4-тарау. ӨЛЕҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Көркем шығарма атаулы екі түрлі кейіпте жазылады. 1) Проза (латынша: prosa – тікелей, тура айтылған сөз). 2) Поэзия (грекше: poiesis – шығармашылық). Ежелгі дүниеде көркем әдебиет поэзия деп аталған, кейіннен проза пайда болған соң поэзия екеуі бөлінді. Поэзияның ең басты ерекшелігі оның – ырғағында. Поэзиялық туындылар белгілі бір тәртіпті ырғаққа құрылады. Өлең жолдары одан соң ұйқас сөздерге құрылады. Прозада бұндай формалық шектеушілік жоққа тән.
4.1. Ырғақ
Ы р ғ а қ – қалыпты бірсыдырғы дыбыстық қайталанулар. Өлеңде үлкен мәнге ие. Ырғақсыз өлең түзілмейді.
«Ырғақ – поэзияның жүрегі», – деген әдебиет теориясын зерттеуші Е. Ысмайылов.
Қазақ өлеңіндегі ырғақ негізі – буын (акад. З. Ахметов).
А. Байтұрсынов ырғақ туралы «Әдебиет танытқыш» еңбегінің «Тіл (лұғат) әуезділігі», «Сөйлеу әуезділігі», «Өрнекті сөйлемдер», «Өлеңді сөйлемдер» деген тараушаларында айтқан. Оны ол дауыс ағымы деп атайды. Ғалымның айтуынша: дауыс ағымы өлеңді шырайландырады. Ол үшін дауыс ағымы сөзден басталып дұрыс құралуы керек. Мысалы, сөздің өңді болуы үшін дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстар қатар келуі керек. Екі дауыссыз яки дауысты дыбыстар қатар келсе, сөз онша әуезді шықпайды. Мысалы шамалы деген сөздің шанышқы деген сөзге қарағанда құлаққа жағымды естілуі шанышқының жамандығынан емес ондағы ш, қ дауыссыздарының қатар келуінен һәм сөздегі дауыстының сан жағынан дауыссыздан аз болуынан. Сондай тоқырақ болмас үшін қазақ айтқанда торы айғыр демей торайғыр, сары үй демей сарыүй деп желдіртіп кетеді. Сонда сөздегі әуез жорға боп шығады. Осылай буыннан басталған ырғақ (дауыс ағымы) бунаққа түседі. «Бунақ дегеніміз – өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы». Ары қарай әуезді ырғақ өлеңнің өн бойына тарайды. Яғни, өлең ақырында бір дыбыстан басталып бунақ, тармақ, шумақтарды қуалап ретті бір дауыс ағымына айналады.
Яғни, өлеңдегі ең үлкен екі қасиет: мағына һәм дыбыс. Мағынада дыбыстан шығады. Дыбыс бірақ мағыналы һәм мағынасыз боп бөлінеді. Мағыналысы – сөз, мағынасызы – құры ырғақ. Мағынасыз ырғақ мағыналы ырғақты тұздықтайтын, әшекелейтін дауыс ағымына жатады. Ол оның бойында мағынадан бөлек өрнектілік қасиет болғандығынан.
Академик З. Қабдолов өлеңге былай анықтама береді: «..өлең – еркін сөйленетін жат сөздер тіркесі емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі, Абайша айтсақ, «сөз патшасы, сөз сарасы».
Л. Тимофеев былай дейді: «Корни стиха уходят в речь эмоционального типа, т.е. речь, в которой максимально повышено субьективно-эмоциональное отношение говорящего к тем или иным явлениям жизни. Стих и представляет собой предельно сгущенную, сконцентрированную, так сказать, гиперболизированную форму эмоционально окрашенной речи, где предельно ощутимы каждое слово, каждая пауза, звук и темп речи является эмоционально повышенной строй переживаний, подчеркивающий в речи все формы передачи тончайших оттенков мысли и чувств».
Өлең шығару ерте кездерде музыкаға тәуелді болған. Яғни, өлең жәй айтылып, оқылып қоймай әуенмен айтылған. Өлең оқылғанда дауыс созылып құбылып, оқылатын болған. Осындай өлең метрикалық деп аталған. Метрикалық өлең б.д.б. 8-ғасырда ежелгі грек елінде пайда болып, б.д.б. 3-ғасырда Римге көшкен. Оның ямб, хорей, дактиль, анапесть, бакхий т.б. сияқты түрлері көп. Яғни, өлең құрғақ өлең емес, ән айту сияқты болып, өлең арқауы ән болған. Өлең негізі ырғақ – әнмен құралған. Кейін заман өзгеріп, қоғам жетіліп, жазу мәдениеті дамыған соң әншіл өлең өзгеріп, енді өлең әуенсіз-ақ өлең бола бастаған. Бірақ осы кезде өлең ырғағының арқауы – ішкі буын санының бірдейлілігі мен шеткі ұйқас болды. Яғни, өлең ырғағы әнмен емес, ұйқас және буын санының бірдейлілігімен жасалатын болды. Ішкі буын һәм ұйқас арқылы ырғақ құрайтын өлең силлабикалық деп аталады. Қазақ өлеңі осы силлабикалыққа жақын. Әйтсе де қазақтың қара өлеңінің негізіне силлабикамен қатар метрикалық өлшем де жат емес.
Орыс өлеңінде ұйқас, буынмен қоса екпін де рөл атқарады. Орыс тілінде өйткені екпін құбылмалы. Ол сөздегі буынның басында, ортасында, соңында келе береді. Сондықтан ырғаққа әсер ете алады. Бұндай өлең тоникалық яки силабо-тоникалық деп аталады. Өлеңнің ұйқасқа, музыкаға да бағынбайтын тұсы болады. Оны ақ өлең дейді.
Осының бәрі әдебиет теориясы үшін керек. Өлеңді тануға керек. Әйтпесе ақын ямб, хорейсіз-ақ, силлабика яки метрикасыз-ақ өлең шығара беруі бек мүмкін. Академик З. Қабдолов айтпақшы: «Әдебиет теориясын білу – әдеби шығарма жазуға рецепт емес, сөз өнерінің құпиясын тануға кілт».
Осы жерде шабыт, рух, деген нәрселер алға шығады. Шабытты теориямен түсіндіру, оның жіліктеп ажырату әсте мүмкін емес шығар. Оның бар болмысын, стихиясын тек ақын ғана сезінер. Өйткені ақындық дегенде құдайдың өзі беретін қадір, қасиет. Ендеше бір сәт өлең жайлы, поэзия жайлы, шабыт жайлы, рух жайлы ақын болып айтып көрейікші. Ол үшін Мұқағалиға сөз берейік:
***
В жизни не знаю, в поэзий не врать!!!
...Поэзия – ғылым. Зерттеу керек. Адам өмірінің, адам жанының зерттелмеген, қалам тартылмаған несі қалды? Соны табу, соны зерттеу керек. Адам сезімін жан-жақты зерттейтін құдірет болса, ол – тек поэзия. Басқа ешқандай да ғылымның қолынан келмейтін шаруа бұл!
Бұл жыл да өтті. Жырмен басталған жыл жырмен аяқталды. Күйбеңмен, азаппен өткен өлі күндерді қойшы. Жырсыз өткен күндер мен үшін өлі күндер. Тәңірдің бұл алданышты қиғанына да құлдық. Поэзия болмаса қайтер едім? Не істер едім?! Ақынның өз мемлекеті, өз қоғамы, өз дүниесі бар. Бұл аз дүние емес. Демек, мен сол үшін өмір сүрем, сол үшін күресем. Күресем?! Кіммен, немен күресем? Өзіммен өзім бе?
Соңғы сөзді айтып өлу керек қой... Қандай сәби едім. О, Тәңірім! Түйсік бере гөр, түсінік бере гөр?!
Больница мне помогла. Там, в больничной палатке, ночью в буфете (столовая), работалось отлично.
Достарыңызбен бөлісу: |