А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет15/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

Жобаның типі
– лингвистикалық және мәдениеттану. 
Жобаны сыртқы бағалау параметрлері: 



тақырыптың өзектілігі мен мәнділігі жағынан оқылып 
жатқан «Қазақ тілі» пәні мен жоба ретінде алынып отырған 
«Қазақ халық педагогикасындағы әйел затының тәрбиесі және 
оның игі тұстарын жандандыру мәселелері» тақырыбының өзара 
бірімен бірінің байланыстылығы; 

зерттеу әдістерін дұрыс таңдалғандығы мен алынған 
нәтижелерді өңдеу әдістерінің дұрыстығы;

жобаға қатысушы топтың әрбір мүшесінің белсенділік 
дәрежесі; 

қабылданған шешімнің ұжымдық сипатта болуы; 

жобаның эстетикалық көркемдігі деп белгіленді.
Қазақ халқы ұлды «шаңырақ иесі» деп, ал қызды «қонақ» 
деп тәрбиелеген. Қыз баланы, сонымен бірге, ел ішін жақын-
дастыратын ерекше символ ретінде бағалаған. Студенттер қазақ 
тілінің бай қорынан қазақ қыздарының тәрбиесімен байланысты 
тарихта сақталған биік идеалды образдарды таба алады. Сон-
дықтан қазақ тіліндегі қазақ қыздары туралы лиро-эпостық жыр-
лардың тілін жоба тақырыбы етіп беруге болады. 
Гендерлік тақырыпты жоба етіп ұсына отырып, студент-
терге қазақ тілінен тапсырмалар орындату міндеттеледі. Деген-
мен де, қазақ тілінен зерттеулер жасату барысында студенттерге 
гендерлік талдау әдістері де және гендерлік әдістерді қолдану 
жолдарынан білім беру де - аса қажетті талап болмақ. Гендер-
лік әдістердің мынадай түрлері таныстырылады:
КАРТАҒА ТҮСІРУ – Mapping (Картирование). Бұл әдіс 
бойынша студенттер тобы өздері тұратын (не оқитын) қаланың 
мөлтек аудандарын ірілеу етіп КАРТАҒА түсіреді. Ондағы қа-
зақша көше атауларын, жарнамаларды талдаудан өткізеді. 
Оларға этимологиялық, лексика-грамматикалық сипаттамалар 
жасайды. Көшеде тұрған халыққа қызмет көрсету орындарында 
қанша ер адам, қанша әйел адам қызмет ететініне де талдау 
жасауға болады. Түрлі көшелердің атауларын жазған карталарға 
салыстырулар жасау негізінде тілдік және әлеуметтік мәселелер 
туралы есеп түрінде мәтін құрайды. 
ГАРВАРД ТАЛДАУ ӘДІСІ – (Harvard Analytical 
Framework - (Гарвардский метод анализа) үш негізгі элементтен 
тұрады: әрекет түрлеріне шолу жасау; қолжетімділік пен бақы-
лауға шолу жасау; адамдарға бағытталған жоспар жасау



Студенттерге гендерлік білім беру негізінде жобалау тех-
нологиясы одан әрі байып, білімнің адам үшін құндылық қыры 
айқындала түсетініне дау жоқ. Өйткені гендерлік әдіс арқылы 
студенттің:

гендерлік айырмашылықтарды тануға қажетті құрал-
дарды меңгеру және қазақ тіліндегі ер мен әйел тілдерінің ерек-
шеліктерінің қызметтегі қолданыс табиғатын тани білу дағдысы 
қалыптасады. 

гендерлік тақырыптарды жоба етіп беру арқылы қазақ 
тіліндегі ер мен әйел тілі тұрғысындағы байлық, ұлттық дәстүр-
лерді тани алады.
Гендерлік әдістер мынадай ұстанымдарға негізделеді:
1) студенттер қазақ тілінің гендерлік ерекшеліктерін зерт-
теуге кірісерде, өздерінің де гендерлік ерекшеліктерін таниды;
2) студенттер қазақ тіліне гендерлік тұрғыдан талдау жа-
сау үшін гендерлік әдістен білімі болуы міндетті болып санала-
ды;
3) студенттер жоба тақырыбының гендерлік қырын анық-
тауда жобаны орындаудың ұзақ болуы дұрыс деп есептеледі. 
Қазақ халқының ұлттық құндылықтар жүйесінде қыз бала 
ерекше орын алады. Әйел-ана бейнесі, Ұмай-Ана, Томирис-
Тұмар, Зарина, Гүлбаршын, Құртқа, Қыз Жібек, Баян сұлу бей-
нелері – қазақ халқының мәдени мұрасында ерекше орны бар 
тұлғалар. Қазақ тілін жобалай оқыту технологиясында студент-
терге осы тұлғалар туралы ізденістер жасауды тапсыру арқылы 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіндегі мұ-
ражай материалдарымен танысу, талдау, қазақ тіліндегі көне 
сөздер мен атауларды білгізу сияқты жоба жұмыстары студент-
тердің ерекше ынтасымен, ықыласымен орындалды. 
Осымен бірге, қазақ тілінде ер адам мен әйел адамның 
сөйлейтін сөздерінің лексикалық тұрғыдан айырмашылық бола-
тынын танытуда, студенттерді белгілі бір тақырыптарға жоба 
жұмыстарын орындауға қызығушылығын
туғызған фактор болды. 
Жалпы, ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында ерекше даму 
қарқынына ие болған гендерлік зерттеулер қазақ тіл білімінде де 
орын алып келеді. Ал қазақтың тәрбиелік мұрасында келіннің 
келіп түскен жердегі адамдардың атын атамауы ұлттық ділдің 
бір қыры екенін көрсетеді.


Алғашқы сабақта осындай бір мысалды үлгі ете отырып, 
студенттерге қазақ ауыз әдебиетіндегі әйел лексикасын тапқызу 
үшін арнайы ізденім жұмыстарын орындату да - қазақ тілін 
оқыту әдістемесінің болашақтағы жаңа арнасын таныта алады. 
Студенттерге мынадай тапсырма берілді: «Қазақ халқында 
мынадай бір аңыз бар. Бір елге жас келін түсіпті. Бір күні ол 
келін су алуға өзеннің жағасына келеді. Ол жерден жас келін бір 
оқиғаны көріп қалып, үйіне жүгіріп келіп, бір нәрселерді алып, 
тез кері қайтып барады. Біраз уақыттан соң екі білегі қанға 
боялып қайтып келеді. Оның алдынан шошып шыққандарға жас 
келін былай дейді: 
Сарқыраманың ар жағында, Сылдыраманың бер жағында, 
Маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен. Үйге кеп білемені жана-
маға жанып-жанып ап, Ұлыманы бауыздап сойып ап, Терісін 
әкеле жатырмын». 
1-
 
тапсырма.
Берілген әңгімедегі атаулардың сипатына 
қарай отырып, олардың шын аттарын қалпына келтіріңдер. 
Ерекше бір ассоциациялық сөздік жасаңдар. 
2-
 
тапсырма.
Жас келін неліктен осылай сөйледі деп ой-
лайсыңдар. 
3-
 
тапсырма. 
Әйелдің арнаулы
лексикасы туралы гендер-
лік зерттеуші ғалымдардың пікірлерін іздестіріңдер. Өз ойла-
рыңды салыстырып, түйінді пікірлеріңді айтыңдар.
Осы тапсырма бойынша орындалған бір жұмыстың үлгі-
сінен кесінді өрнектер келтірелік.
ЖОБА ЖҰМЫСЫ 
«ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ ҚҰПИЯ ТАБИҒАТЫ немесе ТҮСІНШІ МЕНІ
»
(Орындаған: Қаплиева Сәния. Тарих факультеті, 2-курс.) 
ЖОБА ЖОСПАРЫ: 
1.
«Әйел – ерекше жаратылыс. 
2.
Қазақ әйелі - ерекше табиғат иесі. 
3.
Бұрын осылай болған. 
4.
Келіннің көрегендігі немесе осы елге қалай да сіңу 
керек!!! 
5.
Ерекше СӨЗДІК. 


6.
Қазіргі қазақ қызы, қазақ келіні, қазақ әйелі: қиял мен 
шындық». 
Осы жоспардан көрінгендей, студенттердің қазақ тілін 
меңгеруі барысында қызықтырған тақырыптарының ішкі маз-
мұн байлығына өздерінің интеллектуалдық даму деңгейіне сай 
тереңдей беретіні байқалды. Тақырыптың өзін Сәния «Түсінші 
мені» деп атап тұр. Мұның өзі ақылды әйелдің түсінгенін кез 
келген ер адам да түсіне бермеуі мүмкін екенін көрсетеді. 
Жоба жұмысын тұтастай бермей, соның ішіндегі маңызды 
4-5 тұсын ғана алып отырмыз: 
«4. Келіннің көрегендігі немесе осы елге қалай да сіңу 
керек!!! 
Біздің ата-бабаларымыздан қалған
ұзатылған қызға ай-
тылатын мынадай нақыл сөз бар

«Барған жеріңе судай сіңіп, 
тастай бат!» Менің түсінігімше, қыз бала келін болған соң, ар-
тына қарайлай бермей, келген елімен бірігіп кетуі керек. Ал 
қайын жұртының тура атын атамай, жанама атпен атауы – 
келіннің қаншалықты ақылды, байқағыш, интеллектуалды еке-
нін білдіретін амал болуы мүмкін. Сондықтан мына аңыздағы 
келін осы елге «судай сіңіп, тастай бату» үшін, ерекше бір 
СӨЗДІК қолданғаны қызықтырады». 
1.
ЕРЕКШЕ СӨЗДІК: 

«Сарқырама»
(не сарқырайды?)
– ӨЗЕН. Келіннің бір 
қайын туысының аты Өзенбай болған шығар. 

«Сылдырама» 
(не сылдырайды?)
–- ҚАМЫС. Келіннің 
бір қайын туысының аты
- Қамысбай. 

«Маңырама» 
(не маңырайды?)
–- ҚОЙ. 
Келіннің бір 
туысының аты - Қойшыбай. 

«Ұлыма» 
(не ұлиды?)
– ҚАСҚЫР
. Келіннің бір туысы-
ның аты -Қасқырбай. 

«Жанама» 
(неге жаниды?)
– ҚАЙРАҚ.
Келіннің бір
туысының аты - Қайрақбай. 

«Білеме» (нені білейді?) ПЫШАҚ, ҚАНЖАР. Келіннің 
бір туысының аты
Қанжарбай немесе Пышақбай
болуы мүмкін». 
Қазақ тілін гендерлік аспектіде оқыту – болашақта қолға 
алынатын ерекше әдістеме, бірақ жобалай оқыту технология-
сында бұл бағыт студенттерде ерекше бір серпін туғызған бо-


латын. Сондықтан жобалай оқыту технологиясының қамтитын 
саласы да, бағыты да осылай молая береді деп санаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет