Повесть(орысша: повесть – әңгіме, хикая) – оқиғасы (яки құрылымы) әңгімеден күрделірек, романнан оңайлау боп келетін шығарма. В. Сорокин деген ғалым оны үлкен әңгіме яки шағын роман деген. Тредиаковскийфранцузша романды, орысша повесть деген. Қазақ әдебиетіндегі классикалық повесть – М. Әуезовтің «Қилы заман» повесі. Кейінгілерден повестің хас шебері – Оралхан Бөкеев десе болады.
Әңгіме(новелла) (итальянша: novella – жаңалық) – шағын оқиғаға құрылған прозалық шығарма. Қазақ әдебиетіндегі бұл жанрдың айшықты мысалдары ретінде: Ж. Аймауытовтың «Әнші», М. Жұмабаевтің «Шолпанның күнәсі», М. Әуезовтың «Оқыған азамат», Б. Момышұлының «Жонарқа», М. Мағауиннің «Салах-ад-диннің үкімі», О. Бөкеевтің «Жасын», т.б. әңгімелерін атауға болады.