Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:
1.Драмалық шығармалардың ӛзіне тән қандай ерекшелігі бар?
2.Драмалық шығармалардың мектеп бағдарламасындағы орны қандай?
Оларды оқыту міндеті қандай?
3.Оқушылардың драмалық шығармаларды оқып қабылдау мүмкіндіктері
қандай?
4.Драмалық шығарманы оқыту үшін 5-7 сыныптарда қандай даярлық
жұмыстарын жүргізуге болады?
5. Драмалық шығармаларды оқыту әдіс-тәсілдерін саралаңыз.
Әдебиеттер тізімі:
1.Дүкенбаев С.Х. Драмалық шығармаларды оқыту. – А., Мектеп. 1987.
2.Бораш Р.Б. Драмалық шығармаларды оқытудың кейбір мәселелері // Қазақ
тілі мен әдебиеті. 2006. № 3.
1.Майман Р.Р. Практикум по методике преподавания литературы.М.,
Прос.1985 -103-с.
2.Зепалова Т.С. Уроки литературы и театр. Москва, «Просвещение. 1982.
Қосымша әдебиеттер:
1.Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. – А., Қазақ университеті. 1992.
2.Станиславский К.С. Особенность драматических прозведениий. М., 1986.
3.Никольский В.А. Методика преподования литературы в средней школе. М.,
1971, с 163.
4.Қазақ драматургиясының очерктері. А., 1964, 85 бет.
5.Әбдібекқызы Қ. Оқушылардың кӛркем шығармашылық қабілеттерін
дамыту. А., Рауан. 1994.
ІV БӚЛІМ
ӘДЕБИЕТТІ ОҚУ ҤДЕРІСІНДЕ ТІЛ ДАМЫТУ ЖҦМЫСТАРЫ
ІV. 1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӚЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ
1.Оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту – шығармашылық үдеріс.
2. Оқушылардың сӛйлеу тілін дамытудағы жетекші ұстанымдар.
3.Сӛйлеу тілін дамыту бағытындағы оқушы құзіреттеліктері.
4.Тіл дамыту тапсырмалары.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту – шығармашылық үдеріс. Тіл
дамыту жұмысы сӛйлеу әрекетінен басталып, адамның саналы ғұмырына
ӛзек болатын, рухани қалыптасуы мен кемелденуіне ықпал ететін психо-
логиялық, философиялық, ғылыми –әдістемелік мәні бар мәселе.
Адам баласы қоғамық-әлеуметтік ортада ӛмір сүргеннен кейін оның
қалыптасуы мен рухани әлемінің толығуына, тілдік қатынастың ықпалы зор.
Адамның ойлау, сӛйлеу, қарым-қатынас жасау, ойын дәлелдеу немесе
217
дәйектеу, белгілі бір істерге жұмылдыру, иландыру, т.б. толып жатқан
қарым-қатынас әлемі сӛйлеу әрекетіне тікелей байланысты болады.
Дұрыс сӛйлеу әрекеті адамның жеке тұлға ретіндегі қалыптасуының
белгісі, қоғамдағы табысының да критерийі. Сӛйлеу ӛмірдің барлық саласын
қамтиды десек, сӛйлеу әрекетінің жақсы дамуы – адамның рухани ӛсуінің,
кемелденуінің, қоғамның әлеуметтік және экономикалық ӛсуінің де кілті бола
алады. Тілдік қарым-қатынаста адамның білімі, ӛзін-ӛзі ұстау мәдениеті,
тыңдау және сӛйлеу мәдениеті шешуші рӛл атқарады.
Тіл мен сӛйлеудің адамдар қарам-қатынасындағы басты тірек екендігі
айқын. Олай болса, сӛз бен сӛйлеу күнделікті ӛміріміздегі негізгі үдеріс. Осы
үдерістің айналасында адамның ӛмір әрекеті соңына дейін жалғасып
отырады. Сол ӛмір кезеңдерінде сӛз бен сӛйлеу коммуникативтік қызметтен
ӛзге де функциялар атқарады. Ол адамның ана құрсағындағы кезеңінен,
туғанынан бастап, ӛмірінің соңына дейін психологиялық күйіне, эмоциялық
сезіміне, сеніміне, танымына, талғамына, түсінігіне, пайымдауына, күдігіне,
күмәніне, рухына, күллі жан-дүниесіне әсер ете отырып, адамның да ӛзін
ӛсіріп, дамытып, кемелдендіреді. Таным мен талғам биігіне кӛтереді.
Логикалық ой жүйесінің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Эстетикалық ләззат
береді. Тілдің, сӛз бен сӛйлеудің ең биік тұғыры — шешендік сӛз деп
танысақ, шешендіктің ӛзі дұрыс сӛйлеу әрекетінен басталады. Яғни
шешендіктің құралы — сӛз, дұрыс үйлестірілген, қиюласқан сӛз бен сӛз
жүйесі. Жүйелі сӛз жүйелі ойдан ғана туындайды. Сӛзін шашыратып жеткізе
алмайтын адамның ойы да жүйесіз, ретсіз, шатасқан, ара жігі
ажыратылмаған, толық логикалық үдеріс түзбеген деген ұғым бар. Себебі сӛз
адам ойының жарияланған формасы. Әр сӛз бейтарап тұрып та басқа
сӛздермен бірлікте де үлкен мағына арқалап тұратынын жақсы білеміз.
Сонымен қатар сӛздің мағына жеткізуші қызметімен қатар адамның сана-
сезіміне әсерлік күші де жоғары. К.Салықовтың «Бір ауыз сӛз» ӛлеңінде:
Бір ауыз сӛз қасіретті тияды,
Бір ауыз сӛз айықпас дерт жияды.
Бір ауыз сӛз әлемге әйгі еткізсе,
Бір ауыз сӛз жаманатқа қияды.
Бір ауыз сӛз мұхиттарды жалғайды,
Бір ауыз сӛз ұран болып самғайды.
Бір ауыз сӛз ұшса бақыт құсы боп,
Бір ауыз сӛз арсыз жанды алдайды.
Бір ауыз сӛз таң шолпанын әперер.
Бір ауыз сӛз анаңдай боп мәпелер.
Бір ауыз сӛз ұл туды деп қуантса,
Бір ауыз сӛз әке ӛлімін әкелер.
Бір ауыз сӛз жан тетігін табады,
Бір ауыз сӛз мың әуреге салады.
Қимас жандар кӛз жұмарда қоштасып,
218
Бір-ақ ауыз сӛз айтысып қалады
1
— деп сӛздің адамның ӛміріндегі
рӛлін биік кӛрсетеді. Поэтикалық тілмен жазылған бұл ӛлең мәтіні бір ғана
сӛздің, бір ауыз сӛздің әлеуметтік, эмоциялық мәнін түсіндіреді.
Адамның шебер сӛйлеуі, алғашқы баспалдағы дұрыс сӛйлеу, сӛзді
дұрыс таңдау, ойды тұжырып, ықшам жеткізе білу дағдысынан басталады.
Айтатын ойыңның мақсатына қарай сӛздерді дұрыс сұрыптап, ӛз орнымен
реттеп, қиюластыру арқылы ғана ӛз ойыңды басқа жанға жеткізе аласың. Сӛз
— ойдың киімі. Сӛз ойды жеткізудің ғана құралы десек, сӛздің мәнін
тарылтқан болар едік. Дұрыс ой жеткізудің ар жағында сӛз арқылы басқа
санаға ықпал ету, әсер ету әрекеті бой кӛтереді. Сӛздің құдіретті күші
ертеден танылған, бағаланған. Сӛз мемлекеттің ірі істерінде мемлекет
аралық қарым-қатынастарда, қоғамдағы әр деңгейдегі топтардың арасында
күрес құралы болып келген. Қазақтың би-шешендері «Тоқсан ауыз сӛздің
тобықтай түйінін» тауып, үлкен дуалы мәселелерді сӛзбен шешіп отырғаны
осыған дәлел.
Оқушының сӛйлеу тілін дамытатын, шебер сӛйлеуге баулитын, ойды
жүйелі баяндауға, сӛзді әсерлі құруға үйрететін, шебер сӛздік құрылымы мен
техникасын танытатын – пән бар болса, ол – әдебиет пәні.
Адамның белсенді сӛйлеу әрекеті әдебиетті оқу үдерісінде жүзеге
асады. Сӛйлеу әрекетін адамның моральдық-эстетикалық сенімі мен
әрекетінен ажыратып қарауға болмайды.
Оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту мәселесіне қатысты жазылған
әдістемелік еңбектерді саралағанда байқағанымыз – әдіскерлеріміз тіл
дамыту жұмыстарын оқушылардың сӛйлеу тілі мен жазба тілін дамыту
бағытында бірлікте жүргізуді мақсат етеді. Әрі бұл мәселе қазақ тілін оқыту
әдістемесі мен әдебиетті оқыту әдістемесіне ортақ зерттеу нысаны екен.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласында кӛбірек тіл мәдениетіне қатысты
қарастырылған. Шешендік ӛнер нысанын зерттеушілер де аталған мәселені
айналып ӛтпейді.
Жалпы оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту тек белгілі бір пәндер
аясында ғана зерттеліп, қарастырылады десек, кателескен болар едік.
Жоғарыда айтып ӛткендей сӛйлеу адамның ӛмір бойғы әрекеті. Оқушының
сӛйлеу тілін дамытуға барлық пәндер атсалысады.
Оқушылардың ауызша сӛйлеу тілін қалыптастыру олардың интел-
лектуалдық әрі мәдени сапаларын дамытумен байланысты іске асырылады.
Мұнда оқушылардың даралық қабілеттері, таным белсенділігі, талғамы,
ӛзіндік кӛзқарасы, қабылдау дағдысы, ойлау дүниесі т.б. толық ескеріліп,
соған қатысты жүргізілетін әртүрлі жұмыстардың нәтижесінде сӛйлеу
дағдылары дамып, қалыптасады.
Оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту үш тарапта жүргізілетін жұмыс.
Оның бірі, психолингвистік негіздегі сӛйлеу қызметінің теориясына қатысты.
Екіншісі, ана тіл мен шеттілін оқып үйренудің заңдылықтарын
зерттейтін лингводидактикалық бағыт.
1
Салықов К. Шығармалар жинағы А., Жазушы. 1995. 145 б
.
219
Үшіншісі, әдебиеттану мен сынның, шешендік ӛнер теориясын, кӛркем
әдебиеттің мүмкіндіктерін қарастыратын әдеби-әдістемелік бағыт. Біздің
тоқталмағымыз, әдебиет пәнінің оқушылардың сӛйлеу тілін дамытудағы
мүмкіндіктері жайлы болмақ.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде оқушылардың сӛйлеу тілін мен
жазба тілін дамыту мәселелерін қарастырған әдіскерлер (Ә. Қоңыратбаев,
А.Кӛшімбаев, Р.Құтхожина, Қ.Бітібаева, Т.Жұмажанова, т.б.) тіл дамыту
жұмыстарының әдіс-тәсілдерін кӛрсететі.
А.Кӛшімбаев: «Мектепте оқылатын барлық пәндер сияқты әдебиет
сабақтарында да оқушылардың ауызша сӛйлеу тіліне талаптар қойылып
отырады» дей келе, оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту әдіс-амалдарын
сипаттайды
1
. Әдіскердің ұсынған әдіс-амалдары:
1.Мәнерлеп оқу.
2.Мұғалімнің ауызша не жазбаша түрде берген сұрақтарына байыпты,
дәл, толық жауап қайтара білуге дағдыландыру;
3.Оқылған шығарманың сюжетін баяндап айтып беру.
4.Әдебиеттік шығарма кейіпкерлерінің мінездемесін ауызша баяндап
айтып беру.
5.Оқытудың мазмұнын ауызша әңгімелеп айтып беру.
6.Оқушының сабақ мазмұнын ауызша баяндап айтып беруі.
Байқап отырғанымыздай әдіскердің ұсынған әдіс-амалдарының денін
ауызша мазмұндау жұмыстары құрайды. Ауызша мазмұндау жұмыстарының
оқушының сӛйлеу тілін дамытудағы тиімділігі жӛнінде Ә.Қоңыратбаев та кӛп
тоқталады. Әдіскер-ғалым ауызша мазмұндау жұмыстарындағы кейбір
олқылықтарды айта отырып, мұғалімдер тарапынан ауызша мазмұндау
жұмыстарын оқушыға қатысты ӛрістете жүргізу талаптарын қояды.
Р.Құтхожина тіл дамыту бағытындағы бірнеше жұмыс түрлерін
кӛрсетеді
2
:
1.Сӛздікпен жұмыс.
2.Мазмұндау: а) мәтінге жуық мазмұндау; ә) мәтін мазмұнын
қысқартып (тезис түрінде) мазмұндау; б) мәтіндегі сӛйлеуші жақсы ӛзгертіп
(бірінші жақтағы баяндауды үшінші не екінші жақта) мазмұндау; в) мәтіннен
қажетті үзінділерді бӛліп мазмұндау; г) ауызша мазмұндау; д) сұрақ-жауап.
3.Кӛркем мәтінге жоспар құру: а) жай жоспар; ә) күрделі жоспар.
4.Шығарма жаздыру: а) белгілі бір әдеби тақырыпқа шығарма жаздыру;
ә) сурет бойынша шығарма жаздыру; б) оқушылардың ӛзі байқаған, кӛрген-
білгендері бойынша шығарма жаздыру; в) инсценировкалар құрастыру т.б.
Әдіскер Т.Жұмажанова да осы аталған әдіс-тәсілдерді атайды
3
.
Байқап отырғанымыздай оқушылардың сӛйлеу тілін дамытуға бағыт-
талған әдіс-тәсілдердің біразы 60 жылдардағы әдістемелік еңбектерде аталып,
1
Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. А., Мектеп, 1969. 202-203 б.
2
Құтхожина Р. Қазақ әдебиетін оқыту/методикалық нұсқау/ 6 класс. А., Мектеп,
1984. 6-б.
3
Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., Білім. 2009. 131-133бб.
220
жүргізіліп келе жатыр деп шамалауымызға болады. Әдістеме ғылымында
дамыта оқыту технологиясы қарқын алып, әдіс-тәсілдер толығып келе
жатқанымен, оқушылардың сӛйлеу тілі мен жазба тілін дамыту мәселесі әлі
де айқын шешімін таппай келеді. Оның кӛптеген себептері де бар. Бүгінгі
технология заманында оқушылардың сӛйлеу тілінің дамуына, кемелденуіне
елеулі кедергілердің барын жоққа шығаруға болмайды. Олар:
1.Күнделікті коммуникативті қатынастағы вербалдық жүйені техника
тілі ығыстырып келе жатқандығы.
2.Сабақ үдерісіндегі әдіс-тәсілдердің (ауызша-сӛздік әдістерді басқа
әдіс-тәсілдердің ығыстыра түсуі) түрленуі.
3.Оқушылардың білімін тексеру кӛбіне тестіге негізделуі.
4.Оқыту үдерісіне компьютерлік технологияның басымдық жасауы.
5.Оқушылардың кӛркем әдебиетті оқуғы қызығушылығының тӛмен-
деуі, содан келіп туындайтын сӛздік қордың оқушыда ӛз дәрежесінде қалып-
таспауы, сӛйлеу тілінің жұтаңдануы т.б. себептерді атар едік.
Ендеше, оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту мәселесінің жаңа
талаптарын, әдіс-амалдарын қарастыру керектігі айқын танылады.
Мектеп оқушыларының сӛйлеу тілін дамыту жұмыстары бойынша
кӛбірек тиімділігімен танылған табысты жолдың бірі коммуникативтік іс-
әрекетке негізделеді десек қателеспейміз. Сондықтан тіл дамыту жүйесіне
«сӛйлеу қызметі» деген психолингвистік термин енгізілген.
Сӛйлеу дағдысы сӛзге сүйенсе, сӛз ойдың жарыққа шығу формасы бола
отырып, адамдардың қарым-қатынасының негізін құрайды. Сонда қарым-
қатынас адамның сӛйлеу әрекетін тудырушы негізгі түрткі ретінде таны-
лады.
Сондықтан әдебиет сабағында оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту
жұмыстарын коммуникативті қызметке, қарым-қатынас үдерісіне сүйене
жүргізудің мәні зор.
Оқушылардың сӛйлеу тілін дамытудың лингводидактикалық бағыты
сӛйлеу қызметін стильдік жағынан жетілдіре отырып шығармашылық
үдеріске айналдыруды кӛздейді. Бұл үдеріс белгілі бір жаттығулар нәтиже-
сінде жүзеге асатыны белгілі.
Әдістемелік еңбектерді саралай отырып тіл дамыту мақсатындағы
жаттығулардың негізгі бағытын анықтадық. Олардың бір тобына
оқушылардың эстетикалық талғамы мен мәтінді кӛркемдік ерекшеліктеріне
қарай талдау қабілеттерін дамыту бағытындағы жаттығу жұмыстарын
жатқызуға болады.
Келесі бір тобын сӛзді тиімді қажетіне қарай сұрыптап қолдана отырып,
тыңдаушысына әсер ете алу қабілеттерін дамытуға бағытталған жаттығулар
құрайды.
Енді бір бағыты сӛзді рӛлдік ойындарда тиімді қолдана білу, мақсатты
түрде сӛйлеу әрекетін дамытуға бағытталған жаттығулар.
Әдеби мәтіндерге ӛзіндік кӛзқарастары тұрғысынан қарап, сын-пікір
айта білу қабілеттерін жетілдіру бағытындағы жаттығулар мен мәтіндегі
сӛздердің танымдық астарына үңіле алатын герменевтикалық талдау жасауға
221
бағытталған жаттығуларды да әдебиетті оқыту әдістемесі аясында жүргізуге
әбден болады. Ендігі кезекте оқушылардың сӛйлеу тілін дамытудың
ұстанымдарын саралайық.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытудағы жетекші ұстанымдар.
Әдебиет пәнінде оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту белгілі бір ұстанымдарға
негізделеді. Олар:
-оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту жұмыстарын әдебиеттің кӛркемдік-
эстетикалық, интеллектуалды-танымдық, тәрбиелік қырларын тұтас қамти
отырып жүргізу ұстанымы;
-тіл дамыту жұмыстарын әдебиетті оқыту кезеңдерінің барлық мақсат-
міндеттерін ӛзара бірлікте, әдеби материалды терең танып қабылдауға
бағытталған жұмыстармен кіріктіре жүргізу ұстанымы;
-оқушылардың сӛйлеу қызметін әдебиетті оқыту үдерісінде әртүрлі
әдіс-тәсілдермен түрлендіре жүргізу ұстанымы;
- оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту жұмыстарын бастауыш, орта және
жоғары сыныптарда жеңілден күрделіге қарай дамыта, түрлендіре жүргізу
ұстанымы;
- тіл дамыту жұмыстарын нақты, ӛмірлік жағдаятқа жақын жаттығулар
мен ӛнер түрлеріне ұштастыратын практикалық жаттығуларға негіздей
жүргізу ұстанымы;
- оқушының сӛйлеу тілін дамыту жұмыстарын үздіксіз, жүйелі түрде
жүргізілу ұстанымы;
- тіл дамыту жұмыстарын қазақ тілі сабақтарымен және ӛзге пәндермен
ӛзара байланыста жүргізу ұсанымы.
Әдебиет пәні оқушылардың бір қатар шығармашылық еңбекті
үйренуіне жағдай туғызады. Кӛркем шығарма ӛзегіндегі күрделі танымдық,
адамгершілік мәселелерге оқушылардың ӛзіндік ой қорытып, сын-пікірін
білдіруіне қатысты танымдық-зерттеушілік жұмыстарына, жоба жұмыста-
рына, ауызша, жазбаша әртүрлі жұмыс даярлауына ықпал етеді. Сондықтан
оқушылардың шығармашылық еңбегінің кӛбі әдебиет пәнін оқу барысында
қалыптасуы заңдылық.
Әдебиет пәні аясында оқушылардың тілін дамыту жұмыстарының
негізгі бағыттарын былайша саралауға болады:
1.Кӛркем шығарма мәтінімен жүргізілетін фразеологиялық-сӛздік
жұмыстары.
2.Оқушыларды шығарманың жанрлық ерекшелігін танып, шығарма-
дағы монологты баяндауды ӛзіндік-шығармашылық деңгейде қайта баяндау
дағдысын қалыптастыру жұмыстары.
3.Оқушылардың диолгтік қарым-қатынас үдерісінде тілдік қызметін
ұйымдастыру жұмыстары.
4.Тіл дамыту жұмыстарына ықпал ететін тілдік жағдаят туғызу.
5.Тіл дамыту жұмыстарына ықпал ететін пән аралық байланысты
орнату.
222
Сөйлеу тілін дамыту бағытындағы оқушы құзіреттіліктері. Орта
буын сыныптарда тіл дамыту жұмыстары барысында қалыптасатын оқушы
құзіреттілігі:
Бірінші талап – шығарманың кӛркем әлемі мен образдар жүйесінің
болмыс-бітімін, қаламгердің шығармашылық ӛрісін танытатын лексикалық
қорды игеру. Әрине бұл үздіксіз жүргізілетін жұмыс. Әдебиет пәнінде кӛркем
мәтінді талдау үдерісінің алғашқы кезеңі кӛркем шығарма тілінің
қаншалықты түсінікті болғанын анықтауға арналады. Мұны әр мұғалім ӛз
тәжірибесіне сүйене жүргізеді. Кӛбіне сӛздік жұмыстары жүргізіледі.
Сӛздік жұмыстарын жүргізудің де кӛптеген амал-тәсілдері бар. Күрделі
сӛздер, сӛз оралымдары, тұрақты тіркестер, түсініксіз сӛздерді (кірме сӛздер,
неологизмдер, архаизмдер) кӛпмағыналы сӛздер т.б. оқушылардың ӛздеріне
алдын-ала анықтатып, оларға мұғалімнің анақтама беруі немесе сынып
бойынша сӛздіктерге (түсіндірме сӛздік, аударма сӛздік, фразеологиялық
сӛздік т.б) сүйене отырып түсініктеме жазуы; жекелеген сӛздерге сино-
нимдік, антонимдік балама қоя отырып анықтау, кейбір сӛздерге мақал-мәтел
келтіру, фразеологиялық тіркес жазу т.б. тапсырмалар, амал-тәсілдер белгілі.
Әрине, лексикалық, фразеологиялық сӛздік жұмысы сӛздердің мағынасын
танумен шешілмейді.
Оқушының сӛздік қорының молаюы, сӛйлеу тілінің дамуы сол
сӛздердің тілдік айналымға енуімен тікелей байланысты. Ал ол жұмысты
ӛрістете жүргізу мұғалімнің шығармашылығын талап етеді. Кейбір
мұғалімдер әдебиет пәнінде арнайы сӛздік жұмыс-дәптерін қоса жүргізе
жүріп, әр сабақта оқушыларды шығармашылық тапсырмалармен дамытуды
кӛздейді. Үздіксіз жүргізілген жұмыс тиісті жемісін де береді.
Екіншіден, баяндау түрлері мен үлгілерін білу: аналитикалық баяндау
түрі, әдеби-баяндау, хабарлама түрінде, сұрақтарға байыпты жауап түрінде,
әдеби-ӛмірбаяндық әңгіме, қаламгердің шығармашылық келбетін танытатын
әңгіме түрінде ойын кӛркем жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Үшіншіден, жазушының дүниетанымы мен шығармашылығын, белгілі
бір кезеңнің ерекшелігін танытатын қоғамдық-философиялық және ғылыми
терминдерді, кӛркем мәтінді талдау үдерісінде, әдебиеттану мен сын
саласында қолданылатын әдеби-теориялық терминдерді меңгеру теориялық
қисындармен қарулану.
Тӛртіншіден, тілдің кӛркемдік айшықтарын, мақал-мәтелдер мен
афоризмдерді, фразеологиялық тіркестерді сӛйлеу қызметінде қолдана білу.
Бесіншіден, сӛйлеу тілінің нақты, тұжырымдылығы және айтушы
ойының композициясы логикалық бірізділікке құрылу талабы қойылады. Сӛз
сӛйлеу — әсем, шебер орындаумен тамырлас. Ол ой әлемімен үйлесуі қажет.
Алтыншыдан, стильдік нормаларды білу, әдеби нормада сӛйлеу
(қателерді болдырмай, тілге варваризм сӛздерді қоспай, белгілі бір сӛздерді
қайталамай сӛйлеу) дағдыларын қалыптастыру.
Жетіншіден, сӛйлеу кезінде тыңдаушысын ӛз ойына ерте білу,
коммуникативті қатынас орната білу, әсер ету қабілетін дамыту.
223
Сегізіншіден, баяндама, хабарлама т.б. сӛйлеу қызметіне ӛз бетінше
даярлана алу қабілетін қалыптастыру талаптары қойылады.
Оқушылар әдеби тіл нормаларын кӛркем шығарманы оқу барысында
мұғалімнің түрлі әдіс-тәсілдері нәтижесінде қалыптастыра алады. Мұғалім
оқушылардың сӛйлеу тіліне қойылатын негізгі талаптарды үнемі назарда
ұстағандары жӛн. Оқушылардың баяндауға, баяндама жасауға не ӛз ойына
дәйектемелер дайындауда кейбір сӛйлеу қызметінің құрылымдарын ұсынуға
болады.
1. Кіріспеде негізгі мәселенің мәнін түсіндіру, тыңдаушылардың ынта-
зейінін аудару, кӛңіл-күйін бӛлісу қарастырылады.
2. Мазмұндауда айтатын мәселе туралы сатылап әңгімелеу, мазмұнға
анықтық пен нақтылықты, қысқалықты, шындыққа сәйкестікті үйлестіру.
3. Кӛркем тіл сатысында а) тақырыпты айқындау, ә) тілдің граммати-
калық және лексикалық нормасын мұқият дұрыс сақтау, б) сӛзді жал-
пыхалықтық мәнде, табиғи тіркесімді сақтай қолдану, г) кӛркем тілдің
әуезділігі мен суреттілігін сақтау.
Сӛйлеушінің ойды шебер жеткізе білу табысы ойдың жүйелілігі мен
композициялық құрылымына қатысты екендігін алғаш Аристотель атап
кӛрсетеді. Ол ұсынға сӛйлеу үдерісінің композициясы:
1.Алғы сӛз;
2.Тақырыбын дәлелдеу;
3.Әңгімелеу, сӛзді ретімен баяндау;
4.Сипаттау;
5.Дәлелдеу;
224
6.Жоққа шығару не полемика, эвристика;
7.Үндеу тастау-тыңдаушының жүрегіне тіл қату;
8.Сӛзді әсерлі аяқтау.
Тіл дамыту мақсатында ауызша мазмұндату, жазба жұмыстарын
орындату сӛйлеу тілін дамытудағы елеулі саты болып табылады. Оны әр
сынып бойынша бірнеше түрге бӛліп ӛткізуге болады. Мысалы: мәтінге жуық
мазмұндау 5-7 сынып оқушыларында белсенді жүргізіледі. Оқылатын
кӛркем шығарманың ӛзінен баяндау үлгісіндегі мәтінді ӛзгертіп қолдануға
үйрету, кейбір кейіпкерлер образын беретін портрет, мінездеулерді ауызша
сипаттату, пейзаж үлгілерін ауызша суреттету, кейбір суретке сүйене
отырып мазмұндау, суреттеу, баяндау, мінездеу үлгілерін қолдануды тапсыру
оқушылардың сӛйлеу тілін біршама дамытады. Оқушылар мәтіннің мұндай
(баяндау, мінездеу, суреттеу) үлгілерін бастауыш сыныптан ажыратып біледі,
сондықтан тапсырмалар оқушыларға еш қиындық туғызбасы анық.
Оқушы ойын жүйелі айтуға жаттықтыруда суреттің мәні ерекше.
Бүгінде әдістемеде суретке қарап баяндау бастауыш сыныптарға ғана тән
деген жаңсақ ұғым қалыптасқан сияқты. Шындығында интерактивті
тақтаның кӛмегімен сурет, видео т.б. ӛнер түрлерін әдеби мәтіннің
мазмұндық танымын терең меңгеру мақсатында, сӛйлеу тілін дамыту
мақсатында қолдану тиімді. Кӛркем бейне бойынша мазмұндау, әңгімелеу
сӛйлеу барысында ӛрнекті ойды табуға, оны орынды қолдана білуге
дағдыландырады. Жазба тілдің ауызекі сӛйлеумен бірлікте болатыны белгілі.
Дұрыс сӛйлей білу сауатты жазуға да үйретеді. Ауызша тіл дамыту
жұмысының сапасы жазба жұмыстарын орындауда анық кӛрінеді. Сондықтан
мұғалім айтылған, жазылған сӛздің мәнді, мағынасы мазмұнды болуы,
ойларының дәлелді, айқын берілуі, құлаққа жағымды, тыңдауға әсерлі, оқуға
тартымды болуын үнемі қадағалап отыруы керек.
Тілді дамытудың күшті құралы - кӛрнекілік бүгінде мектеп тәжіри-
бесінде кӛрнекіліктің түрлері интерактивті тақта, компьютерлік, мультиме-
диялық бағдарламалар т.т. кӛптеп қолданылуда. Бұлардың қай-қайсысы
болсын сабақ сапасын арттырып, түрлендіруге ӛз үлестерін қосады. Ең
бастысы оқушылардың назарын ӛзіне тез аударады, қызықтырады, ынтасын
арттырады, есте сақтауына кӛмектеседі, әңгімелеп айта білуге, сӛйлеуге
жағдай жасайды.
Оқушылардың сӛйлеу тілін дамытуда ең биік меже –шешендік ӛнерге
баулу екені белгілі. Ф.Ларошфуко: «Кӛсіліп жақсы сӛйлеу — тапқыр
ақылдың сыйы, тұжырымды жақсы сӛйлеу — даналықтың белгісі» дейді
1
.
М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясында жас Абайдың әке тапсырмасымен
Құлыншақ, аулына барған тұсындағы сӛйлеу мәнерін «...Қысылған да,
іркілген де жоқ. Баппен, үлкен кісідей айтып шықты»
2
десе Сүйіндік
ауылына барғандағы сұхбатын да әсерлі суреттейді. Автор кӛбіне Абайдың ӛз
1
Негимов С. Шешендік ӛнер. А., Ана тілі, 1997. 25 б.
2
Әуезов М. Шығармаларының толық жинағы. 3 том. А., Жазушы 1979. 154 б.
225
сӛзін созбай, тұжырып, ойын ықшам жеткізетінін баяндайды. Сол арқылы
шешен сӛйлеу тілінің басты талаптарын еске салады.
Шешен сӛйлеу қағидасына қатысты Цицерон: «Сӛйлеу сӛз болатын
нәрсені білуден туындап, дамуға тиіс. Егер шешен оны тұтас қамтып, зерттеп
алмаған болса, онда шешендік атаулы бекершілік, балалық тырбаныс» десе
1
,
Платон: «Шешендік — сӛзбен жүзеге асыратын әрі сӛзбен барша жетістік-
терге жеткізетін ӛнердің саласы. Демек, барлығының тізгінін ӛз қолына
алған, барша ӛнердің қасиет-күшін жинақтаған деуге болады» деп тұжырым-
дайды
2
. Ал қытай елінің шешендік қағидаларында шешендік нормаларын
«анықтық, тұжырымдылық, ойлылық; эмоциалы ынталылық; ұстамдылық;
әрбір сӛзге жауапкершілік» деп береді
3
.
Оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту, шешендікке баулу бағытындағы
әдіс-тәсілдер мен жаттығу түрлерін саралай келіп, жалпы әдістемелік жүйені
дамыта қолдану керектігін байқадық. Оқушылардың сӛйлеу тілін дамытуға
бағытталған дәстүрлі әдіс-тәсілдер болғанымен, практикада оқытудың басты
ұстанымдары (жоғарыда атап ӛткен жүйелілік, бірізділік, дамытушылық т.б.)
сақталмауына байланысты тиісті нәтижеге қол жеткізе бермейтініміз, бүгінгі
білім беру үдерісіне кері ықпал ететін факторлардың салдарынан оқушы-
лардың кӛркем мәтін оқуға қызығушылығының тӛмендеуі, оқушы тілінің
қажетті лексикалық қоры қалыптаспауы, тілдік нормалардың сақталмауы т.б.
олқылықтарға жол берілуде.
Тіл дамыту тапсырмалары. Осы орайда әдебиет сабағында тіл дамыту
мақсатында жүргізілетін бірнеше тапсырма түрлерін ұсынамыз.
Аналитикалық тапсырмалар:
1-тапсырма: Берілген сӛздермен тіркесетін ортақ сӛз табыңыз.
1) Жарық, биік, кең, балконды; 2. Шебер, ӛнімді, талантты, профессио-
налды;
2) Биік, қалың, үнсіз, күңгірт, сиқырлы, салқын, қарағайлы; 4. Биік, ӛрнекті,
ағаш, шым, қалың; 5. Қырын, қандыкӛз, қара, қомданған; 6. Ұзақ, ыстық,
қапырық, жауынды, бақытты; 7. Әділ..., қатал..., ...сағат, ӛткір..., ...есім.
2-тапсырма: «Абылай аспас асу», «ағаш атқа отырғызу», «ағынан
жарылу», «ақсақты тыңдай, ӛтірікті шындай қылу», «арасынан қыл ӛтпеу»,
«ат қойып, айдар тағу», «аузымен құс тістеген», «ауыз жаласу», «ауыздыға
сӛз, аяқтыға жол бермеу», «аяғынан тік тұрғызу», «аяқтан шалу», «әліптің
артын бағу», «әркімнің қолы ӛз аузына жуық», «бармақ басты, кӛз қысты»,
«бармағынан бал тамған», «бүйректен сирақ шығару», «бір тарының
қауызына сыйғызу», «жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты»,
«жоқтық жомарттың қолын байлайды», «иненің кӛзінен ӛткенде», «иненің
жасуындай», «ит мініп, ирек қамшылау». Берілген фразалық тіркестердің
1
Цицерон. Три трактата об ороторсуом искусстве. М.: Наука, 1972.
2
Об ораторском искусстве. (Сборник изречений и афоризмов). М.: Знание,
1980.
3
Санда
226
мағынасын түсіндіріңіз. Берілген фразаны пайдалана отырып, сӛйлем
құраңыз.
3-тапсырма: Бас, кӛз, жүрек, ниет, тілек, сӛз, жол, қол сӛздерін
пайдалана отырып, фразалық тіркес құраңыз. Осы сӛздерді бірнеше (кӛп)
мағынада қолданып кӛріңіз.
4-тапсырма: Бір күні Абылай хан ақылы асқан билермен кеңес құрып
отырғанда:
— Дүниеде тозбайтын нәрсе бола ма? Ӛлмейтін жан бола ма? Осыны
тауып беріңдер де, менен қалағандарыңды алыңдар , — депті хан.
Сонда отырғандардың біреуі:
— Тас тозбайды, темір тозбайды, асқар тау ӛлмейді, аққан су ӛлмейді
деп, біреуі оны, біреуі мұны айтыпты. Бұл сӛздер Абылай ханның кӛңіліне
қона қоймапты. Сонда түптегі Қыпшақ, Таймас Жұдас деген бір кісі тәмам
билер гуілдесіп отырғанда ләм-лим деп тіл қатпай, сӛз тыңдапты. Сонан бір
орайы келгенде орнынан ұшып тұрып Абылай ханның алдына шарт жүгініп
былай депті:
— Алдияр тақсыр! Бұлардың айтып отырғандары тозатын нәрселер,
ӛлетін нәрселер. «Тозбасты ұста соқпаған, ӛлместі құдай жаратпаған»
демей ме? Міне, мен не тозбайтынын, не ӛлмейтінін айтып берейін. Құдай
дескен құда болады, құшақтасқан дос болады. Дос болғанда бірінен бірі
жүйрік ат алады, қыран құс алады, түзу мылтық алады. Жүйрік ат ӛледі,
қыран құс ұшады. Түзу мылтық қисаяды. Достық сондаймен тозады.
Тӛсекте бас қосылсын, тӛскейде мал қосылсын деп құда болады. Кит
саларда бір дау, мал берерде екі дау, үйге енгізерде үш дау, ұзатарда тӛрт
дау болар. Осы даулардың бәрі де тозады. Бірімен бірінің құдалығы да
тозады. Құдай қосқан құда емес, құшақтасқан дос емес. Бірінен бірі жан
аямайтын, кӛрмесе сағынып тұратын екі тату болады. Тозбайтын сол екі
татудың достығы.
Қара жердің ӛлгені ... ... ...
Асқар таудың ӛлгені... ... ...
Ағын судың ӛлгені... ... ... ...
Ай мен күннің ӛлгені... ... ...
Ӛлмегенде не ӛлмейді?
Мәтіннен сӛйлеуші сӛзінің әсеріне қарай, сӛз лексикасына байланысты
мәтіннің астарлы ойын қорытыңыз. Жұмбақтың шешуін тауып кӛріңіз.
5-тапсырма:
Жақсымен жолдас болған,
Ел ұстанған тілектей болады,
Қыз ұстаған жібектей болады.
Жадыраған жаздай болады,
Айдын кӛлдегі қаздай болады.
Отау ортасындағы оттай болады.
От ортасындағы шоқтай болады,
Тұрағы алтын шырақтай болады,
Тұяғы асыл пырақтай болады. (Бӛлтірік шешен).
227
Ӛлең мәтінен теңеулерді айшықты сӛз оралымдарын теріп жазыңыз .
Оларды тақырыпқа қарай топтаңыз.
6-тапсырма: Тӛмендегі ұсыныс-пікірге бағдар жасай отырып, ӛзіңіздің
сӛйлеген кездегі дауыс ырғағыңыздың кемшілігін ажыратыңыз. Топ алдында
сӛз сӛйлеуге жоспарлы түрде дайындалыңыз.
Егер тыңдаушылар сіз әлгінде ғана айтқан сӛзіңізді қайталап
айтуыңызды жиі ӛтінсе: ӛз сӛзіңізді фонетикалық жағынан мүшелеп
айтуға жаттығыңыз. Ӛз сӛзіңіздің ырғағы мен бунағына назар аударыңыз.
Сӛйлем аяғындағы екпінге, фразалық тіркестің соңындағы екпінге мән
беріңіз.
Егер жұрт алдында сӛз сӛйлеуге именсеңіз, сӛз сӛйлеу рӛлін ойнап
кӛріңіз. Аудиторияда нақты әрі қатты дауыстап сұрақ қойыңыз.
Пікірталастарға қатысыңыз.
Егер он минуттық сӛзден кейін-ақ тамағыңыз қарлығып, ауырсынса-
ңыз, маңдайыңызға, ұртыңызға, сӛйлеу мүшелеріне, кеудеге, ішке діріл
туғызу арқылы массаж жасаңыз. Күнбе-күн сӛйлейтін сӛзіңіздің мӛлшерін
ұлғайту арқылы жаттығу жасаңыз.
Егер сӛзіңізден тыңдаушыларыңыздың назары біраздан кейін ауытқи
бастаса, сӛзіңіздің ырғағын жоғары-тӛмен алмастырып отыруға, сӛздің
екпіндік құрылымын реттеуге күш салыңыз. Сӛзіңізде сұрақ-жауап тәсілін
қолданыңыз. Бір фразаны бірнеше рет әртүрлі логикалық мәнде, мағынада
айтуға жаттығыңыз. Үнтаспаға басып бірнеше рет қайталап тыңдаңыз.
Егер сӛзіңізде бір сӛзді (не бір дыбысты) бірнеше рет қайталап
қолдана беретін әдетке үйір болсаңыз, ӛз сӛзіңізді жіті бақылаңыз,
Сӛзіңіздің қандай бӛлігінде сол әдетіңіз қайталанатынына баса назар
аударыңыз. Сӛздің ырғағы мен екпінін алмастырыңыз. Әдет қылған
дыбыстардың орнына ырғақтық ишара жасауға немесе үзіліс жасауға
тырысып кӛріңіз. Үнтаспамен жаттығыңыз.
Болжалды түрде үлгіге ұқсату тапсырмалары:
1-тапсырма : Сӛз айшығын құраңыз, аяқтаңыз. «Біз келешекке сенеміз,
себебі…», «Біз білімді жастарға сенеміз, себебі…» «Мұғалім ұрпақ тәрбие-
сіндегі басты тұлға, ӛйткені… Сӛз соңындағы ырғақ пен түйінді эмоциялық
жағдайға қалыптастырыңыз.
2-тапсырма: Әдеби шығармадағы кейіпкерге берілген портретті үлгі
ете отырып, ӛзіңіз қалаған кейіпкердің портретін ауызша жасап кӛріңіз.
3-тапсырма: Оқылған кӛркем шығармадағы кейіпкерге берілген
мінездеу үлгісін ала отырып, ӛз сыныптасыңызды не құрбыңызды мінездеңіз.
Жағдаят құруға бағытталған риторикалық ойындар:
1-тапсырма: Ата-аналар жиналысында тәртібі қиын балаға мәселесі
талқылануда (Ситуациялық жағдайды ӛзіңіз ойластырыңыз). Ата-аналар
арасындағы таласты шебер сӛзбен шешуге тырысып кӛріңіз.
2-тапсырма: Ӛз сыныптастарыңызды немесе құрбыларыңызды «бақыт»
ұғымы туралы пікіріңізге иландырыңыз, сендіріңіз.
3-тапсырма: Сіз достар клубын ашқыңыз келді. Құрамына кіретін
жандар «нағыз дос» ұғымына анықтама беру арқылы ғана ӛкілеттілік
228
қағазын ала алады. Әр адам ӛз анықтамасын ӛткізуге тарысады. Осы
анықтамаларды топтап, саралаңыз да ерекше ұғым құрағандарын
талқылаңыз, немесе жоққа шығарыңыз. Анализ, синтез арқылы «нағыз дос»
деген ұғымның ортақ анықтамасы жасалуы керек.
4-тапсырма: Ерекше айшықты дәйексӛз даярлаңыз. Тақырыптары:
«Адамзаттың сан ғасырғы асыл қазынасы кітаптарды электронды
оқулықтар алмастыра ала ма?», «Ғасыр қойнауынан жеткен кітап
қазынасы және электронды оқулықтар», «Кітап, оқырман, заман» (берілген
тақырыптың біреуін таңдай отырып ойыңызды дәлелдеңіз).
Шығармашылық тапсырмалар:
1- тапсырма: Досыңыздың туған күніне, кез-келген мейрамға, мектеп
басшылығы ретінде құттықтау мәтінін даярлаңыз. Мәтіннің мазмұны
құттықтау сӛздің жанрына сәйкес келуі керек әрі құттықтаушы жақтың жеке
қарым-қатынасы кӛрінетін болуы шарт.
2-тапсырма:
Мектептегі әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен
халықаралық конференция ӛтпекші. Сіздің міндетіңіз конференцияға шақыру
хатының мәтінін документтік жанрдағы шарттармен жазу. Риторикалық
мәтіннің тәсілдерін қолданыңыз.
3-тапсырма: Ғылыми жобаны сәтті қорғадыңыз. Жетекшіңізге алғыс
хат жазыңыз. Мәтінді шешендік бағытта құрыңыз. Сіздің сӛзіңізден
жетекшіңізге деген құрмет сезімі, алғысыңыз бен риясыз кӛңіліңіз, қарым-
қатынасыңыз айқын сезілетіндей болуы әрі жетекшіңізге де сондай ізгі кӛңіл-
күй қалыптастыратындай болуы шарт.
4-тапсырма: «Ең ардақты жан», «Арулар – асыл жандар», т.б. тақы-
рыптардың біріне эссе жазыңыз. Эмоциялық әсер туғызарлық сӛз оралымын
кірістіріңіз.
5-тапсырма: «Мен кӛксеген ұзтаз тұлғасы», «Заман адамы» эссе
жазыңыз. Дәлелдеулер мен жоққа шығару, иландыру тәсілдерін қолданыңыз.
6-тапсырма: «Ұстазым ұлағатым», «Анасыз бұлбұл құс та сайрамаған»
осы тақырыптарға сӛз даярлаңыз. «Мейірім» «шуақ», «аялы», «аяулы»,
«ардақты», «қамқоршы», «ұстам», «ӛнеге», «тәлім», «ұлағат» «жан шуағы»
т.б. сӛздерге эпитет құра, синонимдік қарар жасаңыз, антонимдер жазыңыз.
7-тапсырма: «Жаз», «қыс», «күз», «кӛктем» т.б. сӛздерге метафоралық
тіркес құраңыз. Метафоралық ой құраңыз.
8-тапсырма: Ерекше айшықты дәйексӛз даярлаңыз. Тақырыптары:
«Кітап болмаса біз жабайыланар едік», «Ақыл мен сенімсіздік барлық
зұлымдықтың бастауы», «Отан — иен дала емес, Отан — халық».
9-тапсырма: Міндетіңіз — коммуникация, коммуникативті, коммуни-
кант терминдерін тіл айналымына ендіру; а)толық мағынасын ашу; ә)нақты
тарихи сӛздік; б) синонимдер табу.
Ұсынылып отырған тапсырмаларды әдістеме ғылымында белгілі
дәстүрлі әдіс-тәсілдерді толықтыру мақсатында сыныптық сағаттар мен
қосымша тіл дамыту жұмыстарында жүргізуге болады.
Түйіндей айтқанда, жеке тұлғаның интелектуалдық ойлау белсен-
ділігін арттыру, сӛйлеу тілін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау
229
әдебиет сабағының негізгі ұстанымы ретінде жүйелі де бағдарлы жұмыс пен
кешенді тапсырмалар негізінде жүргізілген жағдайда оқушының тұлғалық
қасиеттерін дамытуға болады, дарынды тұлға қалыптастыру мүмкіндіктері
молаяды. Оқушының сӛз ӛнеріне деген танымы мен талғамы ӛседі, қызығу-
шылығы артады.
Достарыңызбен бөлісу: |