9.7-сурет. Заттағы энергетикалық аймақтардың толу сұлбасы
Өткізгіштер. Егер өткізгіштік аймағы ішінара толған болса, онда мұндай заттар өткізгіштер деп аталып, токты жақсы өткізеді, бұл электрондардың сыртқы электр өрісінде күйлер бойынша қайта орналасуы мүмкіндігімен қамтамасыз етілген.
Диэлектриктер. Егер өткізгіштік аймағы толық толса, онда ондағы бос емес күйлер симметрия центріне ие Бриллюэн аймағын толық толтырады; жақын бос емес күйлер келесі аймақта болады және бос емес күйлерден энергиясы бойынша шамасына, яғни тыйым салынған аймақ еніне ерекшеленеді. ретті жылулық қозғалыс энергиясы қайта топтасуға жетпейді.Сондықтан электр тогының пайда болуын қамтамасыз ететін күйлер бойынша электрондардың қайта топтасуы іске аспайды. Осылайша, толық толған аймақ заттың электрөткізгіштігіне үлес қоспайды. Мұндай заттар диэлектриктер деп аталып электр тогын нашар өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |