А., Абуова Ф. У. Конденсирленген күй физикасы астана 2011


Тозуға төзімді материалдар



бет99/126
Дата08.02.2022
өлшемі17 Mb.
#123337
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   126
Байланысты:
Пособие по ФКС каз.окон
Пособие по ФКС каз.окон, Экзамен ПРЯ 4 вариант осень, 2021-2022
Тозуға төзімді материалдар. Наноқұрылымды металл материалдар әдеттегі құрылымдық күймен салыстырғанда қаттылық пен тозуға төзімділікке ие. Тозуға төзімділік және үйкеліс коэффициентінің аздығы полинанокристаллдық алмаздарды және алмаз тәріздес жамылғыларды, соынмен қатар фулерендер негізіндегі аса қатты заттарды (сфера тәріздес молекулалы FexC60) және фуллеридтерді (мысалы, легирленген фулерендер FexC60), өте жоғары қаттылыққа ие (70 ГПа) куб негізді BN, C3N4, TiC, TiN, Ti(Al,N) күрделі құрамды фуллеридтерді қолданғанда пайда болады. Ғарыш техникасы үшін өзі майланатын жамылғылар ретінде қаттылығы 20 ГПа TiB2-MoS2 негізіндегі көп фазалы және сырғанау үйкеліс коэффициенті аз наноқұрылымды жамылғылар ұсынылады. Метал наноұнтақтарды үйкелетін беттерді қалпына келтіру үшін мотор майларына және үйкелісті азайту үшін фторпластыларды қосады. Электронды техника. Кейбір наноматериалдардың (халькогенидтердің қабаттарымен үйлескен темір) магниттік сипаттамаларының жақсы жиынтығы оларды жазу құрылғылары үшін қолдануды перспективалы етеді. Магнитті-жұмсақ құймалардан жасалған қабықшалы наноматериалдарды қызметтік қасиеттері бойынша дәстүрлі материалдардан басым түсетін магниттік тасымалдаушыдан ақпарат оқу үшін қолданады. Бірқатар наноматериалдардың коэрцивті күштерінің жоғарғы мәндері оларды тұрақты магнит ретінде қолдануды перспективалы етеді. Темір атомдары қабатымен SmxCoy типті кобальтті самарилі интерметаллидтермен жабылған көміртекті нанотүстіктер магнитті сиялар мен тонерлерде қолданылады. Қиын балқитын металдар (TaC, NbC, MoC) карбидтерімен толтырылған көміртекті нанотүтіктер асқын өткізгіштер ретінде қолданылуы мүмкін. Дәнек өлшемі шамамен 2 нм Ti-C-B қабықшалар көлемдік әдеттегі үлгілермен салыстырғанда жоғары термиялық орнықтылықта резисторлар ретінде оңтайлы электр физикалық қасиеттерге ие болды. Наноөткізгіштерден «кілемшелер» түріндегі реттелген құрылымдар сенсорлар немесе жоғары айыратын экран элементтері ретінде қолданылады. Тығыздығы аса жоғары деректерді жазу құрылғылары үшін мысалы квантты магниттік дискілер үшін қуысты төсенішке алюминий оксидінен электролиттік тұндыру арқылы алынған диаметрі 50 нм Fe0,3Co0,7 алюминий наноөткізгіштен алынатын жабдықтар қолданылады( 12.8 сурет).


12.8 сурет. Fe0,3Co0,7 құймасынан диаметрі 50 нм наноөткізгіштер: а) наноөткізгішті төсеніштің жоғарыдан көрінісі, б) өткізгіштердің түрі.
a) b)
12.9 сурет. Титан оксиді нанобөлшектерінің негізіндегі жамылғы: а) бет құрылымы, б) өсімдік майымен, дистилденген су немесе қорғаныш қабатты цементті плитаның спиртті ерітіндісімен төменгі жұққыштықты демонстрациялау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет