4.3. Буын
Ырғақ туралы А. Байтұрсыновтың айтқаны: «Сөздің өлең болып көңілге ұнауы – реттіліктен туатын қасиет. Сөзді айтқан кезде, сағаттың шық-шық жүргені сияқты, тамырдың бүлк-бүлк соққаны сияқты, дауысың бір түрлі ырғақ-ырғақ болады. Сағат шық-шық еткенінің, тамыр бүлк-бүлк соққанының арасы қандай бірдей болса, сөйлегендегі дауыс ырғақ-ырғағы сөзді бірдей-бірдей буынға бөледі. Сондықтан сөз табиғи негізінде қамыс сияқты бунақ-бунақ буыны бар нәрсе болып шығады. Және де сөздің буындары бір қалыпқа құйып шығарған кірпіш сияқты бірдей деп білуіміз керек».
Өлеңнің ырғақ жасайтын бөліктері мыналар: дыбыс, буын, бунақ, тармақ, шумақ, түйдек (тирада).
Достарыңызбен бөлісу: |