Ақ Алматы технологи


Технологиялық машиналарды жөңдеу жұмыстары



бет9/11
Дата11.07.2020
өлшемі213,9 Kb.
#75060
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қамыр

5. Технологиялық машиналарды жөңдеу жұмыстары

Біліктердің майысуы подшипниктердін істеншығыуының нәтижесінде немесе айналатын бөлшектердің айналмайтын бөліктерге қажалуының нәтижесінде болады. Бұл кезде білік деформацияланады.

Ақауды, айналатын бөлшекті токарь станогында кажет санылаулықты қамтамасыз ету үшін жонумен калпына келтірелі. Сондай-ақ елеулі және үздіксіз дірілдердің пайда болуы біліктің иілуіне алып келеді.

Білік мойнының тозуы, әдетте, тіректік подшипниктердің істен шығуының нәтижесінде. сондай-ақ коррозиялық жарақаттардың, сызаттар мен подшипниктік сынаны майлаумайымен келген бөгде қатты түйіршектерінің іздері калыптасудың нәтижесінде болады. Сырғанау подшипниктсрінде жұмыс істейтін білік мойны, көп жағдайда бір калыпты желінбейді. ұзына бойғы кимада конустықты қабылдайды, ал көлденең қимасы-эллипс тәрізді пішін калыптасады.

Тербелмелі подшипниктерде жүмыс істейтін білік мойны, дайындау процесіндегі отырғызылудың әлсіреуінің немесе жұмыстык пайдалану процeсінде қажалуының салдарынан болады.

Бұранданың тозуы-әдетте, ыстық ортаны тасымалдаушы насостардың білігіндегі қорғағыш қауызбен жанасу орындарында байқалады. Мұның себебі бұл, оны кұрастыру барысында майлау майымен граннтті

араластырып майланбағандықтан болады.

Біліктің сынуы, әдетте, бір диаметр екінші диаметрге өтер жерлерде болады және де онда кернеулердің жергілікті шоғырлануымен түсіндіреді, атап айтқанда артық күш әсері кезінде. Біліктің сынуы әдетте оның майысуының салдары болыптабылады.

Біліктерді тексеру және жөндеу. Білікті сыналуға тексеру агрегаттың толық бөлшектеу мен жүреді, бөлшектеуді кажеттігінің себебінсіз.

Тексеру жұмыстарын бастар алдын, біліктің кескін беттеріндегі және де оның геометриялык өсімен сәйкес келетін, центірлік саңылаулардың болуын тексереді.

Саңылаудағы елеусіз жарқаттарды егеумен тазалайды. Токарь станогы центірінің саңылаудың конустық белдгіне жағысуын бұзатын ақауларды арнайы центрлеуші бұрғының көмегімен қалпына келтіреді.

ЖСЖ жүйесінің негізгі мақсаты бұл – жабдықтың аппаттық істен шығуын алдын алу; өндіріс жоспарларымен келісілген мерзімде жөндеулерді жүргізу; жөндеуді жүргізу үшін алдын ала қосалқы бөлшектерді, материалдар мен жұмысшы күшін дайындау; жөндеу жұмыстарын дәйекті ұйымдастырудың арқасында жабдықтың жөндеуде тұру уақытын қысқарту.

Жоспарлы – сақтық жөндеу жүйесі келесі техникалық қызмет көрсетулер мен жөндеулер түрлерінің орындалуын қарастырады: жөндеу аралық қызмет көрсету; мезгілді профилактикалық тексерулер; ағымдағы жөндеу; орташа жөндеу; күрделі жөндеу.

Жөндеу аралық қызмет көрсету менмезгілді тексеруде орындалатын жұмыс мазмұны алдыңғы тарауларда қарастырылған.
 Жөндеудің бұл түрі кезінде машина толық бөлшектелініп, ақаулары анықталады, және де барлық тозған бөлшектерді ауыстыру жүреді (базалық бөлшегімен қоса). Мұнда барлық жанасатын бөлшектердің өлшем шегі мен отырғызылу шамасы, машинаға берілген техникалық шартпен анықталған мәнге келтіріледі. Сонымен қатар машина жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында, оын жаңаландыру (модернизациялау) орындалады.

Күрделі жөндеу келесі жұмыстарды қарастырады:

-          құраушы бөлшектерінің барлық өлшемдерін, сондай-ақ өлшем шегі мен отырғызылу шамасы техникалық құжаттармен анықталған мәнге келтіре отырып барлық түйіндер мен бөлшектерін ауыстыру;

-          машинаның рамасы мен станинасын өлшеп тексеру, және де іргетасты (фундаментті) жөндеу;

-          құбырларды және бөгетті-реттегіш арматураларды ревизия жасау және жөндеу;

-          автоматты бақылау және басқару құралдарын игеру және реттеу, ал қажет жағдайда оларды ауыстыру;

-          жеке бөліктерін немесе бүкіл машинаны бояу;

-          бос жүрісте және күш түсіру тәртібінде байқау, комплексі тексеру және де реттеу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет