А., Абуова Ф. У. Конденсирленген күй физикасы астана 2011



бет60/126
Дата08.02.2022
өлшемі17 Mb.
#123337
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126
Байланысты:
Пособие по ФКС каз.окон
Пособие по ФКС каз.окон, Экзамен ПРЯ 4 вариант осень, 2021-2022
9.1-сурет. Кронинг-Пенни (а) моделіне сүйеніп жалған потенциалдық энергия түрі және энергия шкаласы бойынша E энергиясының рұхсат етілген мәндерінің таралуы (б).

Мұндай потенциалдық шұңқырдағы электрон үшін Шредингер теңдеуі жуық әдістермен шешілуі мүмкін. Нәтижесінде электронның E энергиясы барлық мәндерді қабылдамауы мүмкін екендігі шығады, нақтырақ E шкаласында энергияның рұхсат етілген мәндері бар бөліктер және энергияның тыйым салынған мәндері бар бөліктері болады (9.1-суретті қара). E шкаласындағы E-нің рұхсат етілген мәндері жоқ аралықты тыйым салынған энергетикалық аймақ (немесе тыйым салынған энергетикалық жолақ) деп аталады, ал E-нің рұхсат етілген мәндері бар аралық рұхсат етілген энергетикалық аймақ (немесе рұхсат етілген энергетикалық жолақ) деп аталады.


Егер тосқауылдар олар арқылы электронның туннелденуін ескермеуге болатындай биік және кең болса, онда электронның қозғалысы туралы есеп электронның бірөлшемді ені a-b потенциалдық шұңқырдағы қозғалысына ұқсас. Электрон осы кішкентай потенциалдық шұңқырда локалданған болады («өзінің» атомындағыдай). E шкаласындағы электрон энергиясының мәндерінің таралуы 9.1(б)-суретте көрсетілген; рұхсат етілген мәндері бір-бірінен оқшауланған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет