А., Абуова Ф. У. Конденсирленген күй физикасы астана 2011



бет34/126
Дата08.02.2022
өлшемі17 Mb.
#123337
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   126
Байланысты:
Пособие по ФКС каз.окон

6.2. Сызықтық ақаулар

Дислокация деп аталатын кристалды тордың сызықтық ақауларын тереңірек зерттеу, олардың барлық кристалды материалдардың беріктігі мен икемділігіне қатты әсер етуімен байланысты. Осы ақаулардың болуын ескермеген кристаллдардың беріктік теориясы монокристаллды және поликристаллды заттарда байқалған механикалық қасиеттерді түсіндіре алмады.


Дислокацияның типтері. Дислокацияны аймақтық және бұрандалы деп екіге бөлу қалыптасқан, дегенмен байқалатын дислокацияларда әдетте осы екі типтің элементтері бола береді. Қарапайымдылық үшін жәй кубты торды қарастырайық, бірақ алынған нәтижелер шамалы өзгерістермен басқа да типтердің торлары үшін дұрыс.
Аймақтық дислокация атомдардың ерекше орналасуымен сипатталады, 6.2-суретте қарапайым кубты тор көрсетілген. Бұл суретте 100 типіндегі екі көрші бүтін жазықтар арасына орналастырған жазықтықтың "артық жартысы" бейнеленген. Бүтін жазықтардың атомдары бір-бірімен байланыстарын қалыптастырды, бірақ енгізілген жарты жазықтықтың шетінде үлкен деформация пайда болды. Артық жарты жазықтықтың шеті арқылы өтетін сызықты аймақтық дислокация сызығы деп атайды, кейде жәй аймақтық дислокация деп те атайды. Сондықтан да дислокацияны сызықтық ақауларға жатқызады. Ол артық жарты жазықтықтың шеті орналасқан, осы жарты жазықтық әсерінен болатын кристалдық тордың күшті майысқан жері арқылы өтеді. Кристалдық тордың дислокациясы маңындағы күшті майысқан облысы 2-3 периодқа созылады. Үлкен арақашықтықта бұрмалану аз болады және оларды серпімділік теориясында қарастыруға болады.

INCLUDEPICTURE "http://fn.bmstu.ru/phys/bib/physbook/tom6/ch2/images/image2_8.gif" \* MERGEFORMATINET





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет