  үлгісін  қатар  қолданады.  Шығармада  кездесетін  кӛркем 
тәсілдің басым кӛпшілігі –  теңеулер. Толағай мен Айсұлудың портретін жа-
сауда автор «Туған айдай, ақ меруерттей, қос жұлдыздай, жанған ӛрттей», «ақ 
маралдай,  Ақша  беті  айменен  тең»,  «Айналады,  толғанады,  Кӛбелектей  от 
айналған»  деген  теңеулерді  қолданады.    Шығарма  сюжеті  қарапайым,  тілі 
жеңіл.  Ертегіде ел мүддесі үшін жанын қиған ерен ерлік дәріптеледі. Халық 
үшін  жанын қиған ердің ерлік ісі ел есінде мәңгілік сақталатынын айту ар-
қылы жастарды ел мүддесіне қызмет етуге шақырады. 
Бұдан  ӛзге  Асан  қайғының  Жерұйықты  іздегені,  «Ақсақ  құлан», 
«Жошы  хан»,  «Жиренше  шешен  мен  Қарашаш  сұлу»,  «Жиреншенің  хан 

185 
 
сынағына  түсуі».  «Сұратқан  хан  ақымақ  па,  сұраған  сен  ақымақ  па?», 
«Тайкелтірдің  тӛрелігі»,  «Байдалы  бидің  кӛңіл  айтуы»,  «Қазыбек  би  мен 
Бұқар  жырау»,  «Сырым  мен  Малайсары»,  «Кет-Бұғаның  естіртуі»  сияқты 
аңыз-әңгімелер, шешендік сӛздер ұсынылып, оны оқытуға 8 сағат берілген. 
5-сынып  бағдарламасында  ертегі,  аңыздардың  молынан  берілуі  оқу-
танымдық,  әдістемелік  мақсаттардан  туындайды.  Орта  буын  кӛшкен  кешегі 
бастауыш  сынып  оқушыларын  әдебиеттің  кӛркем  әлеміне  тартуда  ӛздерінің 
жасына,  ұғым-түсініктеріне  етене  жақын  жанрдан  бастап  әдеби-шығарма-
шылыққа  бірте-бірте  үйретуге  үлкен  жағдай  жасалған.    Ертегі  тілі  жеңіл, 
оқиғалары қою, пейзаж, портреттік сипаттаулары жоқ болғандықтан оқушы-
ның түсінуіне үлкен қиындық туғызбайды. 
Орта  буын  сыныптарда  оқылатын  мәтіндерді  жанрына,  тақырыбына 
топтастырып  кӛрсетуге  болады.  Жалпы  орта  буын  сыныптарда  оқылатын 
шығармалар, шығармашылық тұлғалар  ӛмір сүрген дәуіріне тәуелсіз таңда-
малы  түрде  алынған.  Орта  білім  стандарты  бойынша  5-9  сыныптар  әдеби 
білімнің  негізін  құрағандықтан  қазақ  әдебиеті  классиктерінің  ең  таңдаулы 
шығармалары,  қазақ  әдебиетінің,  соның  ішінде  ауыз  әдебиетінен  бастап 
қазіргі  әдебиетке  дейін  оқушы  ұғымына,  танымына,  тұлғалық  дамуына 
қажетті эпикалық мәтіндер таңдап алынған.  
5-сыныпта қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұнында оқылған шы-
ғармадағы ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты, кейіпкерлері, 
ондағы халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер кӛрінісі, табиғат суреті шығар-
мадағы  адамгершілік  мәселелер,  сӛз  қолданыстар  зерделеніп,  оқушыны 
қызықтыратын  оқиғалар  жайлы  пікір  алмасуға  кең  орын  берілген.  Сол 
арқылы  оқушылардың    ӛзіндік  ой-толғамдарын  айтуға,  шығармашылық 
жұмысқа тартуға, жазба тілін дамытуға жол салынады. 
Ауыз әдебиеті үлгілерін беруде жүйелік сақталған. Мәселен, 5-сыныпта 
ертегілерден басталып,  жазба ертегілермен, аңыз әңгімелермен ұласады.  6-
сыныпта батырлар жыры беріледі.  
Орта буын сыныптардағы әдеби материалдарды жанрына қарай жіктеп 
айтар болсақ, 5-8 сынып аралығында қамтылатын шығармалар:  
1.Ертегілер;  
2.Аңыз әңгімелер, 
3.Жырлар:  батырлар  жыры,  лиро-эпостық  жырлар,  тарихи  жыр 
(Күлтегін); 
4.Мысал ӛлеңдер; 
5.Әңгіме  жанры  (кӛбіне  классик  жазушылардың  роман,  повестерінен 
алынған үзінді әңгімелер) 
6.Повестен үзінді; 
7.Поэма; 
8.Баллада  ұсынылған.  
Мысал ӛлеңдер әңгіме жанрынан бұрын берілген. Белгілі бір дәрежеде 
сюжетті  шығармалардың  ерекшелігін  таныту  үшін  мысал  ӛлеңнің  бұрын 
оқылуы  тиімді.  Мысал  –  кӛбіне  ӛлең  түрінде  жазылатын  сюжетті,  шағын 
жанр. Мысал ӛлеңді оқу барысында сюжет ұғымын қалыптастыру мүмкіндігі 

186 
 
мол.  Мәселен,  5-сыныпта  Ахмет  Байтұрсынұлының  «Ӛгіз  бен  бақа»  мысал 
ӛлеңі берілген. Ахмет Байтұрсынұлы «Ӛгіз бен бақа» мысалын 36 жол ӛлең  
түрінде  И.Крыловтан  аударған.  Қазақ  әдебиетінде  алғаш  мысал  жанрында 
жазған  Абай  «Ӛгіз  бен  бақаны»  40  жол  ӛлең  түрінде  аударған  болатын.  Екі 
аударманың  да  тақырыптық,  идеялық  мазмұны  жақын.    Автор  «Ӛгіз  бен 
бақа»  мысал  ӛлеңінде  адам  бойындағы  кӛрсеқызарлық,  күншілдікті  сынға 
алады.  Мысалда  күншіл  бақаның  әрекеті  екінші  кейіпкер  (жолдасының) 
тарапынан да сынға алынады. Ӛлеңнің жеті шумағында кӛл басындағы ӛгізді 
күндеген  бақаның  іс-әркетін  оқиға  желісінде  ӛрбітіп,  соңғы  екі  шумақта  
автор оқырманына қорытынды ғибраттық ой түйеді.  
Мысалда  мінез-құлық,  қасиеттерді  әжуа  ету,  астарлы  сынға  алу, 
дидактикалық  ӛсиет  айту  қалыпты  жайт.  Мысал  жанрында  қолданылатын 
кӛркем тәсілдің бастысы аллегория (пернелеу). Аллегория – нысанға алынған 
құбылысты, не адам қасиетін тура суреттемей, ӛмірде ӛзіне ұқсас басқа  бір 
нәрсемен, құбылыспен құпия теліп,  бүкпелеп, ойды тұспалмен беру  тәсілі. 
Мысалдың  құрылысы  әдетте  екі  бӛліктен  құралады:  бейнелі  әңгіме,  оқиға-
сурет  және    дидактикалық  ӛсиет  болып  келеді.  Аталған  шығарманы  оқыту 
барысында эпикалық тектің шағын кӛлемді түріне жататын мысал жанрының 
осындай ерекшелігін таныту мақсат етіледі.  
5-8  сыныпта  оқылатын  шығармалардың  келесі  бір  үлкен  тобы  – 
әңгімелер.  Қысқа  кӛлемді  әңгімелер  ӛте  аз,  кӛбі  роман,  повестен  алынған 
үзінділер. Яғни әңгіме жанрының табиғатына ұқсас бір шағын бӛлігі.  
Әңгіме  –  оқиғаны  қара  сӛзбен  баяндайтын  шағын  кӛркемді  шығарма 
жанры  екені  белгілі.  Әңгіменің жанрлық  ерекшелігі  оқиғаны  баяндау  тәсілі, 
композициясы, сюжеттік құрылысы, кӛркемдік жүйесі арқылы айқындалады. 
Әңгіменің  кӛлемі  шағын,  кейіпкерлер  саны  аз,  сюжет  ұйытқысын  құрайтын 
оқиғаның  басталуы,  шарықтау  шегі  мен  шешімі  балады.  Онда  адам,  оның 
ӛмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Әңгіме жанры 
туралы  толық  түсінік  берілген  соң,  оның  авторы  туралы  мәлімет  беріледі. 
Әңгіме  жанрын  оқытқанда  оқушылардың  қабылдау,  сезіну  қабілеттерін 
дамытумен  бірге  оларға  әңгімені  ғылыми  негізде  талдай  білу  үйретіледі. 
Бұның ӛзі жазушының эстетикалық және тарихи кӛзқарасымен, ӛзіндік ерек-
шеліктерімен тығыз байланысты болып келеді. 
Бағдарлама  бойынша  5-8  сыныптарда  оқылатын  шығармалар  алуан 
тықырыпты:  ӛмір  құбылыстарын  әр  қырынан  танытарлықтай,  кең  тынысты 
шығармалар деуге толық негіз бар.   
Атап  айтқанда, Мұхтар Әуезовтің  «Ақын  қонақтар»  әңгімесі  берілген. 
«Ақын қонақтар»  – ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі  саналатын  
«Абай жолы» роман эпопеясынан алынған үзінді. Абай шығармашылығында 
ерекше орын алатын тақырыптың бірі – ӛнер. Ӛнер тақырыбына М.Әуезов те 
ерекше  ден  қояды.  Абай  ӛмірі  мен  ӛнерінің  мән-мағынасын  бар  ынта-ықы-
ласымен,  асқан  сүйіспеншілікпен  терең  зерттеген  автор    ӛз  кейіпкері 
Абайдың ӛнер-білім арналарын саралап кӛрсетеді. Абайға   халық мұрасының 
тиізген әсерін нанымды жеткізеді. Тумысынан зерделі баланың рухани алтын 
бұлағы  –  халықтың  ауыз  әдебиеті,  бай  әдеби  мұрасы  екендігін  әңгіме 

187 
 
барысында  айқын  аңғаруға  болады.  Әңгіме  сюжетінен  жас  Абайдың  қонақ-
тарына  деген  ықыласы,  түптеп  келгенде,  халықтың  сӛз  ӛнеріне  деген 
ӛлшеусіз  махаббаты  екендігі  байқалады.  Абайдың  қонақтарына    жасаған 
тартуы  қазақ  ӛнеріне  жасалған  сый-құрмет  екендігі  анық.  Жас  баланың  іс-
әрекет,  мінез-құлқынан  ертеңгі  кемел  тұлғасын  таныған  қырағы  кӛз  Барлас 
ақын  Абайға  бата  береді.  Қазақ  халқында  бата  –  жақсылықтың  жаршысы 
болып есептеледі. Ақын батасы Абай ӛмірінің ақ тілеу серіктесіндей  болып, 
жолын шұғылалы еткендігін әңгіме барысынан түсіну де қиынға соқпайды. 
Мәтіннің  мақсаты:  Зере  мен  Ұлжан  сияқты  аналардың  рухани  байлы-
ғынан  сусындаған  жас  Абайдың қалыптасу  жолын  кӛрсету.  Ақын қонақтар-
дың  жас  Абайға  әсерін,  оның  ӛнер  адамдарымен  достастығы  астарынан 
танылатын халықтың сӛз ӛнеріне деген ықылас, ниетін байқату. Болашақ ұлы 
ақын нәр алған арналарды бағалауға үйрету. 
7 сыныпта оқылатын «Абай жолы» романынан алынған келесі бір мәтін 
«Біржан  сал  Абай  ауылында»  әңгімесі  арқылы  да  ӛнер  тақырыбын  ӛрістете 
оқыту мақсат етілген.  
Ӛнер  тақырыбын,  оның  ішінде  қазақтың  саят  ӛнерін  таныту  Сәбит 
Мұқановтың  «Лашын»  («Ӛмір  мектебі»  романынан  үзінді)  әңгімесін  оқыту 
арқылы  мақсат  етіледі.  «Лашын»  әңгімесі  «Ӛмір  мектебі»  романындағы 
автордың  ӛмір  сабағының  бірі.  Әңгімеде  қазақ  халқының  саятшылық  ӛнері  
байыпты  баяндалады.  Құсбегілік  –  қазақ  халқының  ертеден  келе  жатқан 
кәсібі.  Кезінде  күнкӛріс  кӛзі  болған  бұл  ӛнер  халық  ішінде  атадан  балаға 
мирас  болып  сақталған.  Құсбегіліктің  кәсіптен  ӛзге  азаматтың  ер  болып 
қалыптасуына да зор ықпалы болған. Саятшылық ӛнер бір қатар таным мен 
білім, білікті қалыптастырады: құс баптау ӛнері, табиғат жағдайын, әр құстың 
мінез ерекшелігін тану, әр құбылыс, қимылдың сырын тану, ер баланы шы-
дамдылық  пен  тӛзімділікке,  сән-салтанатқа  баулу,  сол  арқылы  ӛмір  тәжі-
рибесін  жинауға  мүмкіндік  жасайды.  Әңгімеде  автор  халықтың  салт-
дәстүрін,  әдет-ғұрпын  кӛркем    баяндайды.  Әңгіме  жазушының  Балтабай 
ауылындағы мұғалімдік қызметінен  басталады. Әңгімеде Ахметтің құс салу 
шеберлігі,  құстардың  ерекшелігі  кең  суреттелген.  Шығарма  тілі  жеңіл. 
Соғыстан кейінгі жылдардың ауыртпалығын сипаттау, адамдардың бір-біріне 
деген  мейір-шапағатын  таныту    автордың  идаялық  мақсатын  айқындай 
түседі.  Әңгіменің  танымдық,  тағылымдық  мәні  зор.    Сәбит  Мұқановтың 
«Ӛмір  мектебі»  романынан  алынған  «Саятшы  Ораз»  әңгімесі  саятшылық 
ӛнер тақырыбын кеңіте түседі. 
Аталған  тақырып  бойынша  таным,  түсінік  7  сыныптағы  Абайдың 
«Қансонарда  бүркітші  шығады  аңға»  ӛлеңін  оқыту  арқылы  да  толығады. 
Белгілі  бір  тақырыпты  әр  жанрда  қамту  арқылы  сабақтастырып  отыру 
бағдарламының ұтымды тұсы екенін атап ӛткен орынды.   
5-сыныпта оқылатын Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан»  әңгімесі де 
ӛнердің  қасиетін  тануға  ықпал  етеді.  Автор  шығарма  желісі  арқылы  ӛнерге 
деген  үлкен  құрмет  пен  Шоқан  бойындағы  адамгершілік  қасиеттерді  ӛнеге 
етуді кӛздеген. Жазушының «Бала Шоқан» повесі балалар әдебиетіне қосқан 
елеулі  еңбегі  болып  есептеледі.  Семейде  оқып  жүрген  кезінен  Шоқан  ӛмірі 

188 
 
туралы  естіп  ӛскен  қаламгер  кӛптеген  тарихи    деректерді  зерделейді.  
Жазушы ӛз естеліктерінің бірінде: «...Шоқан ӛміріне қатты құмарттым.  Мен 
Шоқан  ӛмірінің    бір  сәтін  іздедім.  Тапқан  да  сияқтымын.  Ол  –    Шоқанның 
кеңсе  күзетшісінің  баласы  Мысықтың    балшықтан  ойыншық  мүсін 
жасағанын кӛріп, талабын танып, оны ӛзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе, 
осы оқиға  маған қатты ұнап, хикаят жазуға жұмылдырды. «Бала Шоқанды» 
осылай  жаздым»  –  дейді.  «Бала  Шоқан»  повесінен  алынған  үзінді  күзекке 
Шыңғыс  ауылының  келгеніне  аса  қуанған  сары  бала  әрекетінен  басталады.  
Кейіпкерлері:  Шоқан,  Мысық,  Шоқанның  анасы,  әкесі,  інісі  Жақып. 
Әрқайсысының  мінез  ерекшеліктері  әңгіме  барысында  олардың  іс-әрекеті 
арқылы ашылып отырады. Автор  бала Шоқанның барлық әрекетінен жасы-
нан ақылды, мейірбан, байсалды  болғанын аңғартады. Автор Мысықтың іс-
әрекеті мен портретінен  шағын ғана ӛз әлемінде жетіліп келе жатқан шебер 
баланың  секемшіл,  үркек  мінез-құлқын  нанымды  жеткізеді.  Шығарма  тілі 
жеңіл, баяндау стилі басым.  
Ӛнер  тақырыбы  5-сыныптағы  С.Жүнісовтің  «Ақырғы  бәйге»  әңгімесі-
мен  де  толыға  түседі.  Ӛмірі  мен  ӛнері  ӛзінің  кӛзі  тірісінде  аңызға  айналған 
Ақан  сері    –  1843-1913  жылдары  ӛмір  сүрген  ірі  тұлға.  Ақынның  ӛмірі  мен 
шығармашылығы  туралы  алғаш  сӛз  қозғаған  Мағжан  Жұмабаев:  «Ақанның 
ӛмірі –  ертегі ӛмір. Судай сұлу, желдей екпінді, жалпақ жұртқа жат, жұмбақ 
ӛмір»  деп  жазады.  Ақан  серінің  қасіретті  тағдыры  жайлы  Ілияс  Жансүгіров 
«Құлагер» поэмасын жазды. Ақан серінің ӛмірі туралы жазылған ең кӛлемді 
шығарма  Сәкен  Жүнісовтің  роман-дилогиясы.  «Ақырғы  бәйге»  «Ақан  сері» 
роман-дилогиясынан алынған. 
Әңгімеде  Ақан  сері  ӛмірінің  бір  кезеңі  баяндалады.  Ақан  ӛнері  мен 
ӛміріне  жасалған  үлкен  опасыздық  Құлагер  трагедиясы  еді.  Әңгімеде 
Сағынайдың  асының  салтанаты,  Құлагерге  берген  Күреңбай  сыншының 
бағасы  арқылы  жүйрік  аттың  сұлу  сипаты,  Кӛкше  ӛңірінің  сұлу  табиғаты 
кӛрінеді.  Автор әңгімеде қазақтың ұлттық ӛнерінің бағасы, атбегілік ӛнердің  
сыры  туралы сүйсіндіре сипаттайды. Шығарма  идеялық  мазмұнында  ӛнерге 
деген  халықтың  құрметі  мен  сүйіспеншілігі  танылады.  Сонымен  қатар    оза 
шыққан жүйрікті аяғынан шалатын, ӛнерімен ерекшеленген жанға іштарлық 
жасайтын  қиянатшыл  топтың    бейнесі  айқын  танылады.  Автор  Құлагер 
тағдыры арқылы жүйріктерін  тұсаулаған кер заманның шындығын кӛрсетеді. 
Сӛздің  кӛркемдік  қуатын  пайдалануда  Сәкен  Жүнісов  қазақ  әдебие-
тіндегі ӛзіне дейінгі үлгі, дәстүрді ұтымды қолдана отырып, ӛз тарапынан сӛз 
мағынасын  кеңейтіп,  түрлендіріп,  ерекше  айшықтап  қолданған.  Шығармада 
қазақ тілінің сӛздік қоры еркін пайдаланылған. 
Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» әңгімесі де сол дәуірде ӛмір 
сүрген  қазақтың  белгілі  тұлғасына  арналған.  Шығарма  қазақ  халқының 
тұңғыш  кәсіпқой  балуаны  Қажымұқан  Мұңайтпасовтың  ӛмірінен  жазылған  
автордың осы аттас повесінен алынған. Қажымұқан – қазақ топырағынан қуат 
алып, ӛзінің ерен күшін қажырлы еңбегі мен азаматтық намысына жаныған, 
жоқшылық ӛмірдің қазанында құрыштай  қайнап шыныққан орасан күш иесі. 
Ол күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған.   Аты аңызға айналған 

189 
 
балуан    28  мемлекетте  күреске  түсіп,  56    медаль  иеленген.    Қалмақан 
Әбдіқадыровтың  «Қажымұқан»  повесінде  балуанның  бала  күннен  күрескер 
кезіне  дейінгі  қалыптасу  жолы  танылады.  Орыс  саудагерінің  шаруасына 
жалданған  «Қар  күреген  баланың»  тосын    әрекетінен  қазақ  сахарасының 
тылсымындай  жойқын  күштің  бала  бойына  даруы  табиғат  берген  куат  пен 
қасиет  екендігі  байқалады.  «Жаяу  сүйреген  шана»  бӛлімінде    ауқатты 
ортаның әділетсіз, ӛзімшілдігі де қылаң береді. Әңгіменің келесі бӛлімінде де 
Қажымұқанның  еңбекқорлығы,  тӛзімділігі,  қажымас  қайраты  танылады. 
Әңгіме  желісі  тартымды  әрі  ғибратты,  қызғылықты  баяндалған.  Әңгіме 
жанрында кең қамтылатын тақырыптың бірі адамгершілік мәселесі.  
5-сыныпта  классик  жазушы  Ғабит  Мүсіреповтің    «Қазақ  солдаты» 
романынан  «Жаңа  достар»  әңгімесі  алынған.  Роман  1945  жылы  «Қазақ 
батыры»  деген  атаумен  жарық  кӛрген.  Кейін  ӛңделіп    қайта  жарияланады. 
Романда  бас  кейіпкер  Қойрош  Сарталиевтің  түп  тұлғасы  Совет  Одағының 
батыры  Қайырғали    Смағұловқа  негізделіп  жазылған.  Ұлы  Отан  соғысына  
қатысқан  мыңдаған  қазақ  азаматтарының  жиынтық  образын  сомдау  уақыт 
талабынан  туындаған  маңызды  шешім  саналатын.  Қаламгер  ӛз  кейіпкерінің 
балалық шақтан бастау алатын ӛмір талқысын шығармада кӛркем бейнелейді. 
Адамның Отанға деген ыстық сезімі балғын шақтағы достықты қадірлеу, ӛз 
сеніміне мығым, сертке берік болудан басталатынын автор кейіпкерлердің іс-
әрекеті арқылы аңғартады. Әңгіме басында жағалауда жолыққан үш кейіпкер 
арасындағы оқиға бірден дамып, тағдырлас балалардың бір-біріне деген ниет 
кӛңілдері  шешіліп  жүре  береді.  Бас  кейіпкерді  ӛз  жағында  сӛйлету  арқылы 
оқиға  мен  кӛңіл  толқынысын  жеткізетін  автор  кейіпкердің  психологиялық 
жайын  терең  ашады.  Кейіпкерлердің    жанды  бейнесі  арқылы  шығарманың 
идеялық астары танылады. Шығармада адамгершілік, достық тақырыбы еркін 
ашылады. 
7-сыныпта  Ғ.Мүсіреповтің  мұнан  ӛзге  екі  әңгімесі  оқытылады.  Ол 
«Ананың анасы»  мен  «Боранды түнде» әңгімелері. 
Автордың «Ананың анасы» әңгімесі – ананың типтік образын сомдаған 
кӛркем туынды. Қазақтың жаугершілік заманының шежіресінде кӛркем ӛріл-
ген  ана  махаббаты  арқылы  әлеуметтік  теңсіздікті,  қоғам  бейнесін,  адамдар 
тағдырын, адамзат ӛміріндегі ана рӛлін автор мейлінше кең арнада танытады.  
Әңгіме  бірнеше  адамның  баяндауында  ӛрбиді.    Әңгімедегі  уақыт  пен 
кеңістік  те  бірнешеу.  Әңгіменің  алғашқы  баяндаушы  кейіпкері  шәкірт-бала 
қарт Әйтілестің әңгімесіне құлақ түрсе, қазына кеуде қарт та кезінде «іргеде 
отырып  ойына  тоқи  беретін»  құйма  құлақ  бала  болғанын  әңгіме  ауанында 
байқатады.  Қазақта  кӛркем  дүниенің  мираскерлік  сипаты  да  аңғарылады. 
«Қызды сатып алсаң да қатын, тартып алсаң да қатын» дейтін қоғамның бет-
бейнесін  автор  мейлінше  риясыз  ашық  кӛрсетеді.  Басы  бәйгеге  тігіліп,  бес 
қолдан  ӛткен  байғұс  әйелге  мұқалмас  күш  беретін  де  бір-ақ  дүние.  Ол  – 
перзент тағдырына деген ананың байыз таппас жүрегі мен  шексіз махаббаты. 
Ана парасаты мен ӛр рухына  кез-келген сұрапыл күш қарсы тұра алмайтыны 
оқиға барысында анықталады. Ана қай ғасырда, қай жағдайда болсын ең биік 
тұлға. Егер қоғамда әйелдің рӛлі тӛмен болса, ол анаға берілген баға емес, ол 

190 
 
сол қоғамның әлеуметтік жағдайының тӛмендігін аңғартатынын автор ашық 
кӛрсетеді. Шығарма тілі кӛркем. Шығармада кӛркем образдар типтік сипатта 
кӛрінеді. 
Жазушы  «Боранды  түнде»  әңгімесінде  ауыл  үй,  ағайын  арасында 
болатын ӛкпе-назды оқиғаның бастапқы түрткісі ретінде ала отырып, тосын 
жайлы,  қызықты  сюжет  жасайды.  Оқиға  бірінші  жақта  баяндалады.  Автор 
кейіпкерлер әлемін баяндаушы  «боқмұрынның» сәби кӛңілі мен дүниетаны-
мы  шеңберіне  сыйғызып,  бала  танымына  лайық,  шынайы  суреттейді.  Ӛзі 
қатарлы  қыз  қылығынан  ұялып,  үлкендерден  тосылған  баланың    «кӛл 
жағасында кездессе, қоғажаймен ышқындырып-ышқындырып алатын қыздың 
ӛзі екен» деп кіжінуі балаға тән мінез-құлықты аша түседі. Шығармада бала 
мінезі,  іс-әрекеті  нанымды  суреттеледі.  Автор  сомдаған  Қайсар    бейнесінде 
сал-серілерге    тұлғалық  ұқсастық  бар.  Қаламгер  шағын  шығарма  желісінде 
барлық  кейіпкерлерінің  образын  бермей,  кей  кейіпкерлерінің  болмысын: 
«...қол іске бара алмайтын адам», «...шалқып сӛйлейтін, есіп отыратын адам» 
деген  сияқты  бірер  сӛзбен-ақ  мінездейді.  Күреңтӛбел  ат  пен    құмай  тазы 
Кӛкдауыл арқылы қазақ тұрмысындағы аңшылық кәсіптің бағасын танытады. 
Әңгімеде  ұлттық  салт-дәстүрдің  кӛріністері  қазақ  ауылдарының  тұрмысына 
сай  кӛрсетілген.  Әңгіме  желісінен  зілсіз,  жеңіл  юмор  байқалады.  Оқиғаның 
күтпеген арнаға бұрылуы,  оқырманын қызықтырып, жетелеп отырады.  
Достық, аламгершілік мәселелер  Қабдеш Жұмаділовтің  «Қозыкүрең»  
әңгімесінде де кӛркем ӛріледі. Әңгімеде халықтар достығы тақырыбы, туған 
жерге сүйіспеншілік мәселесі кӛтеріледі. Автордың «Сәйгүліктер» повесінен 
алынған  үзіндіде  кӛршілес  қоныс  тепкен  қазақ  пен  қырғыз  елінің  достық 
қарым-қатынасы  баяндалады.  Екі  елдің  бір-біріне  ықылас-пейілі  айнымай, 
ынтымақ,  бірлік  әкеден  балаға  жалғасты салтанат құрғаны    аға  буын  Ералы 
мен  Жұманның,  кейіндеп  Ағыбай  мен  Тӛреқұлдың  қарым-қатынасынан 
айқын    кӛрінеді.  Әңгімеде  адамдар  қарым-қатынасы  үшін  аса  зәру    жақсы-
лықты  бағалау,  әке  аманатына адал  болу  сияқты ізгі  қасиеттерді  дәріптейді, 
адамгершілік  тұғырына  кӛтереді.  Автор  адамзат  ұрпағы  үшін қастерлі  ұғым 
Отан, ынтымақ екендігін шығарманың ӛн бойына ӛзек ете отырып, сыналап 
жеткізеді.  Кӛршілес  екі  елдің  түрі,  тілі,  салт-дәстүрі,  ұлттық  құндылықтары 
да бір-біріне ӛте жақын. Автор шығарма кейіпкері Ержанның пайымы арқы-
лы шығарманың идеялық астарына жол салады.  
Шығармада  екі  уақыт  кеңістігі  кӛрінеді:  алғашқысы,  Ағыбай  отба-
сының  қырғыз  досының  үйіне  қонақ  болып  келуі  болса,  екінші  уақыт 
кеңістігінде    Тӛреқұлдың  әңгімесі  арқылы  Қозыкүрең  басындағы  жайт  баян 
етіледі.  Жылқы  –  текті  мал.  «Айшылық  жолды  алты  аттап,  ...  елсіз-сусыз 
шӛлдерден,  асу  бермес  белдерден  ӛтіп,  туған  жерге»  сүлдері  жеткен 
Қозыкүреңнің  әрекеті,  елім,  Отаным  деген  әр  азаматқа  ӛнеге  екендігі  анық. 
Туған  жерге  мал  екеш  малдың  да  шексіз  махаббаты  Саяқбай  әңгімесіндегі 
Қозыкүреңнің  іс-әрекеті  арқылы  әсерлі  ӛріледі.    Қазақ  халқының  жылқы 
малына  деген  сүйіспеншілігі  танылады.  Қозыкүреңнің  жершілдігін,  табиғат 
перзенті  жылқы  малына  деген  сүйіспеншілік  кӛзқарасты  талдау  барысында 

191 
 
таныту  кӛзделеді. Шығарманың тілі кӛркем, идеялық мазмұны терең, сюжет-
тік желісі қызғылықты. 
5-сыныптағы  Нәсіреддин  Сералиевтің  «Аңсау»  әңгімесінде  қоғамдағы 
ұрпақ  тәрбиесі    сӛз  етіледі.  Ата  мен  немере  арасындағы  қарым-қатынастар, 
атасын аңсап жүрген бала сағынышы – бүгінгі ӛмір ӛзгерісінде таныс дүние. 
Қоғамдағы  әлеуметтік-экономикалық  дамудың  қала    ӛміріне  ӛзгеріс  әкеліп, 
ауыл мен қаланың ара жігін алшақтатқаны жасырын емес. Ӛмір-тірлігі ауыл-
мен байланысты  аға қауым ауылды жайлап, жас буынның қалаға тартылуы 
да заңдылық сияқты. Бұл екіге жарылу қазақ қауымының әкеден-балаға жал-
ғасты болып келген үлгі-ӛнегесіне, тәрбиесіне де сызат түсірмей қоймағаны 
мәлім. Автор қоғамдағы осындай күрмеуі қиын күрделі мәселені шағын ғана 
әңгіме сюжеті арқылы шебер ӛрбітеді.  Қалада  туған баланың ауылмен бай-
ланысы сиреген сайын тағылым тамыры тартылып, ұлттық тәрбиенің солғын 
тартатынын қарияның немерелері жайлы ойлары арқылы байқатады.  Ата мен 
немере  арасындағы  сүйіспеншілік,  ұлттық  құндылықтарды  ұрпақ  бойына 
дарытатын аға буынның тәрбие-тағылымдық, отбасылық орны деген мәселе-
лер  шығарманың  идеялық  ӛзегіне  арқау  болады.  Сүйіспеншілігі  мен  махаб-
баты  берік  отбасында  ғана  ұлттық  құндылықтар  салтанат  құратынын  автор 
Ермектің  атасына  деген  сезімі  арқылы,  келіншектің  қария  алдындағы  ізет, 
құрметі  арқылы  шынайы  жеткізеді.  Әңгіме  тілі  жеңіл,  кейіпкерлер  әлемі 
шынайы.  Үш  кейіпкердің  арасында  ӛрбитін  шағын  сюжет  арқылы  автор 
үлкен  қоғамдық-әлеуметтік  ойларды  туындатады.    Шығармада  автордың 
ӛзіне  тән  («балапан  тал»,  «даланың  жілік  майындай  таза  ауа»,  «саяжол», 
«күлбіреу» сияқты) сӛз қолданыстары мен диалект сӛздер («қоналқы бӛлме», 
«талмау», «зәңкиген») де кездеседі. 
Дәл  осындай  қоғамдық-әлеуметтік  мәселе  Тӛлен  Әбдіковтің  «Қонақ-
тар» әңгімесіне де арқау болған. Екі әңгімені сабақтастыра оқыту жас буынға 
аға ұрпақ тағылымы мен тәрбиесінің бағасын тануына септігін тиігізеді. 
Лирикалық  шығармаларда  кең  қамтылған  оқу-білім  тақырыбы  әңгіме 
жанры арқылы ба берілген. Бұл тақырыпқа 2013 жылғы оқу бағдарламасына 
қайта  оралған  (аталған  әңгіме  75-90  жылдардағы  әдебиет    бағдарламасында 
оқытылған)  Б.Майлиннің  «Түйебай»  әңгімесін  атауға  болады.  Б.Майлиннің 
ағартушылық  кӛзқарасы    «Алғашқы  сабақ»,  «Ауыл  мектебі»,  «Бақберген 
мектебі»,  «Түйебай»  әңгіме,  пьесаларында  еркін  танылады.  Жазушы  кӛбіне 
оқудың мән-мағынасын қарапайым  сюжетпен адамдар тағдырының шынайы 
кӛрінісі  арқылы  шебер    жеткізеді.  «Түйебай»  әңгімесі  әлеуметтік  жағдайға 
тәуелсіз  балалықтың  бал  дәуренін  еркін  кешкен  ауыл  балаларының    сол 
жылы молдаға оқуға баруынан басталады. Ескіше оқуының мағынасыздығын 
танытқысы  келген  автор  молданың  портретін  беруде  жағымсыз  кӛніл-күй 
қалыптастырса,    іс-әрекеті  арқылы  әділетсіз  қоғамның  бет-бейнесін  ашық 
кӛрсетеді. Ӛздері жалшылықта, жоқшылық тауқыметін тартып жүрсе де, ата-
анасы Түйебайды молдаға оқуға береді. Қай заманда болмасын болсын оқуға 
деген  кӛзқарас  жоғары.  Дегенмен,  молда  оқуының  балаға  берері  аз, 
мағынасыз.  Молданың  қатал  тәртібі  мен  талабының      астарында  әлеуметтік 
теңсіздік  мәселесі  бой  кӛрсетеді.  Автор  «Сен  бақыттысың ғой»    деген  сӛзді 

192 
 
Түйебайдың  «әлденеге  телміріп,  қызығып  қараған»  кӛзімен  айтқызады.  Сол 
арқылы Түйебайлардың тағдырының ауырлығын тереңдете түседі. Кейіпкері-
нің  бірінші  жақта  баяндауы  түрінде  жазылған  әңгіме  оқырманның  «аяушы-
лық сезімін оятып, кӛзіне жас үйіреді».  
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», М.Әуезовтің «Кӛксерек» 
әңгімесі,  Әбдіжәміл  Нұрпейісовтің  «Балықшылар»    тақырыбымен  «Қан  мен 
тер» романынан үзіндісі, Шерхан Мұртазаның «Тұтқын бала»  тақырыбымен 
«Қызыл  жебе»  романынан    үзіндісі,    Сәбит  Мұқановтың  «Есіл  бойында», 
(«Ӛмір  мектебі»  романынан)  әңгімесі,  Сайын  Мұратбековтің  «Жусан  иісі», 
Қабдеш  Жұмаділовтің  «Қаздар  қайтып  барады»,  Оралхан  Бӛкейдің  «Тортай 
мінер  ақ  боз  ат»  әңгімелері    әңгіме  жанрын  тақырып,  құрылым  ерекшелігі 
жағынан да еркін ашуға мол мүмкіндік береді.  
Эпикалық тектің орта кӛлемді түрінен мектеп бағдарламасында поэма-
лар берілген. Повестер қаламгер шығармашылығын монографиялы оқитын 11 
сыныпта ұсынылған.   
Поэма жанрында алдымен 5-сыныпта І.Жансүгіровтің «Күй» поэмасы-
нан  үзінді  беріліп,  8-сыныпта  Шәкәрім  Құдайбердіұлының    «Қалқаман-
Мамыр» поэмасы, Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы оқытылады.  
«Батыр  Баян»  поэмасын    оқыту  барысында  әдебиет  теориясынан  поэма 
туралы  түсінік  қалыптастыру  кӛзделеді.  8-сыныпта  Мұқағали  Мақатаевтың 
«Аққулар  ұйықтағанда»  поэмасын  оқыту  арқылы  поэма  жанры  туралы 
түсінік еркін ашыла түседі. Жалпы білім беретін  қазақ мектептеріне аралған 
2013  жылғы  бағдарламада  Иса  Байқазовтың  «Құралай  сұлу»  поэмасы 
ұсынылған.  Кӛркем  сӛз  зергері  Иса  Байзақовтың  аталған  поэмасы  оқу 
бағдарламасына алғаш енгізіліп отыр. 
«Құралай  сұлу»  поэмасы  –  ел  аңызына  құрылып,  романтикалық 
сарында  жазылған  кӛркем  туынды.  Поэма  ең  алғаш  «Қызыл  Қазақстан» 
газетінде  жарық  кӛріп,  бірден  елдің  зор  ықыласына  бӛленеді.  Поэманың 
идеялық құндылығы халық кӛкейіндегі мәселені кӛтеруінде. «Құралай сұлу» 
поэмасында бірнеше тақырып қатар ӛріледі. Отанға, туған жерге деген шексіз 
махаббат, қайсар рух Келден батыр мен Құралай образдары арқылы нанымды 
беріледі. Шығармадағы батырды: «Үш-ақ күн ӛмір сүрдім үш мың жылдық, 
Не  керек  жазылмайтын  дертте  қалдым»  дегізген  ӛксікті  махаббаты  оқыр-
манына  сезімнің асқақтығын  байқатады.  Поэмада жазба әдебиеті  мен  халық 
поэзиясының дәстүрі тоғыстырылған. Ол шығарманың сюжетінен де, сурет-
теу тәсілдерінен де айқын аңғарылады.  
«Құралай сұлу» поэмасын саф алтындай асыл, жауһардай мӛлдір ететін 
ерекшеліктің  бірі  –  оның  тілдік  астарында.  Ақын  поэмада  пейзаж,  суреттеу 
құралдарын үлкен шеберлікпен ӛрген. 
«... Ой ӛліп, ӛмір сӛніп кӛп соғылған, 
Суреті ӛткендердің алдымда тұр». 
«Шаңқанда шағалалы құстар ұшып 
Шуылдап сұқсыр қонған суға түсіп. 
Қызғыш-қызық, шәуілдек жағын безеп, 

193 
 
Аққу,  қаз  сұңқылдайды  үнін  қосып»  –  дегендей  сӛзден  кӛркем  сурет 
жасайды.  Ақынның суреткерлік шеберлігімен қатар сӛз таңдаудағы ӛресі де 
ӛрісті.  Бір  поэманың  ӛзінен  ел  ішінде  афоризмге  арналған:  «Ер  туып,  жоқ 
елді бар қыла алмайды, Ел болса ер туғызбай тұра алмайды» немесе «Елден 
де ер арманы күшті»  сияқты  мол тіркестерді ұшыратуға болады.  «Құралай 
сұлу»  поэмасы  –  кӛркем  сӛздің  қуаты  мен  ақындық  шеберлікті  танытатын 
бірегей туынды. 
Поэма  жанрын  оқытуда  шығарманың  жанрлық  ерекшелігін  таныту, 
композициялық  құрылым  жүйесін  талдату,  образдар  әлемін  сараптаумен 
қатар кӛркемдік-эстетикалық сипатын танытуға да ерекше ден қойған абзал. 
Ӛлең  үлгісінде  жазылған  шығарманы  мәнерлеп  оқу,  рӛлге  бӛліп  оқу, 
сценарий  жасау  шығарманың  кӛркемдік  сипатын  танытуға  үлес  қосады. 
Оқушыларға «авторға хат», «қос жазба күнделігі» «эссе», «рецензия» жазу т.б 
тапсырмалар беру оқушыларды шығармашылық жағынан дамыта түседі.  
Жалпы  5-8  сынып  аралығындағы  мәтіндер  оқушыға  танымдық, 
тәрбиелік,  дамытушылық  мақсат-міндеттерді  орындауға  лайықты  алынған. 
Мәтіндердің тынымдық дәрежесі жоғары. Оқушыларға адамгершілік-эстети-
калық, мәдени-тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді 
танытуға, оқушылардың тілдік қорын байытуға мол мүмкіндіктер туғызады.  
Эпикалық  тектің  орта,  кең  кӛлемді  түрлерінің  басым  бӛлігі  жоғары 
сыныптарда  оқылады.  Әдебиеттің  қысқаша  тарихи  курсын  оқитын  9-11 
сыныптарға  оқушылар  белгілі  бір  дәрежеде  әдеби  жанр  ұғымын  қалыптас-
тырып,  кең  кӛлемді  әдеби  түрлерді  ӛздігінен  игере  алатындай  дәрежеде 
келеді.  Сондықтан  болар,  жоғары  сынып  оқушыларына  әдебиетті  оқытудың 
формасы кӛбіне шолу бағытын ұстанады.   
Эпикалық  шығармаларды  талдап  тану.  Әдеби  шығарманы  талдау-
дың жалпы тақырыптық мәселелеріне байланысты: оның сюжетін, компози-
циясын,  әдеби  кейіпкерді,  әдеби  туындының  идеялық-кӛркемдік  қуатын 
танытуды мақсат еткен зерделі зерттеу  еңбектері әдебиеттану ғылымында да 
әдебиетті  оқыту  әдістемесі  ғылымында  да    молынан  жарияланған. 
М.А.Рыбникова, 
В.В.Голубков, 
Г.А.Гуковский, 
Л.И.Тимофеев, 
Г.Л.Абрамович,  Д.С.Лихачев,  В.И.  Сорокин,  А.И.Ревякин,  Н.И.Кудряшев, 
В.Г.Маранцман, Н.О. Корст, Н.А.Демидова, Г.И.Беленький, Т.Ф.Курдюмова, 
З.Я.Рез, Л.С.Айзерман сияқты т.б. әдебиетші, әдіскер-ғалымдардың  еңбекте-
рінде  кӛркем  шығарманы  талдап  танудың  ғылыми-әдістемелік  жүйесі 
жасалған.  
Бұл  мәселе  қазақ  әдебиетінде  де  бір  шама  шешімін  тауып  келеді. 
Әдебиетті  оқыту  әдістемесінен  жазылған  оқулықтар  мен  оқу  құралдарында 
кӛркем  шығарманы  талдау,  оқыту  мәселелері  қарастырылған.  Кӛркем 
шығарманы  талдау  түрлерінен  әдіскерлердің  ой-пікірлерін  жоғарыда  айтып 
ӛттік.  Ал  жеке  қаламгердің  шығарамаларын  оқыту  әдістемесінен  жазылған 
еңбектерде  де  прозалық  шығармаларды  оқыту  қарастырылады.  Атап  айтар 
болсақ:  Қ.Тасболатов  М.Әуезов  шығармашылығын  оқыту  мәселесінен 

194 
 
әдістемелік  ғылыми-зерттеу  еңбегін  жазды
1
.  Ал  Қ.Бітібаева  М.Әуезов 
шығармашылығын оқыту әдістемесін практикалық жағынан жетілдіре түсті
2

С.Қалиев  Ғ.Мүсірепов  шығармаларын  оқыту  жолдарын  қарастырған
3

С.Мұқанов  шығармашылығын  оқыту  әдістемесінен  жазылған  әдіскер-ғалым 
Б.Ӛ.Смановтың  оқу-әдістемелік  құралында  эпикалық  шығармаларды  оқыту, 
соның ішінде «Ботагӛз» романын оқыту әдіс-тәсілдері кӛрсетілген.
4
 Әдебиет-
ті оқыту әдістемесінен жазылған бір қатар әдістемелік нұсқауларда прозалық 
шығармаларды  оқыту  мәселесі  талданады.  Бұл  қатарда  С.С.Қирабаевтың
5

Қ.Мырағалиевтің
6
,  К.Елікбаевтың
7
 құралдарын атауға болады. 
Эпикалық  шығармаларды  оқытудың  ұстанымдары  әдеби  тектің  ӛзге 
түрлеріндегі оқу-әдістемелік жұмыстармен мазмұндас келеді. Кӛркем шығар-
маның  тақырыбы,  идеясы,  кӛркемдік  әлемі,  тарихи-әлеуметтік  ұстанымдар 
қай  жанрды  талдағанда  болсын  ортақ  мәселелер  екені  белгілі.  Дегенмен, 
прозалық  шығармалардың  кӛлемі,  сюжеттік,  композициялық  құрылымы, 
образдар  жүйесі,  тілдік  ерекшеліктері  әдеби  жанрдың  ӛзге  тектерінен  гӛрі 
эпикалық  жанрды  танытуда  оқу-танымдық  жұмыстың  күрделілігін 
байқатады.  
Шығарманың  идеялық  мазмұнын  ғылыми  тұрғыда  талдап  айқындауда 
жазушының  эстетикалық  талғамын,  дүниетанымын,  кӛзқарасын  танып 
білудің мәні бар. Ал, ол жазушылардың ӛмірінен мәлімет беру арқылы жүзеге 
асырылады.  Соған  орай,  мектептерде  оқылатын  шығармалардың  идеялық, 
композициялық,  жанрлық  негізіне  қарай  жазушының  ӛмір  сүрген  дәуірінің 
белгілі  бір  кезеңіне  (қоғамдық  кӛзқарасы)  оқушылардың  назарын  аударып, 
ерекше мән беріліп оқытылады. 
Жазушы  ӛмірінен  мәлімет  берілген  соң,  шығарма  мәтінінің  меңгерілу 
дәрежесі  анықталып,  мәтінмен  жұмыс  жасалады.  Эпикалық  тектің  жанры, 
оның ӛзіндік ерекшелігі, сюжет, композиция, тақырып, идея, кейіпкер, образ, 
портрет т. б. қатысты әдеби теориялық ұғымдар жайлы түсінік оқу бағдарла-
масы бойынша оқушының жас ерекшелігіне сай әр сыныпқа жіктеліп беріліп 
отырады. Оқушының есінде қалмаған немесе оларға әлі таныс емес ұғымдар 
болса,  онда  сабақ  барысында  қысқаша  мағлұмат  беріледі.  Мәтінмен 
жүргізілетін жұмысты екіге бӛліп қарастыруға болады: 
                                                           
1
  Тасболатов  Қ.  М.О.Әуезовтің  творчествосын  орта  мектепте  оқыту.    пед.ғыл.канд. 
ғыл. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация А., 1972 -300 б. 
2
  Бітібаева  Қ.  Әдебиет  пәнін  оқытудың  тиімді  жолдары.  (Мұғалімдерге  арналған 
кӛмекші құрал) Алматы: Рауан, 1990. –200 б.
 
3
 
Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары.- А.  1974.
 
4
 
Сманов  Б.  С.Мұқановтың  ―Ботагӛз»  романын  оқыту    /оқу-әдістемелік    құрал/  - 
Алматы: Білім, 2000. – 87 б. 
 
5
 
С.Қирабаев Мектеп және қазақ әдебиеті     (Мұғалімдерге арналған  кӛмекші құрал. –
Алматы:  Мектеп, 1979. –90 б.
 
6
  «
Қазақ  әдебиеті
»
  оқулығына  әдістемелік  нұсқау  10-сыныпқа  арналған  / 
Қирабаев С., Мырзағалиев Қ. - Толық. 2-ші басылуы. 

 
А., 
Рауан, 1998. -224 б.
 
7
  Елікбаев  Қ.  Ж.Аймауытов  шығармашылығын  оқыту  жолдары  А.,  Республикалық 
баспа кабинеті, 1997.-96 б.  

195 
 
1) Мәтін мазмұнын меңгеру; 
2) Мәтінге талдау жасау. 
Мәтіннің мазмұнын меңгертуде сӛздікпен жұмыс, мәнерлеп оқу сияқты 
түрлі жұмыстар да сабақ үдерісінде назардан тыс қалмағаны орынды.  
Прозалық шығармаларда талданатын құрамды элементтер. Жалпы 
прозалық  шығармаларға  нысан  болатын  талдау  бағыттары  ретінде  мына 
мәселелерді атауға болады:  
1.Шығармадағы басты және қосалқы тақырыптарын анықтау;  
2.Шығармадағы  күрделі  сӛздер  мен  сӛз  тіркестерін  тауып,  оларға 
түсіндірме сӛздіктен анықтама жаздыру; 
3.Шығарманың  образдар  жүйесіне  талдау.  Образдарды  дербес  талдау, 
салыстыра талдау, топтай талдау түрлерін жүргізу; 
4.Шығарманың  тілі  бойынша  жасалатын  жұмыс  түрлері  (тұрақты  сӛз 
тіркестері,  мақал-мәтелдер,  кӛп  мағыналы  сӛздерді,  фразеологиялық  сӛз 
оралымдарын мәтінінен тауып жазып, оларға түсініктеме жасау); 
5.Шығарманың композициялық құрылымына талдау:  
а) Сюжеттік композиция; 
ә)Образ композициясымен жұмыс; 
б) Баяндау композициясы; пейзаж композициясы т.б. 
6.Шығарма идеясын айқындау мақсатындағы жұмыс түрлері. 
Эпикалық  шығармалардың  ӛзіндік  ерекшелігінің  бірі  –  композиция-
сында дедік. Осы орайда сюжетті шығарманы композициясына қарай талдау 
жолы:  
Композицияның  ӛзі  ішкі  жане  сыртқы    болып  бӛлінеді.  Композиция 
(латынша  «composito»  –  құрастыру,  қиыстыру)  бір  сӛзбен  айтқанда,  кӛркем 
шығарманың құрылысы. Алайда бұл тек пішінге ғана байланысты ұғым емес. 
Композиция  мазмұнмен  тікелей  байланысты.  Ол  –  әдеби  шығарманың 
сыртқы түрінің симметриясы, сонымен қатар ішкі сырының да гармониясы. 
Композициялық  шеберлік  –  шығармадағы  барлық  бӛлшекті  бір  ғана 
бүтінге  тұтастыру,  бәрін  бір  ғана  нәрсеге  -  негізгі  идеяға  бағындырудан 
танылады. Жалпы композицияны екіге бӛледі: 

сыртқы композиция 

ішкі композиция 
Сыртқы композиция компоненттері: 

тақырып 

эпиграф (дәйек сӛз) 

арнау 

пролог (алғы сӛз) 

эпилог(соңғы сӛз) 

Ішкі композицияның деңгейлері: 

идеялық тақырыптық жүйенің композициясы; 

Образдар жүйесінің композициясы (әсіресе лирикалық ӛлеңдерде  де 
кӛп болады); 

Сюжет композициясы; 

196 
 

Баяндау композициясы; 

Уақыт пен кеңістік композициясы; 
Композициялық тәсілдер: 

Қайталау (егер шығармада бір сӛз, бір жол, бір сӛйлем үнемі 
қайталанып отырса, ол ритмотивке айналады). 

Қарама –қарсы қою. 

Күшейту 

Ретроспекция – кері шегіну (Мысалы, Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы», 
Т.Ахтанов     «Боран»). 

Ритордация  –  баяулату  (  Мысалы,  «Абай  жолы»  романындағы  ақын-
дардың Абай аулына келуі). 
Тақырып  –  кӛркем  шығармаға  арқау  болған  ӛмір  құбылыстарының 
тобы, ӛмір шындығы. 

Мәңгілік тақырыптар – адам болмысының рухани болмыстарын, жаны 
мен тәнінің ұмтылыстарын, ӛмір мен ӛлім, жақсы мен жаман, ақ пен қара т.б 
тақырыптарды қамтиды. 

Нақты  тарихи  тақырыптар  –  белгілі  бір  кезеңмен,  дәуірмен  сабақтас 
келеді.  
Идея  –  тақырып  туралы  авторының  бағасы,  кӛз    қарасы,  ой–түйіні, 
позициясы, концепциясы. Идеяның ӛзін екі мәнде қарастыруға болады:  

Авторлық идея (субъективті). 

Объективтік идея – шығармадан туатын мақсатты идея. 
Ал сюжет композициясы орта мектепте эпикалық шығармаларды оқыту 
барысында жиі талдау нысанына ілінеді.  
«Сюжет    (французша  «sujet»  -  зат)  –  кӛркем  шығарманың  мазмұнын 
ашып, мазмұнды пішінге кӛшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі. «Сюжет 
дегеніміз –  жалпы алғанда, адамдардың ӛзара қарым-қатынасы, байланысы, 
қайшылықтары,  жек  кӛру,  жақсы  кӛру,  әр  характердің,  типтің  ӛсу,  жасалу 
тарихы» дейді М.Горький.
1
 
Пролог  (грекше  «prologos»  –  алғы  сӛз)  –  кӛркем  шығармаға 
кіріспелердің бір түрі. 

Сюжеттің  басталуы  (экспозиция)  –  Кӛркем  шығармадағы  іс-әрекет, 
тартыс  басталмай  тұрып,  оқиға  болатын  орынмен,  ортамен,  болашақ 
кейіпкермен, жағдайлармен таныстыру, алғашқы мәлімет беру. Экспозиция – 
шығармадағы оқиға желісіне, қақтығысқа тікелей әсер етпейді, тек мезгілдік-
мекендік сипат береді. 

Сюжеттің байланысы  – тартыстың басталуына түрткі болған адамдар 
арасындағы  қимыл-әрекеттің  басы.  Сюжет  желісіндегі  тартыстың  әуелгі 
туындау себебі. 

Сюжеттің  дамуы  –  адамдардың  ӛзара  қарым-қатынасынан,  қимыл-
әрекетінен туатын түрлі жағдайларға байланысты ӛрбу. 
                                                           
1
 Қабдолов З. Сӛз ӛнері. А., Жазушы. 1985 ж. 

197 
 

Сюжеттің  шарықтау  шегі  (кульминация–«биік  шың»)  –  оқиға 
дамуының ширығып, ең жоғарғы нүктеге жетуі. Адамдар арасындағы қимыл-
әрекеттің мейлінше күшейіп, шыңына жеткен жері. 

Сюжеттің  шешімі  –  шығармадағы  оқиғаның  бітуі,  нәтижесі,  соңғы 
түйіні. Сюжеттің шешімі – оның идеялық-кӛркемдік шешімі. 
Эпилог  (грекше  «epilogos»  –  соңғы  сӛз)  -  кӛркем  шығарманы  қорыту-
дың бір түрі. Пролог пен эпилог сюжет композициясына жатпайды, сыртқы 
композиция элементтері болып есептеледі. 
Әдеби  шығармада  кейіпкер,  оның  ӛсу  динамикасы,  сюжеттік  желі 
болмаса, тұтас құрылым − композиция болмайды. Сондықтан мұғалім мектеп 
қабырғасында  кӛркем  шығарманы  оқып-үйрену  барысында  кейіпкерлерді 
әртүрлі  жағдайларға  байланысты  ӛзге  бейнелермен  тығыз  органикалық 
бірлікте,  қарым-қатынаста  қарастыруы  қажет.  Мұны  ӛмірлік  мәні  бар 
құбылыстармен  салыстыра  танытуға,  оған  шәкірттердің  ӛз  пікірлерін 
білдіруіне назар аударуы керек. 
Әдетте  оқушы  шығармадағы  кӛркем  ойды  шындық  түрінде  ғана 
қабылдап, ондағы образдылық, типтілік, мазмұн мен форманың бірлігі секілді 
әдебиеттің  теориялық  астарларына  назар    аудара  бермеуі  мүмкін.  Сол  үшін 
мұғалім  кӛркем  мәтінмен  жұмысты  тереңдете  отырып,  оқушыларды  әдеби-
теориялық  сауаттылыққа  дағдыландыруы  керек.  Бұл  кӛркем  туындыны 
дәйекті түрде талдауға, білімді саналы меңгеруге үйретеді.   
Осы  орайда  жалпы  білім  беретін  қазақ  мектептерінде  оқылатын 
бірнеше шығармаға жасалған талдау үлгілерін ұсынамыз.   
8-сыныпта  оқылатын  Қабдеш  Жұмаділовтің  «Қаздар  қайтып  барады» 
әңгімесінің  тақырыбы:  қасиетті  атамекенге  сағыныш.  Шығармада  күрделі 
сӛздер мен сӛз тіркестері, сӛз оралымдары кездеседі. Атап айтар болсақ: 
«Қапсағай»  –  зор  денелі,  биік  те  жуан  деген  мағынадағы  сӛз;  «ӛрттен 
қалған қу томардай болып қалды»  – туыс-тамырсыз жалғыз қалуды білдіру; 
«тӛрт тағандап» – аяқ қолын еңбектегендей жерге тіреу; «шоқай»  – иленген 
түйенің  терісінен,  қалың  кӛннен  тігілген  аяқкиім.  Бұл  аяқ  киімнің  шәркей, 
шақай  деген  де  атаулары  бар.  «Ұшқат»  –  ұшқаттар  тұқымдасына  жататын 
шырмалған  бұта,  кейде  ағаш  Қазақстанның  тау  беткейлерінде,  кейде 
шыршалы ормандар арасында, тастақты жерлер мен ӛзен жағалауларындағы 
тоғайда  ӛсетін  ӛсімдік.  «Қозы  кӛш  жер»  –  10-15  шақырымдай  болатын 
арақашықтық ӛлшемі.  
Шығармадағы басты кейіпкер  – қария. Қарт – реалистік образ. Қарттың 
бойынан,  болмысынан  туған  жерін  сағынып,  аңсаған,  оралуды  арман  еткен 
жырақтағы  қандастарымыздың  тұтастай  бейнесі  мен  арманы  кӛрінеді. 
Ақырғы тілегі отанына оралу болған қарттың туған жердің топырағын тұмар 
етуінен,  тағдырдың  тас  толқындарына  тӛтеп  беріп,  атамекеніне  оралу 
сәтіндегі басынан ӛткен әр қиындыққа сыр бермей шыдауынан, аңсаған туған 
ӛлкесінің топырағын сүюінен сезімтал қайсар рух байқалады. Сонымен қатар, 
қайсарлық  пен  батылдықтың  арасынан  нәзік  сағыныш  пен  махаббат  қылаң 
береді.  «Қарт  кесімі  айнитын  емес...  Бұл  сапарға  ол  бақандай  қырық  жыл 
бойы  дайындалмады  ма?  Мұның  ӛзі  –  дӛңбекшіп  ӛткізген  талай  ұйқысыз 

198 
 
түндердің,  санамен  сарғайып,  сарқыла,  толғанған  бүкіл  ӛмірінің  айнымас 
қорытындысы  емес  пе?  Кӛп  жыл  бойы  қозданып,  іштей  тұтанып  тұрған 
ӛрттің алаулап жанған шағы, жанар таудың лақ етіп бір атылғаны. Қарт сезімі 
бұрауы  жеткен  домбырадай  тырсылдап,  шертіп  тұр.  Қол  тигізсең  болды, 
үзіледі»  –  деген  жолдардан  аңғарылатын  сағынышпен  тұтасқан  нәзік  сезім 
иірімдері  қарттың  болмысындағы  ессіз  махаббатты  аңғартады.  «Шал 
маңайында жатқан бірнеше үлкен тасты қасына әкеп алды. Сонан соң «келсең 
кел»  дегендей  тәуекелмен  тас  түйіліп,  қас  дұшпанын  күтті  де  отырды»  – 
жолдарындағы  қарттың  әрекетінен  бойына  біткен  батылдық  пен  ептілік  те 
танылады.  «Я,  Жасаған,  –  деді  тіледі  ол  кӛкке  қалтыраған  қолын  жайып 
тұрып, – маған енді үш күндік ғұмырыңды қия кӛр! Онан арғысын сұрамай-
мын да... Арғанатының аңғарына жеткесін, аманат жаныңды ала бер!» – деген 
қарт  жалбарынуы  мен  «...Ӛйткені  бұл  –  менің  ақырғы  тілегім  ғой»,  –  деген 
қарияның  ойынан  туған  жер  топырағын  аңсаған  іңкәр,  мӛлдір  сезім  қылы 
шертіледі. Оның басындағы күй, кӛкірегіндегі арман-тілек бір адамның ғана 
емес,  мыңдаған  жанның  тағдырынан  сыр  ақтарып,  мыңдаған  жанның 
жүрегінде ұялаған асқақ та нәзік сағынышты сездіреді.    
Шығарманың  тілдік  ерекшелігін  танытатын  тұрақты  сӛз  тіркестер, 
мақал-мәтелдер, синоним, афоризм сӛздер, табу, диффимизм т.б. кездеседі.  
Тұрақты  тіркестер:  «Титығы  құру»  –  әлі  әбден  құрыды,  шамасы 
қалмады, күші бітті; «таңдай жібітіп, талшық қып келе жатқаны» – талғажау 
еткені; «кӛзі шырадай жану» – кӛзі нұр шашты; «қан қақсау» – жанға батып 
ауру, зар илеу; «бармағын шайнау» – ӛкіну; «тілі аузына сыймау» – шӛлдеу; 
«жігері  құм  болу»  –  еңсесі  түсу;  «ет  жүрегі  езілу»  –  уайымдады,  іші  күйді, 
қайғырды; «жыртылып айрылады» – ӛте кӛп, мол мағынасында; «ӛзегі талу» 
–  қарны  ашты,  тамақ  жегісі  келді  сияқты  сӛз  тіркестері  кездеседі.  Осы 
сӛздердің  мағынасын  түсінуде  оқушылардың  топтық  жұмыстарын 
ұйымдастырған тиімді. Басты мақсат аталған сӛздердің мағынасын түсінумен 
шектелмейді, сол сӛздерді қолданысқа түсіру меже болуы керек.  
Бұдан  ӛзге  омоним  сӛздер  (жал,  шӛл,  жас,  қара,  жаз,  жұт,  шаш,  сана, 
бастау,  жақ,  түр,  ой,  жат);  полисемия  (бас,  кӛз,  тұқым,  бет,  тіл,  бой); 
диффимизм  (сұмырай);  архаизм  сӛздер  (торсық,  малта,  қоржын,  бердеңке 
мылтық,  шекпен)  кірме  сӛздер  (минут,  овчарка)  жаңа  сӛздер  (шекара, 
шекарашы)  кездеседі.  Топонимикалық  атаулар  да  кӛп  (Етікші  асуы, 
Тарбағатай  тауы,  Күргейтас,  Тентек-Халдай  ӛзені,  Қарасу,  Сарышоқы, 
«Кӛкӛзек»  колхозы,  Айнабұлақ,  Арғанаты,  Кӛкшілік  ӛзені,  Нұра  ӛзені, 
Қабырға ӛзені). 
Шығарма  тілі  бай,  ӛзіндік  стильдік  даралығы  байқалатын  кӛркем 
шығарманың сюжеттік желісі де тартымды.   
Шығарманың сюжеттік композициясы:  
Шығарманың  басталуы:  жалғыз  жортқан  жолаушы,  жолда  кӛрген 
қиыншылықтар. 
Байланысы: ойға оралған ӛткен күн немесе жалғыз немере Тӛлеутай. 
Оқиғаның дамуы: кінәсіз тағылған айып, күтпеген қасірет. 
Шарықтау шегі: қырық жыл бойы кӛкірек түкпірінде жатқан ұзақ сыр. 

199 
 
Шешімі:  тұмардағы  бір  уыс  қиыршық  тастың  туған  жер  топырағына 
түсуі.  
Шығарма  идеясын  мәтінмен  тұтастықта  қарастыра  отырып  талдаған 
орынды.  Авторлық  ұстанымды  айқындайтын  тұстарына  оқушы  назарын 
аудару керек. 
«О,  туған  жер.  О,  қасиетті  ата  мекен.  Торқадай  топырағыңды  қия 
гӛр адасқан ұлыңа... Ел шетіне бір жеткізсең, екі дүниеде де арманым жоқ 
деген сертім бар еді. О, Алла, аманат жанымды бүгін алсаң да разымын», – 
деді тәңірге жалбарынып. 
«Айналайын,  туған  жер,  сені  де  кӛретін  күн  болады  екен-ау!»  –  деп 
тұншыға  күбірлейді.  Қалтыраған  қолымен  кӛңірсіген  дымқыл  топырақтың 
бір  уысын  алып,  бетіне  басады,  танауына  апарып,  қайта-қайта  иіскей 
береді... 
Қарт  шекпенін  асықпай  шешіп,  бір  бұрышқа  қойды.  Сонан  соң 
кӛйлегінің түймесін ағытып, жалаңаш етіне асып қойған бойтұмарын алды. 
Барқыттан  тігілген  кәдімгі  үшбұрыш  тұмар.  Қарт  тұмарды  ерніне 
жақындатып  тәуеп  етті.  Сонан  кейін  қалтасынан  бәкісін  алып,  тұмарды 
сӛкті де, тӛңкеріп сілікті. Тұмардың ішінен термен байланып қалған бір уыс 
қиыршық  топырақ  түсті  жерге.  Бұл  –  осыдан  қырық  жыл  бұрын  жат 
ӛлкеге аттанарда туған жерден түйіп алған топырақ еді» деген үзінділерде 
шығарманың  идеялық  мазмұны  айқын  танылады.  Осы  үзінділерді  сыныпта 
қайталап  оқыту  арқылы  шығарманың  тақырыптық,  идеялық  мазмұнын 
айқындайтн сұрақтар қойған орынды.  
Тахауи  Ахтановтың  «Күй  аңызы»  әңгімесінің  тақырыбы  –  ӛнер 
құдіреті. Күйші  Естемес тағдыры.  
Шығарманың  тілі  жеңіл,  оқиғасы  қызғылықты.  Шығарма  оқылғаннын 
кейін  әңгімедегі  кейбір  түсініксіз  қазақтың  әлеуметтік  тұрмыс-тіршілігіне, 
тӛрт  түлік  малға  қатысты  пассив  қолданыстағы  сӛздермен  жұмыс  жүргізу 
керек.   
Мағынасын айқындайтын сӛздер:  «тізгін»  – аттың басын тежеу, игеру 
үшін  пайдаланатын,  ұштары  жүгеннің  ауыздық  шығыршығына  екі  жағынан 
байланған  қайыс;  «шылбыр»  –  жүгеннің  шығыршығына  бір  жағынан 
тағылған жіп;  «түндік» – киіз үйдің шаңырағына жабылатын тӛрт баулы киіз; 
«қолқа  салу»  –  дос,  жолдас  адамдардың  бір-бірінен  бір  нәрсені  қалауы; 
«тулақ»  –  үстіне  жүн  сабау  үшін  немесе  тӛсеніш  үшін  жүні  алынбай  қаты-
рылған  шикі  тері;  «аңғырт»  –  аңғал,  аңқау;  «мүсәпір»  –  бейшара,  байқұс; 
«әудем  жер»  –  кӛз  кӛрім  жер,  жақын  ар;  «сағақ»  –  жылқының  сағалдырық 
тұратын  тамағының  астыңғы  жағы;  «шыңырау»  –  биік  құз,  таудың  ұшар 
басы; «аруана» – екі ӛркешті, таза тұқымды түйенің ұрғашысы; «інген» – қос 
ӛркешті түйенің ұрғашысы; «мая»  – жалғыз ӛркешті түйенің інгені; «нар» – 
бір ӛркешті түйе т.б.  
Шығармада  кездесетін  кӛркемдік    тәсілдер:  эпитет  –  «ӛткір  қоңыр 
кӛзді», «мүсәпір бейнесі», «жұмсақ әуен бояуы», «жалаңаш тау»; теңеулер – 
«жібектей  майысып»,  «балшықтан  құйғандай»,  «сүйріктей  саусақ», 
«балапандай». 

200 
 
Тұрақты  сӛз  тіркесі:  «Секем  алды,  тӛбе  құйқаңды  шымырлатып»; 
ауыспалы  мағынадағы  сӛздер:  «кӛзі  шалып  қалды»,  «кӛзін  қадап  қалды», 
«дүниенің табалдырығы», «салшы ӛнеріңді» т.б.  
Шығарманың композициясы:  
Оқиғаның  басталуы:  Екі  салт  аттының  жолға  шығуы.  Күйшілердің 
әңгімесі. 
Оқиға  байланысы:  Жапанда  жалғыз  нардың  кезігуі,  ботасы  ӛлген 
аруананың  зары.  Естеместің  домбырасына  тіл  бітіруі,  жолаушылардың 
жалғыз қараша үйге келуі. 
Оқиғаның  шиеленісуі:  Қыздың  «екі  күйші  ӛнерлеріңді  бірдей 
салыңдар», - деп қолқа салуы.  
Оқиғаның  шарықтау  шегі:  Естемес  күйшінің  ӛнері,  «Нар  идірген» 
күйінің дүниеге келуі. 
Оқиғаның шешімі: Естеместің жолын жас жігітке беруі. 
Шығармадағы  образдар  жүйесі:    Естемес  -  жасы  елуді  алқымдырған, 
әдемі,  дӛңгелек  қара  сақалды,  кішілеу  ӛткір  қоңыр  кӛзі  биік  қабағының 
астында терең ұялаған қағылез кісі. 
Оразымбет  -  астында  жалын  ӛрген  қылаң  бесті,  үстінде  ӛңіріне  зер 
ұстаған кӛк мақпал қамзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай 
буған,  тӛбесін кӛк мақпалмен тыстаған құндыз бӛрік киген жас жігіт.  
Жаңыл  -  жасы  он  алты  -  он  жетілер  шамасында.  Қою  қара  қасты, 
мӛлдіреген қара кӛзді, дӛңгелек жүзді, қара торының сұлуы.  
Кейіпкердің  күйініші  –  «...күйімді  үлгі  етсең  де,  ӛмірімді  үлгі  етпе. 
Жас елуге келді. Менің ӛмірім тұрлаусыз болып барады. Қанша ел кӛрсем де, 
қайтып  оралар  бір  қазығым  жоқ.  Жар  сүймей,  бала  сүймей  кетіп  барам. 
Енді бір айналғанша қарттық келеді. Нағыз от басының жылуын аңсайтын 
кез сонда болар».  
Сүйініші    -  «Естемес  Жаңылдың  кӛзіне  ұзағырақ  қарады.  Қыз  кӛзіне 
кӛзі түсіп кеткенде, жүрегі бүлк ете қалды. «Сақалды басыммен сабырдан 
айырылғаным  қалай»  деп  кейіді  ӛзіне.  Бірақ  кӛңілі  құрғыры  бір  нәрсеге 
талпынып  алып  барады.  Сонау  бір  жастық  шағы  қайта  оралғандай  еліре 
құмартады. Талайдан аңсағанын кӛргендей кӛз жазғысы келмейді».  
Шығарманы  оқыту  барысында  «Нар  идірген»  күйін  тындату  қажеттігі 
айқын. 
Нысанға алынған шығармаларды талдауда ұсынатын ортақ модель: 

201 
 
 
 
Оқушылардың  шығарманың  кӛркем  компоненттерімен  жүргізетін 
жұмыстарын жүйелі танымдық үдеріске ұластыру әдеби білімді тереңдетуге 
бірден-бір  септігін  тиігізері  анық.  Шығарманың  кӛркем  компоненттерін 
топтық,  жұптық  жұмыстарға,  оқушылардың  ӛздік  жұмыстарына  бағыттау 
бірден бір тиімді жол екені тәжірибеден анықталып келеді.   
Мектеп  практикасында  кӛбіне  кӛркем  туындыны  түр  мен  мазмұн 
бірлігінде  талдау  жағы  кемшін    соғып  жатады.    Кӛркем  шығарманы  орта 
мектепте оқып-үйренудің ғылыми-әдістемелік жүйесін тұтастықта қарастыр-
ғанда ғана оқушылардың әдеби  білім мазмұны байи түседі.  
Жоғары сыныптарда әдеби шығарманы оқыту мәселелері әлі де толық 
шешімін  таппай  келеді.  Оның  ӛзіндік  себебі  де  жоқ  емес.  Жоғары 
сыныптарда  әдеби  шығарманы  проблемалық  мәселелері  жағынан  талдау,  
әдеби  деталь  арқылы  шығарманың  идеялық  ӛзегіне  жол  салу,  әдеби 
туындыдағы  образ,  кейіпкерлер  жүйесі,  кӛркем  бейнелердің  мінез-құлық 
әлемі,  сюжеттік  оқиғалар  желісі,  композициялық  құрылым  секілді  мәселе-
лерін талдаудың әдістемелік жолдары арнайы зерттелмей келеді. 

202 
 
Оқушылардың  ойлау  белсенділігін  арттыруға  жетелеу,    нәтижеге 
бағытталған  іс-әрекеттер  жасау  тікелей  талдаумен  байланысты  екені  анық. 
Осыдан  талдаудың  әдістемелік  жүйесін    бүгінгі  қоғамдық-әлеуметтік 
сұраным-талаптарына сәйкес жетілдіру  қажет екені туындайды. Сол  себепті, 
мәселені  тиімді  шешу,  талдаудың  ұтымды  да  оңтайлы  жаңа  жолдарын  табу  
айқын  міндет. Сонда мұғалім шәкірттерін шығарма әлеміне еркін бойлатып, 
ізденушілік  бағыт,  бағдар    бере  алады.  Пәннің  оқытылу  мақсат-міндеті 
орындалады, білімнің сапасы артады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет