А., Абуова Ф. У. Конденсирленген күй физикасы астана 2011


Бөлім. Кристалдардағы ақаулар



бет32/126
Дата08.02.2022
өлшемі17 Mb.
#123337
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   126
Байланысты:
Пособие по ФКС каз.окон

6.Бөлім. Кристалдардағы ақаулар

Атомдары қатаң тәртіппен периодты түрде орналасқан кристалдар идеал кристаллдар деп аталады. Барлық нақты кристаллдардың құрамында идеал құрылымнан ауытқулар кездеседі, мұндай ауытқуларды құрылымның ақаулары деп атайды. Құрылымның ақауларын динамикалық және статистикалық деп бөлуге болады. Динамикалық ақауларға жылулық тербелістерден немесе электромагнитті өрістің кристалл арқылы өткенде атомдардың тербелістерінен туындайтын, кристалдық тордың бұрмалануын жатқызуға болады. Бұл ақаулар жақсы қарастырылған, олар атомдардың тепе-теңдік қалпына қатысты ығысуымен байланысты, олар идеал кристаллдарда да кездеседі. Осы бөлімде қарастырылатын статикалық ақаулар, кристалды тордағы атомдардың орындарының бұзылуымен байланысты, мысалы, тор түйініндегі бір атом жоқ немесе басқа түйінге орналасады немесе атомдар жинақталып кристалл ішінде үлкен ақау түзеді.


Статистикалық ақауларды пішініне қарай төрт топқа бөлу қалыптасқан: 1) нүктелік ақаулар, сызықтық ақаулар - дислокациялар; 3) беттік ақаулар; 4) көлемдік ақаулар.
Кристалдардың көптеген физикалық қасиетері ақауларға қатты байланысты. Мысалы материалдың мықтылығы мен созылмалылығы оның сызықтық, беттік және көлемдік ақауларына байланысты. Электр кедергісі негізінен нүктелік ақауға байланысты. Кристалдардың боялуы, диффузия коэффициенті, жылуөтімділігі де ақаулардың болуына қатты байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет