А., Абуова Ф. У. Конденсирленген күй физикасы астана 2011



бет112/126
Дата08.02.2022
өлшемі17 Mb.
#123337
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   126
Байланысты:
Пособие по ФКС каз.окон
Пособие по ФКС каз.окон, Экзамен ПРЯ 4 вариант осень, 2021-2022
Изотроптық
Изотропность
Isotropy
Ортаның қандай да бір қасиетінің бағытқа тәуелсіздігі.
Булану
Испарение
Evaporation, exhalation, vaporization
Заттың конденсирленген (қатты немесе сұйық) фазадан газ тәрізді (бу) күйге өтуі; бірінші текті фазалық ауысу. Қатты дененің булануы сублимация деп аталады, ал сұйық көлеміндегі булану процесі қайнау деп аталады. Әдетте булану деп температурасы қайнау температурасынан төмен сұйықтардың молекулаларының жылулық қозғалысының нәтижесінде оның еркін бетінде булардың пайда болу процесін атайды.
Кла́стер
Кластер
Cluster (ағыл. cluster - шоқ, топ, үйір)
Бір-бірімен байланысқан және өзара жақын орналасқан көптеген атомдардан, молекулалардан, иондардан тұратын жүйе. Кластерлер ван-дер-ваальс молекулалары мен ультрадисперстік бөлшектер арасындағы орынды алады. «Кластер» түсінігі әлі нақты анықтамаға ие емес.
бос орындық (вакансиялық) кластер / кластер вакансионный/ vacancy cluster бос орындардың кездейсоқ соқтығысы нәтижесінде пайда болады және жаңа бос орындардың қосылуынан вакансиялық кеуектерге дейін өсе алады.
магиялық кластер / кластер магический (магический островок) / magic islands атомдардың мөлшері кейбір «магиялық» сандарға сәйкес келетін кластер. Ол реттелген периодтық құрылымды түзеді және тұрақтылығы жоғары болып келеді.
түйінаралық кластер / кластер междоузельный/ interstitial cluster кездейсоқ соқтығыстар нәтижесінде әдетте каскадтың ығысуының перифериялық учаскісінде краудиялық механизмі бойынша пайда болады.
қоспалық элементтердің кластері / кластер примесных элементов /impurity element cluster, residual element cluster қатты ерітіндінің ескіруі кезіндегі аса қанығуының ыдырауының бастапқы кезеңдерінде түзіледі.
нанокластер / нанокластер / nanocluster 1 – 10 нм өлшемдегі кластерлік түзілістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет