А. Қалшабек Әдебиет теориясы


Миф ( грекше: mythos – сөз, сөйлеу) –



бет37/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция

Миф ( грекше: mythos – сөз, сөйлеу)түрі жағынан ертегі, аңызға құсайтын фантастикалық негізге құрылған шығарма. Қазақ мифтері қазір тақырыптық жағынан: ғарыш туралы (космогониялық), аңдар мен құстар туралы (этнологиялық), адамдар мен рулардың шығу тегі туралы ( генеологиялық) болып бөлініп жүр (Т. Шаңбаев).

Поэма (грекше: роіета – жанды зат, жаратылған зат) – оқиғалы (яки оқиғасыз боп келетін), ауқымды тақырыпты қамтитын, терең ой-толғанысқа құрылған өлең түріндегі шығарма. Қазақ әдебиетінде поэма жанрында жазылған теңдессіз туынды ол – М.Дулатовтың «Оян, қазақ» шығармасы.

Баллада (итальянша: ballada – билеу) – шағын оқиғаға құрылған өлең түріндегі шығарма. Қазақ әдебиетінде балладаның шебері – ақын Мұхтар Шаханов.
Көсем сөз (латынша:публицистика publicus –қоғамдық) – өз тұсындағы қоғамның ең өзекті, маңызды мәселелерін көтеріп, ел назарын соған аудару әрі оның оң шешімін табуға ықпал ету мақсатымен жазылатын көркем шығарма түрлері. «Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мұрындық болып, істету ыждаһатымен айтылады» (А.Байтұрсынов). Кейбір ұсақ эпостық жанрларды осы көсемсөз тобына қосып айтпақпыз. Олар: эссе, очерк, фельетон, памфлет, қойын жазба, шағын ой-толғаныс (философиялық миниатюра), күнделік, һашия, эпистолярлық шығарма, газеттік мақала, анекдот, т.б.

Эссе (французша:essai – сынап көру, латынның exigo – «таразыға тартып өлшеу» деген сөзінен шығады)ой-толғанысқа құрылған шағын көлемді прозалық шығарма.

Очерк – нақты дерекке сүйенген газеттік әрі әдеби жанр. Очерктің майын тамызатын шебері Әзілхан Нұршайықов сынды жазушы болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет