А. Қалшабек Әдебиет теориясы



бет30/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция

Жеті буынды өлең. Академик Ф. Корш ( Корш Ф. Түрік нәсілділердің байырғы халық өлеңі. СПб., 1909. – 26 б), В. Гордлевскийлер (Гордлевский В. Түрік әніне жасалған байқаулардан // «Этнографиялық шолу». 1908. – 79 кітап. № 4. 69 б.) жеті буынды өлең – түрік тектес халықтардың ең ескі өлең түрі деген (З.Қабдолов). Профессор Ә. Қоңыратбаев: «Түркілердің жыр өлшеуі 4+3 (7), кейде 7-8 буыннан құралады» деген. А. Байтұрсынов: «Жар-жар – 13 буынды, жай өлең – 11 буынды, ескі жырлар – 7-8 буынды деген».

Мысалдар:



Ескі тарих сөздері:

Алаш, алаш болғанда, (7)

Ала тай ат болғанда, (7)

Таңбасыз тай, (4)

Енсіз қой болғанда, (6)

Алаша хан болғанда. (7)



Ақ-та-бан / шұ-быр-ын-ды /, Ал-қа-көл / сұ-ла-ма
4 3

Барар жерің, / Балқан тау,

4 3

Ол да біздің / көрген тау.



Бұланайдай / тау болмас, (7) Бұландайын / аң болмас (7).
4 3

Ұлытауға / бардың ба,

4 3

Ұлар етін / жедің бе?


М а қ а л



2 5

Көрмес / түйені көрмес

4 3

Битке пышақ / суырма
Бесік жыры

4 3


Әлди, әлди / ай бөпем
***

4 3


Айналайын / айымыз!

4 3


Алты қарын / майымыз!

4 3


Жеті қарын / жентіміз!

4 3


Шахар Бұхар / кентіміз!
Толғау

4 4

Сере, сере, / сере қар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Үш бастау ауылының 90 жастағы тұрғыны Сөлтәй Сұлтанқызынан жазылып алынған Ұлы Отан соғысы кезіндегі фольклор үлгісі:
Ән-гір-ен-нен / ат кел-ді,

Ат жал-ын-да / хат кел-ді.

А-пар-май кет-кір / қу пой-ыз,

А-пар-ып тас-тап / бос кел-ді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет