А., Абуова Ф. У. Конденсирленген күй физикасы астана 2011



бет114/126
Дата08.02.2022
өлшемі17 Mb.
#123337
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   126
Байланысты:
Пособие по ФКС каз.окон
Пособие по ФКС каз.окон, Экзамен ПРЯ 4 вариант осень, 2021-2022
Кристалл (кристалдар)
Кристалл (кристалы)
Crystal (гр. krystallos, бастапқы мағынасы — мұз)
Үш өлшемді периодтық атомдық құрылысымен, атомдардың орналасуындағы қашық реттілігімен, және де тепе-теңдік шарттарда түзілгенде дұрыс симметриялық көпжақтардың табиғи формасына ие болуымен ерекшеленетін қатты денелер.
квазикристалл / квазикристалл / quasicrystal — кристалдық торды құрамайтын атомдардан тұратын, бірақ түсуші сәулені когерентті шашырату қабілетінен байқалатын алыс координациялық реттілікке ие қатты дене.
идеал кристалл / идеальный кристалл/ perfect crystal құрамында қоспасы және құрылымдық ақаулары (вакансия, түйінаралық атомдар, дислокация және т.б.) болмайтын шексіз монокристалдан тұратын физикалық модель.
иондық кристалдар / ионный кристалл/ ionic crystal — атомаралық байланысы иондық (электростатикалық) сипаттағы кристалдар; олар бір атомды, немесе көп атомды иондардан тұруы мүмкін.
молекулалық кристалдар / молекулярные кристаллы/ molecular crystal — бір-бірімен әлсіз ван-дер-ваальс күштерімен немесе сутектік байланыстармен байланысқан молекулалардан тұратын кристалдар.
жіп тәрізді кристалдар / кристаллы нитевидные / whisker, filamentary crystal — бір бағыттағы өлшемдері басқа бағыттарға қарағанда әлдеқайда үлкен болытан монокристалдар.
паракристалл / паракристалл / paracrystal — араласа орналасқан кристалдық және аморфтық облыстары бар молекулалық кристалл.
поликристалл / поликристалл / polycrystal — кейде дұрыс емес формасы үшін кристалиттер немесе кристалдық дәндер деп аталатын, қандай да бір заттың ұсақ кристалдарының агрегаты. Көптеген табиғи және жасанды материалдар (минералдар, металдар, қорытпалар, керамикалар және т.б.) поликристалдар болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет