А. А. Сатбекова


ҒЫЛЫМИ-ІЗДЕНІСТІК ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ОНЫ



Pdf көрінісі
бет27/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

ҒЫЛЫМИ-ІЗДЕНІСТІК ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ОНЫ 
ІСКЕ АСЫРУ АМАЛ-ТӘСІЛДЕРІ 
Ғылыми-ізденістік жобалардың түрлеріне зерттеу, шығар-
машылық, пәнаралық, т.б. жобалар жатады. Оларды аралас жоба 
типтеріне жатқызуға да болады. Өйткені жобаның бұл түрле-
рінде жалпы жобаға тән барлық элементтер қатар қамтылатын-
дай мүмкіндік мол. Жобаның қандай типімен жұмыс істелсе де, 
онда әр түрлі әдістер, әсіресе, зерттеушілік әдіс міндетті түрде 
қолданылып, негізгі орынды иемденеді. Бұл әдіс тілді меңгерту 
үдерісінде дербес те, жобалай оқыту технологиясының құра-
мында да қолданылады. Өйткені зерттеушілік әдіс жалпы білім 


берудің басты міндеттерін орындауға қолайлы әдістің бірі және 
ол жалпығылыми әдіснамалық тұрғыдан қарастырылады. Жоба-
лай оқыту технологиясының ауқымында алынатын ғылыми-із-
деністік бағыттағы басты мәселелердің мәні: 
-
студенттің зерттеушілік әрекетінің мақсатын айқындау-
дан; 
-
зерттелетін проблеманы ұсынудан; 
-
проблеманы шешудің тиімді жолдарын көрсететін бол-
жамдар жасаудан; 
-
ақпараттар жинауда, оларды өңдеуде, проблеманы бө-
луде, талдауда толық қатысып, жан-жақтылықта қамтылудан кө-
рінеді. 
Ғылыми-ізденіс жұмыстарында, негізінен, студенттердің 
танымдық әлеуетін көтеруге, олардың лингвоелтанымдық мәде-
ниетін дамытуға теориялық тұжырымдар мен қағидаларды 
орынды қолдана алу дағдыларын дамытуға басымдылық бері-
леді.
Енді осы топтағы жобалай оқытудың ішкі түрлеріне жеке-
жеке тоқталайық. 
Қазақ тілін меңгерту үрдісінде ұйымдастырылатын зерт-
теу жобаларының өзіндік ерекшеліктері бар. Мұндай жобаларды 
студенттерге ұсынар алдында оқытушы мына мәселелерді анық-
тап, өзара сабақтастыққа негізделген жүйесін белгілеп алады: 

 
жобаның мақсатын; 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет