После долгой разлуки мы встречались (с поэзией) как влюбленные. Видать, соскучились друг без друга. В течение двух месяцев (с 8 декабря 1974 г. по 24 января 1975 г.) написано около 4000 стихотворных строк. Работал по совести, не думая, возьмется ли кто-нибудь опубликовать их.
Мен өлеңді үзіп-жұлқып, орайы келгенде, кезі келген жерде жазуға әрекеттенбегем. Жоқ! Поэзия – жан бұлқынысы, бұлқыныс пайда болғанда қаламнан қол үзбей отыру керек. Кімнің қайтетінін қайдан білейін, мен өзім шабыттың бүкіл сөлін сығып алып, құр сүлдерін қалдырғанша орнымнан тұрмаймын. Аурудың аты ауру, бірақ жұмыс өте жақсы істелді. Кейде ол творчество мені бүкіл сырқаттан сауықтырып жібереді.
Өлең – ең әуелі шығармашылық, қажырлы еңбек. Азапты, жүйкеге салмақ салатын жұмыс. Оңашалануды және тыныштықты сүйеді. Егер мен ондай толғақ үстінде жарым жолда тоқтап қалсам, кейін онда ой соңынан қуалау маған қиын. Алғашқы құмарлықтан ажырап қалам.
Мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын.
Сонымен, достар, бүкіл менің жазғаным – бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Естеріңде болсын, әрбір өлеңім өз орнында тұрсын. Яғни, жылына және бойына қарай, сонан соң көз алмай оқыңдар.Сюжетіне көңіл аудармай-ақ қоюларыңа болады, ал композициясы мен архитектоникасына зер салыңдаршы. Егер мені содан таппасаңдар, онда ақын болмағаным!
***
Ия, Мұқағали рас айтады...
Достарыңызбен бөлісу: |